Урок по казахскому языку на тему С?зжасамнан ?ткенді ?айталау
Пән аты: қазақ тілі
Класы: 6 «А», «Ә»
Күні, айы, жылы: 16.10.15
Мұғалім: Икласова Н.К.
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталауСабақтың мақсаты: оқушылардың сөзжасамнан алған білімдерін тереңдету арқылы, алған білімдерін жүйелеу, бекіту, қорытындылау.1. оқушылардың сөзжасам тарауынан алған білімдерін пысықтап, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.2: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, жеке жұптасып, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін, ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру;3: оқушыларды ізденімпаздыққа, өз ойын айта білуге, сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бірін-бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс бекіту сабағы,Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегияларыСабақтың көрнекілігі: жетондар, үлестермелі қағаздар, топқа бөлінетін белгілер, плакат, кестелер, түрлі-түсті қарындаштар, түрлі суреттерПәнаралық байланыс: психология, бейнелеу өнері, философияСабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.а) Амандасу
ә) Кезекшімен сұхбаттасу
Үй тапсырмасы.
1. Дара және күрделі сөздердің арақатынасы қандай?2. Жасалу жолына қарай күрделі сөздердің қандай түрлері бар?3. Біріккен сөздер деген не?4. Кіріккен сөздер деген не?5. Қос сөздің қандай түрлері бар?6. Қысқарған сөздердің емлесін түсіндіріңіз.7. Тіркесті сөздердің емлесін айтыңыздар.
72-жаттығу
Жаңа сабақ
70- жаттығу Қысқарған сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құра.
Үлгі: Биылғы жылы қысқы олимпиада БХР-да өтетін болды.
Сөзжасамды қайталауға арналған тапсырмаларды орындау
І Жұрнақ жалғану арқылы жаңа мәнге ие болған сөздерге бірнеше мысал жазу.
Үлгі: әсемпаз, өнерпаз, егінші т.б.
Туындаған жаңа сөздің біреуін қатыстырып сөйлем құраңдар
ІІ Ой сөзінен туындайтын сөздерді жазу.
Үлгі: ойшыл, ойлан, ойла,
"Ой" сөзінен туындаған жаңа сөздің біреуін қатыстырып сөйлем құраңдар
ІІІ Екі буыны да мағыналы сөз болатын атауларды табу.
Үлгі: тасбақа, баспасөз
Туындаған жаңа сөздің біреуін қатыстырып сөйлем құраңдар
ІV Қосарлану жолымен жасалатын туынды сөздер.
Үлгі: Дәрі-дәрмек, мал-жан, жора-жопсы, киім-кешек, ойын-сауық.
Туындаған жаңа сөздің біреуін қатыстырып сөйлем құраңдар
V Тіркесу жолымен жасалатын туынды сөздер.
Үлгі: он екі, ұзын бойлы,
Туындаған жаңа сөздің біреуін қатыстырып сөйлем құраңдар
VІ Екі сөзден бірігіп жасалған аң-құс атауларын тауып жазу.
Үлгі: жолбарыс, бозторғай,
Туындаған жаңа сөздің біреуін қатыстырып сөйлем құраңдар
VІІ Біл, кел, үй, бас сөздерінен түбірлес сөздер жасау.
Үлгі: Білім білек білімді білу білімділік Келіншек келін келу келер келіс
Үйшік үйлену Басшы бастық баста баспа баспана
Туындаған жаңа сөздің біреуін қатыстырып сөйлем құраңдар
Қорытынды:
Сұрақтарға жауап беру
Бағалау:
Үйге тапсырма.
Күрделі сөздерді қатыстырып, «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында шығарма жазу