Саба? жоспары ?аза? тілі Шартты ба?ыны??ылы саба?тас 8-сынып


Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Шартты бағыныңқы сабақтасСабақтың мақсаты: Шартты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқының жасалу жолдарын ұғындыру, өзге сабақтас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру, ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату. Білім, білік дағдыны қалыптастыру. Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап, талдау, салыстыру, сын тұрғысынан ойлау. Сабақтың көрнекілігі: Слайд арқылы көрсетілетін сызбалар, кестелер, мәтіндер, плакат.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, назарларын сабаққа аудару.I. Білімді тексеру. Үйге берілген тапсырмаларды сұрау. 1 – кеспе. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндір.2 – кеспе. Сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер қалай аталады?3 – кеспе.Бағыныңқы, басыңқы сөйлем дегеніміз не?4 – кеспе. Сабақтас құрмаластың түрлерін ата?Үйде жазуға берілген сабақтас құрмалас сөйлемдерді тексеріп, оқыту. Жаңа сабақ: Шартты бағыныңқы сабақтас. Мысалы:  Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?                                                                                                               (М.Ә)2. Ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме? 3. Тапсырманың берілуін түсіндіріп алмайынша, сауатты орындау мүмкін емес.4. Александр Андреевич үндемей қалғанда, жақсы көретін жолдасының бір мінін бетіне айтуды ойлап отыр екен. (Ғ.М)Сұрақтары: Қайтсе? Қайтпей? Қайтпейінше? Қайткенде?Шартты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:1. Етістіктің шартты рай түрінен болады.2. – й жұрнақты көсемшенің болымсыз түрінен.3. Етістіктің болымсыз түрінен – йынша, - йінше жұрнағы жалғану арқылы. 4. Есімшеге жатыс септігінің жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Біз сабақтас құрмаластың алты түрі бар дедік. Шартты бағыныңқы сабақтастың баяндауышы ғана шартты райдың – са, – се жұрнағы арқылы жасалмайды екен. Қарсылықты бағыныңықы сабақатас, мезгіл  бағыныңқы сабақтас, мақсат бағыныңқы сабақтастардың баяндауыштары да шартты райдың – са,  – се жұрнағы арқылы жасаладыII.Білімдішыңдау.Балалар, алған білімімізді шыңдау үшін жаттығу жұмыстарын орындаймыз. Сөйлемдерді сызбаға түсіріп, жасалу жолдарын анықтау
1. ----------,---------- тигізбейінше,----------.
2. ---------- қарасаң,----------.
3. ---------- берілмесе,----------.
4. ---------- жарыспай,----------.
125-жаттығу. “Сызбаны сөйлет”
1. ---------- өтінсе,----------.
2. ----------алмай, ----------.
РАФТ әдісімен ойтолғау жазу.
Р- Тіл жанашырлары
А- халық
Ф- үндеу
Т- Ана тілі – ұрпақ тілі
IV. Біліммен ой сергіту.Оқушылардың тапқырлығын, кімнің ойы жүйрік екеннін сұрақтар қою арқылы байқау. 1. Құрмалас сөйлем кемінде неше жай сөйлемнен жасалады?2. Салалас пен сабақтас құрмаластың айырмашылығы неде?3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы кез – келген сөз табынан бола бере ме?4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын ата.5. Шартты райлы етістіктен болған сөйлемдердің барлығы шартты бағыныңқы сабақтас бола ма?6. Жұмбақ. Бетің кір – кір деген соң,                      Қарап едім ұрлана.                     Мен сияқты ішінен,                      Шыға келді бір бала.Жұмбақты қара сөзге айналдырып, сабақтас құрмалас сөйлем жасау. 7. Сөйлем құру. 8. Алдыңғысы соңғысына ереді, Тиянақты жағы тірек болып келеді.  Бұлай байланысқан сөйлемдерде Қайсысының мағынасын Қайсысы ашып береді?Ү. Сабақты қорыту.
Білімдерін тексеру: дұрыс жауабын табады
Сабақтас құрмаластың баяндауышы тиянақты бола ма?
Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы көсемше арқылы байланыса ма?
Сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқысы бірінші тұра ма?
Сабақтас құрмаластың баяндауышы тең дәрежеде байланыса ма?
Иә/ЖоқҮІІ. Үйге тапсырма
126-жаттығу. Мәтіннен шартты бағыныңқы сабақтастарды тауып, жасалу жолдарын түсіндіру.
Ереже жаттау.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.
1 – кеспе. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндір.
2 – кеспе. Сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер қалай аталады?
3 – кеспе.Бағыныңқы, басыңқы сөйлем дегеніміз не?
4 – кеспе. Сабақтас құрмаластың түрлерін ата?
Жұмбақ. Бетің кір – кір деген соң,                      Қарап едім ұрлана.                     Мен сияқты ішінен,                      Шыға келді бір бала.
Жұмбақ. Бетің кір – кір деген соң,                      Қарап едім ұрлана.                     Мен сияқты ішінен,                      Шыға келді бір бала.
Өзге емес , өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...
Аманжол - Рахымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
Көрінер көлеңкесі келбетімде,
Қай жерде үзіледі қайран сапар,
Түйін боп өмірімнің бір шетінде.
Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,
Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ.
Немесе бастармын ба екінші өмір,
Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап.
Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім,
Көре алмай көп жеріңді мен кетемін.
Арпалыс ала құйын заманалар
Арбасып тұрып алды, мен не етемін.
Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,
Көп күттім, көп тіледім құмарлана.
Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
Алыстан көрінгенмен мұнарлана.
Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап.
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,
Ізімді табарсыңдар әзер іздеп.
Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды,
«Досың да,туысың да біздерміз» деп.
Ризамын туғаныма адам болып,
Өкінбен қаламын деп бір күн солып.
Адамзат сапарының мейманымыз,
Бір мезет жер бетіне кетер соғып.
Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы ,
Көруші ең құбылысты қай – қайдағы.
Япырмай,сен де бір күн сөнермісің,
Қап – қара түнек болып маңайдағы.
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп,
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
Барым да, бақытым да осы өлеңім,
Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім.
Өмірге келгенім жоқ бостан – босқа,
Мен қайтып , босқа жасап , босқа өлемін.
Гүрілдеп жалын атқан кеудем – көрік,
Сөз соғам құлашымды еркін керіп.
Суарып шынықтырам күйге малып,
Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.
Құя алман үгітілген балшық өлең,
Көңілімде көл жасаман тамшыменен.
Серінің семсеріндей сертке таққан
Өлеңнің өткірін бір алшы менен.
Ежелден ерке бұлан Қасым едім,
Бұлқына тасып едім, басып едім.
Жүзім – жаз , көңілім - көктем кең пейілді,
Жақсының жүрегіне ғашық едім.
Сөзім жыр, лебізім – күй ерке едім,
Өз жерім, өз елімде еркеледім.
Өмірдің алтын сарай аспанына
Қиялым қақты қанат ерте менің.
Кең жайдым құлашымды дүниеге,
Білдім мен қайғыра да ,сүйіне де.
Әйтеуір әрі – сәрі болғаным жоқ,
Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде...
Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан,
Сый көрді не бір сараң мол
Қасымнан Жолдастың жүзін қайта алдым жинап,
Айрылсам ала көңіл он досымнан.
Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын.
Боламын ақын Қасым әлі де мен,
Өлеңін бөбегіндей әлдилеген.
Қанатын қағып жылдам келер жылдар,
Бәрін де қарсы аламын ән – күйменен.
Бір күні от өмірім қалса өшіп,
Қайран ел, туған жерден кетпес көшіп.
Торқадай жамылып ап топырағын,
Жатармын өз жерімде бір төмпешік.
Дариға, о дариға,шіркін дәурен,
Басымнан таярмысың бір күн дәурен.
Жалт беріп жоғалар ма нажағадай ,
Жүзіңде шалқып тұрған күлкім,дәурен.
Тоқтамас өмірімнің сағатындай,
Жүрегім енді қанша соғар тынбай.
Тыншыр ма ақтық рет бір таопынып,
Мерт болған балапанның қанатындай.
Түсірген ой сәулесін шар тарапқа,
Ақылдың алтын оты сөнген шақта.
Бұл күнде саңқылдаған сұңқар үнім.
Кетерсің судай сіңіп табиғатқа.
Сондықтан ап кел бері домбырамды,
Кеудеме күй қанаттықондыр әнді.
Берейін өмірімнен өлең жасап,
Шашайын оңды – солды сол мұрамды.
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтасың!