Шертіп ойнайтын саз аспаптары (3сынып)


Тақырыбы: Шертіп ойнайтын аспаптар
Сабақтың білімділік мақсаты:
·         әр аспаптың шығу тарихын, жасалу жолдарын, әр қайсысына тән дыбыс ерекшеліктерін ажырату;
·         есту, есте сақтау қабілеттерін арттыру;  саз сырын ұғындыру;
Тәрбиелік мақсаты:
·         эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі – музыка өнері арқылыұлтжандылыққа, адамгершілікке,қай халықтың болмасын музыка мәдениетін құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамытуСабақтың түрі: Ашық сабақ 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын элементтері, күй тыңдау, ән айту.
Көрнекілігі:  Слайдтар,  домбыра, үнтаспа.
Сабақ барысы:
  Ұйымдастыру.
Оқушылардың психологиялық дайындықтары.
Оқушы бойына ұлттық дүниетанымды халық қолөнері арқылы қалыптастыру қазіргі заман талабы. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие бере отырып, ұлттық дүниетанымды қалыптастыру идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030» халыққа Жолдауынның «Қазақстан мұраты» бөлімінде :
«Ол ұрпақ тәрбиесіне дана болады: оның саулығына , біліміне және дүниеге көзқарастың дамуына қамқор жасайды.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономикалық жағдайында жұмыс істеуге даяр болады» - делінген . Олай болса балалар бүгінгі сабағымызда барлық білген,түйгендерімізді көрсете білейік.
Үй тапсырмасы
Ұлттық саз аспаптары.Үрлеп ойнайтын саз аспаптары
Өтілген тақырып бойынша, оқушылардың дайындықтарын тексеру.
Ұлттық аспаптардың суреттері слайд арқылы көрсетіледі
Бұл  қандай аспаптар, олар туралы қысқаша баяндау.
Мұғалім: 
– Қай халықтың музыка аспаптары болмасын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен, әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, әдет-ғұрпына орайласа туындап пайда болған. Адам болмысының сөзбен жеткізе алмайтын күрделі сезімдерін сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған. Сұрақ- жауап:
-Ең алғашқы адамдар ойлап тапқан аспаптар қалай аталады?-Адамдар ол аспаптарды не үшін пайдаланды?-«Тотынама»ертегісіндегі саз бен саз аспаптарының тарихы қандай?-Қазақ халқында саз аспаптарының неше түрі бар?
-Үрлеп ойнайтын аспаптарды ата.-Сыбызғыны қалай ойлап тапқан?-Балаларға арнап қандай музыка аспаптарын жасаған?-Дыбысын аңшылар ғана естіген аспап?«Ұйқасын тап» ойыны1. Менің ағам Сансызбай, Жасады маған.......... /Сазсырнай/2.Жылаған соң інімді аяп, Жасап бердім.........../Асатаяқ/3. Тоныма орап кетіп ем Бүлінбепті............. /Жетіген/
III. Жаңа сабақ.
-Балалар бүгінгі сабағымызда шертіп ойнайтын саз аспаптарымен бастайық.
«Адай» күйі ойналып тұрады.
Слайдтан суреттер көрсетіледі.
1.Домбыра – көшпелі қазақтың көне көз шежірешісі, көпті көрген қарияның көкірек көзі, Атадан балаға мұра боп жатекен киелі аспабы.
Домбыра қағып, шертіп ойнайтын  ішекті музыкалық аспап. Қазақтың орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, перне саны да әр қилы болып келеді.
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп Қ.Мырза Әли ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз. Ұлттық аспаптардың ішін-де қазақтың жүрегіне, жан-дүниесіне жақыны да домбыра.
Домбыраның шығу тарихы туралы мәлімет:
«Ертеде бір аңшы жігіт болыпты ,сол аңшы жігіт биік таудың қиясын,қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы маралдан аулап,кәсіп етсе керек.Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңділ марал атып алады да ,маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып алып тастайды. Содан арада айлар өткенде аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса,құлағынан бір ызыңдаған дауыс естіледі.Барлап қараса,өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұщқан болу керек,қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады.Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап,жанағ жайлы дыбыс шығарады.Оның өзі бірде уілдеп,бірде сарнап,енді бірде сыңсып жылағандай болып ,аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді.Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен,бір амал жасайын»-деп ішекті үйге алып келеді де,бір аспап жасап,соған қос ішекті тағады.Содан тартып көрсе,шынында да қос ішекке тіл біткендей  сұңқылдап қоя береді. Бұл аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймады,тыңдаған жанның бәрін ұйытады.Осылайша домбыра көптің  сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.
2.Шертер аспабы- үш ішекті, шертіп ойнайтын көне аспап. Шертердің шанағы терімен қапталады. Шертерді көбіне мал бағатын бақташылар тартатын болған. Бұл аспаппен дала әншілері мен жыршылары ән айтқанда өз әндерін сүйемелдейтін болған. 
3.Жетіген-қазақтың көне музыкалық аспабының бірі. Саусақпен теріп ойналады. Жеті ішегі бар. Жетіген аспабында орындау белгілі бір даярлықты талап етеді. Себебі оның ішегі басқа аспаптарға қарағанда көбірек. Әр ішектің дыбысты шығару үшін, олардың орналасуына мән беру керек. 
4. Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң-құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінде болды. Кейін бүл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады.. 
Сергіту сәті:
 «Көңілді музыкант»ойыны Домбырада мен ойнаймын: дың, дың, дың. Қозы, лақтар би билейді: дың, дың, дың. Енді ойнаймын қобызда: зың, зың, зың. Ботақандар би билейді: зың, зың, зың. Енді ойнаймын дауылпазда: дұң, дүң, дұң. Төлдер састы, тұра қашты: дұң, дұң, дұң. 
Оқулықпен жұмыс:
Балаларға жетіген,шертер,домбыраның түрлерімен таныстыру.
Дәптермен жұмыс:
1-топ. «Жетіген» Сипаттау мәтіні
2-топ. «Шертер» Әңгімелеу мәтіні
3-топ. «Домбыра» Пайымдау мәтіні
Қосымша мәліметтер:
Түркмен музыкалық аспаптарына шертпелі дутар; ысқышпен гиджак; үрлемелі тюйдук,гопуз, дилли-тюйдук.
Тәжік музыкалық аспаптары шертпелі дутар, думбрак; үрлемелі най,карнай, сурнай, чанг(әйелдер шертіп тартатын),шертпелі сетор,пангар,ұрмалы даф.
Азербайджан музыкалық аспаптарының ең негізгілері мыналар: үрлемелі тутэк, баламан немесе балабан, зурна; шертпелі ішекті тар, саз түрлері уд, канан
 Өзбектің негізгі халық музыкалық аспаптары мыналар: ысқышпен ойналатын гиджак, сато, сетор; шертіп тартатын ішекті дутар, танбур, уд, рураб; ұрмалы чанг; үрлемелі сибизик, сурнай, карнай, буламан,қошнай, най; ұрмалы дойра, нагора, сафаиль,т.б.
 Қорытынды.Сабақты қорыта келе балаларға ұлттық саз аспаптары туралы тереңірек ұғындыру.Осы аспаптардағы ерекшелігін ВЕНН диаграммасы арқылы ажырату.
Жетіген Екеуіне тән қасиет Домбыра
7 ішекті,пішіні төрт бұрыш,
асықтары бар, Ұлттық аспап, қазақы оюлар бар,керемет әуен шығады Бірнеше түрі бар,тиегі бар, 2немесе 3ішегі бар,бұрауы бар
Ою- өрнектің 500-ге тарта түрін жасап , салт- дәстүр қалыптастырып, ырым мен тыйымға жол берген. Оюларды 5- түрге бөлген:1.Геометриялы2.Зооморфтық3.Көгеріс4.Ұласымды5.Қиял- ғажайып.Ал қазақ халқы ою- өрнекпен біте қайнасқандықтан оюларды халық арасында 8түрге бөлген. І.Көк әлеміне байланысты:1.Ай. 2. Айшық. 3.Жарты ай. 4.Жұлдыз.5. Кемпірқосақ. 6. Күн. 7.Шұғыла.II.Малға, оның денесі мен ізіне байланысты:1.Айыртұяқ. 2.Арқар мүйіз. 3.Атерін. 4.Қошқармүйіз. 5.Тайтұяқ. 6.Түйетабан. 7.Омыртқа.ІІІ.Аңға байланысты:1.Бөрік көз. 2.Бөрі құлақ. 3.Тиемшек. 4.Ит табан. 5.Ит тіс.ІV.Құрт-құмырсқаларға байланысты:1.Алақұрт. 2.Жұлдызқұрт. 3.Көбелек. 4.Құмырсқа. 5.Құмырсқа із.V.Құстарға байланысты:1.Қазмойын. 2.Қазтабан. 3. Құсқанат. 4. Құс- мұрын.VI.Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі:1. Ағаш. 2.Бітпес. 3.Гүл. 4.Жапырақ. 5.Жауқазынгүл. 6.Ирек. 7.Ирек су. 8.Өткізбе. 9.Райхангүл.10.Су. 11.Үзілмес. 12.Үш жапырақ. 13.Шиыршық.VII.Қару-құралдарға байланысты:1. Айбалта. 2.Айыр. 3.Балдақ. 4.Балта. 5.Қармақ. 6.Шынжыр.VIII.Геометриялық фигуралар тектес:1.Қосдөңгелек. 2.Қостұмарша. 3.Төртқұлақ. 4.Тұмарша. 5.Сүйір
 V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырмаДомбыра ,жетіген,шертер,адырна саз музыкалық аспаптары  жайлы материалдар жинақтау.
«№4 жалпы білім беру орта мектебі»ММ
-148590240030Ашық сабақ
00Ашық сабақ

Пәні: Ұлттық дүниетаным
Тақырыбы: Шертіп ойнайтын саз аспаптары
күні : 04.03.2016ж
3 «ә» сынып жетекшісі:Рызаханова Рая