Т?ра?ты тіркестер (5 сынып)
БҚО, Бөкей ордасы ауданы , Ұялы ауылы Ш. Жексенбаев атындағы ЖОББМБ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Садыкова Гүлжан Маратқызы
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері (2 сағаты)
Жаттығу жұмыстары
Сыныбы 5
Сабақтың мақсаты: Берілген тапсырмаларды орындау арқылы тұрақты сөз тіркестерін табуды үйрету
Күтілетін нәтиже: 1.Тұрақты сөз тіркестерінің жасалу жолын біледі
2. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесін ажырата алады
3. Тұрақты сөз тіркесіне мысалдар келтіре алады.
Қолданылатын стратегиялар «Жүгірмелі диктант» , «Сәйкестендіру», бағалау парақтары, бас бармақ, бағдаршам арқылы бағалау.
Сабақтың басы
Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақтың ортасы
Жаттығу жұмысы
«Жүгірмелі диктант» әдісі
«Сәйкестендіру»
Бағалау
Үйге тапсырма
Рефлексия 114-жаттығу
Көкті тіреу- барлығын ұстап тұрғандай
Көкірегі күйге толу-
Көмейінен сөзі саулаған-шешен, сөзге шебер
Сүттей ұйю-ынтымағы жарасқан
Берілген тұрақты тіркестердің мағынасына қарай 4 топқа бөлу.
Қыздың жиған жүгіндей-әсем, көрікті, көркем, жинақы
Ит терісін басына қаптау-ұрысты, балағаттады, сөкті
Жүрек жұтқан-батыр, батыл, ер
Жігері құм болу-шаршау, тауы шағылу, жасып қалу, көңілі қалу
Топтық жұмыс.
1-топ 115-жаттығуӨлең жолдарынан тұрақты тіркестерді табу.
Үлгі: шоқтай қару, тіл дару, сөзге семіру,
2-топ. 116-жаттығу.Өлеңдегі қарамен жазылған тұрақты тіркестерді бастапқы қалпына келтіріп жазу.
Үлгі: қолың серме-қолын сермеу.
3-топ. 117-жаттығу. Мәтіннен тұрақты тіркестерді бір бөлек, жай сөз тіркестерін бір бөлек көшіріп жазыңдар.
Үлгі: 1. Тума дарын, күміс көмей, қылыштың жүзіндей.
2. Арнаулы мектеп, әділ төрелік, ақылгөй қария, тура билік.
4-топ. 118-жаттығу. Мәтіннен тұрақты тіркестерді теріп жаз. Кенен кім? Қазақтың қандай халық композиторларын білетіндеріңді айтыңдар.
«Аквариум» стратегиясы арқылы топтар берілген жаттығулардың орындалуын түсіндіреді.
1-топ.
Оқуға бар ынта-жігеріңді сал. Сенің бойыңа сол жарасады.Жатып ішер, арам тамақ болма! Ой жалқаулығын жек көр.
Ойсыз, кітап оқусыз, ақыл-ой еңбегінсіз өткен күн-босқа өткен күн.
Білімнің қайнар көзі, сенің рухани байлығыңның қайнар көзі-кітап. Өз кітапханаңды жасақтап ал. Кітапты бір оқып қана қоймай, оны қайталап та оқып көр.
2-топ. Мына сөздердің қайсылары тұрақты тіркеске жатады? Ойларыңды дәлелдеңдер.
Ақ халатты абзал жандар, дала кемесінің капитаны, былғары қолғап шебері, адам жанының инженері, мектептің жүрегі.
Қас-қабағын аңдиды, қолы ұзын, жүрегінің түгі бар, көзі ашық, ит арқасы қиянда, түйе үстінен сирақ үйту.
3-топ. Антонимдік қатары бар тұрақты тіркестер жазу.
4-топ. Синонимдік қатары бар тұрақты тіркестер жазу.
Берілген антонимдік қатары бар тұрақты сөз тіркестерін сыңарына сәйкестендіру.
Бағалау парақшасы
123-жаттығу.
«Кеме» рефлексия
Пәні : 5-сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Кірме сөздер
Сілтемелер: Қазақ тілі оқулығы, Алматы «Атамұра» баспасы 2015ж, Блум таксономиясы,СТО технологиясы.
Сабақтың мақсаты: Кірме сөздер туралы түсінік бере отырып, олардың қай тілден енгенін ажырата білуге үйрету..
Күтілетін нәтижелер:
Кірме сөздер туралы біледі
Берілген тапсырмалардан кірме сөздерді ажырата алады.
Тақырыпқа өзіндік қорытынды жасайды.
Оқыту нәтижелері: Белсенділіктері, қызығушылықтары артады;
Бір-бірімен пікір алмасады;
Қорытынды шығарады.
Жаңа сабақ Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап, аралас-құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, моңғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген. Керісінше,басқа тілдерге қазақ тілінен де көптеген сөздер енді. Мәселен, араб, парсы, тілдерінен енген адам, әлем, ғылым, қоғам, білім, мектеп, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, емтихан, тәрбие,емле т.б. сөздердің тілімізге сіңісіп кеткені сондай, бұларды өзге тілден енген деудің өзі қиын. Моңғол тілінен ел билеуге байланысты ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық сөздері, жер-су атауларына қатысты Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай т.б. атаулар кірді.
Ал орыс тілінен қазақ тіліне жәшік, кереует, бөтелке, бәтеңке, шәйнек, сіріңке, кәмпит, тәрелке, сөмке, тұрба және т.б.
Орыс тілінен енген термин сөздер өзгеріссіз қалпында қолданылды: телефон, телеграф, автомобиль, т.б. Қазақшаға аударылғандары: самолет-ұшақ, вертолет-тікұшақ, коллектив-ұжым, аэропорт-әуежай, аддрес-мекен-жай т.б.
Түйінді идеялары: Кірме сөздер дегеніміз- тілімізге басқа тілден енген сөздер.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Топтық жұмыс, талдау жүргізу, қарама - қарсы шабуыл, сыни тұрғыдан ойлау, жүгіриелі диктант, диалогтік оқыту, сұрақ қою техникалары.
Сабақтың көрнекілігі: Маркер, қағаздар, оқулық, слайд.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, этнопедагогика, орыс тілі.
Кезең Мұғалімнің әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып, сыныпқа ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Шаттық шеңбері
«Жүректен-жүрекке» тренингі арқылы жылы лебіздерін білдіреді. Қима қағаздардағы сөздердің мағынасына қайрай 3 топқа бөлінеді.
Басталуы Үй тапсырмасы. Өткен тақырыптарды пысықтау «Қарама - қарсы шабуыл» әдісі бойынша ашық сұрақтар
Қызығушы-лықты ояту
І Білу Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына сөзжұмбақты шешу арқылы анықтайтын боламыз.
Сөзжұмбақ «Кірме сөздер»1. Жаңа сөз (кеден)
2.Жаңа сөз (өскін)
3. Көнерген сөздің бір түрі (архаизм)
4. Әдет-ғұрыпқа байланысты архаизмді табыңыз (барымта)
5. Қару-жараққа байланысты тариха сөз (жебе)
6. Әдемі, сұлу, ажарлы сөздері қандай сөздер? (синоним)
7.Дүниеден озды, ажал құшты сөздерінің дисфимизмі (өлді)
8. «Қорқу» сөзінің тұрақты тіркесі (зәресі ұшу)
9. Сыпайы сөздерді дөрекі жеткізу қалай аталады? (дисфемизм)
10. «Жүрек жұтқан» тіркесінің мағынасы (ер)
11 . «Шешек» ауруының екінші атауы (қорасан)
Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты ашады.
ІІ Түсіну « Жаттығулар жұмысы»
1-топ.173 жаттығу. Мәтіннен араб, парсы тілінен енген сөздерді тауып жазыңдар.
2-топ. 174-жаттығу. Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді тауып, олардың мағынасын ашыңдар.Аспан әлеміне байланысты қандай сөздерді білесіңдер? «Жұлдыз-жорамалға сенеміз бе?» деген тақырыпта пікір алмасыңдар.
3-топ. Мәтіндегі шетел сөздерін жазыңдар. Егер олардың баламалары болса, жақшаға көрсетіңдер. Мәтіннен омонимдес мағынаға ие бола алатын сөздерді тауып, оны сөз тіркестері арқылы дәлелдеңдер.
Жаттығу жұмыстарының ішіндегі кірме сөздерді табады
ІІІ Қолдану А деңгейлі тапсырма.
«Білім-теңіз, мектеп-кеме» ойтолғау жазу
Жасақ, Тарбағатай, Қордай сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
В деңгейлі тапсырма
Мына кірме сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құраңдар: білім, адам, құн, талап, сабақ, самауыр, телефон
С деңгейлі тапсырма
Берілген суреттерге қарап сөйлем құрастыр.
Мектеп, білім, тәрбие тақырыптарына мақал айтыңыз.
Сергіту сәті «Ертегілер әлемі» әуені Оқушылар ән әуенімен билейді, сергиді
IV Талдау
«Жүгірмелі диктант» Диктант мәтінінен кірме сөздерді тауып, қай тілден енген ажырату.
І топ.
Аса қабілетті адамдардың ендігі бір тобы-кішкентай кездерінен-ақ таңғаларлық қасиет танытатын вундеркиндтер болған. Ағылшындық Рут Лоуренс 14 жасында Оксфорд университетіне физикадан емтихан тапсырған. Университеттің барлық курсын тамамадап шығу үшін оған небары бір-ақ жыл керек болған.
(«Парасат» журналынан,34 сөз)
ІІ топ Клуб сахнасына тал шыбықтай майысқан нәзік денелі, сүйкімді қара көзді, дөңгелек ашаң жүзді, қос бұрымын иықтан асыра тастаған жап-жас қыз шыға келіп, аса бір жарасыммен иіліп көпшілікке тәжім етті. Оның бет пішінінде абыржу, асып-сасу, қысылу байқалмайды, қайта әдемі бидай өңінде нұр ойнайды.
(«Ол кім? Бұл не?» кітабынан,42 сөз)
ІІІ топ
Шалкиіз-көбі мақалға айналып кеткен талай афоризм сөздердің авторы. Көзі жіті жырау өзінің айтпақ ойын неғұрлым өткір, неғұрлым діл бере алатын сөздерді іріктеп қолданады. Осының нәтижесінде Шалкиіз сахара жыршылары үшін қолға түсе бермейтін қасиет-аз сөзге көп мағына сыйғызу искусствосына ие болған.
(М.Мағауин,42 сөз)
Оқушылар мәтіннен бір-бір сөзден кезекпен тақтаға жазады.Үш топ бірін-бірі тексереді.
V Жинақтау
«Кірме сөздерді» топтастыру.
Моңғол, араб, парсы тілінен енген сөздерді топтастырады.
VI Бағалау «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Оқушылар бүгінгі тақырып туралы ойларын айтады
Келесі тапсырма (үйге тапсырма) Кірме сөздерді жаттау, 179-жаттығу Формативті, суммативті бағалау Бағалау парақшасы арқылы өз-өздерін бағалау.
«Бас бармақ», «Қол соғу». Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды критерийлер арқылы бағалайды
Кері байланыс Оқушылар сабақта алған әсерлерін жазып, «блоб» ағашына іледі.
Тұрақты сөз тіркесі Мағынасы
Ит өлген жер Алыс
Тайға таңба басқандай Анық
Тілді үйіреді Тәтті
Көз шырымын алу Ұйықтау
Ажары кірді Көріктенді
Ат салысу Көмектесу
Аш көз Қомағай адам
Аяғы аспаннан келді Тас талқаны шықты
Бармағын тістеді Өкінді
Бауыр басу Үйрену
Бес аспап Өнерлі
Жібі түзу Дұрыс адам
Сәлемі түзу Ниеті дұрыс
Тон пішу Сырттай болжау
Таба болу Мазақ болу
Төсек тарту Сырқаттану
Түбіне жету Құрту
Тіс жармау Айтпау
Бас изеді
1. Пейілін кеңге салу
2.Жаны зәр түбіне жету
Бас имеу
Пейілі тар Төбесі көкке жету
Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей – сұлу, әдемі, көрікті, келбетті; әсем, т.б.
Ит өлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай;
Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды – ұрысты, сөкті, балағаттады.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Мақал-мәтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып саналады. Мақал-мәтелдердегі сөздердің де орнын басқа сөздермен алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен, мақал мен мәтелдің бір-бірінен
1-топ. Жүгірмелі диктант
Оқуға бар ынта-жігеріңді сал. Сенің бойыңа сол жарасады.Жатып ішер, арам тамақ болма! Ой жалқаулығын жек көр.
Ойсыз, кітап оқусыз, ақыл-ой еңбегінсіз өткен күн-босқа өткен күн.
Білімнің қайнар көзі, сенің рухани байлығыңның қайнар көзі-кітап. Өз кітапханаңды жасақтап ал. Кітапты бір оқып қана қоймай, оны қайталап та оқып көр (47 сөз)
1-топ. Жүгірмелі диктант
Оқуға бар ынта-жігеріңді сал. Сенің бойыңа сол жарасады.Жатып ішер, арам тамақ болма! Ой жалқаулығын жек көр.
Ойсыз, кітап оқусыз, ақыл-ой еңбегінсіз өткен күн-босқа өткен күн.
Білімнің қайнар көзі, сенің рухани байлығыңның қайнар көзі-кітап. Өз кітапханаңды жасақтап ал. Кітапты бір оқып қана қоймай, оны қайталап та оқып көр (47 сөз)
1-топ. Жүгірмелі диктант
Оқуға бар ынта-жігеріңді сал. Сенің бойыңа сол жарасады.Жатып ішер, арам тамақ болма! Ой жалқаулығын жек көр.
Ойсыз, кітап оқусыз, ақыл-ой еңбегінсіз өткен күн-босқа өткен күн.
Білімнің қайнар көзі, сенің рухани байлығыңның қайнар көзі-кітап. Өз кітапханаңды жасақтап ал. Кітапты бір оқып қана қоймай, оны қайталап та оқып көр (47 сөз)
Қыздың жиған жүгіндей-әсем, көрікті, көркем, жинақы
Ит терісін басына қаптау-ұрысты, балағаттады, сөкті
Жүрек жұтқан-батыр, батыл, ер
Жігері құм болу-шаршау, тауы шағылу, жасып қалу, көңілі қалу