Саба?ты? та?ырыбы: Лепті с?йлем


Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлемСабақтың мақсаты: Лепті сөйлем жайында білім беру; көңіл – күйге байланысты айтылатын сөйлемдерді басқа сөйлемдерден ажырата білуге үйрету; жазу сауаттылықтарын қалыптастыру.Сабақтың міндеттері:Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы лепті сөйлемдерді басқа сөйлем түрлерінен ажырата білуге үйрету. Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелдей білуге баулу.Оқушыларды тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Оқушылардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.Оқушыларды адамгершілікке, достыққа, ұқыптылыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру. Көркем, әрі сауатты жазуға баулу.Көрнекілігі: сызбалар, сөздер, аққала бөліктері, смайликтерСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Психологиялық кезеңІІІ. Өткенді қайталау.Сабақ барысында оқушыларға жауаптары үшін смайликтер беріледі. Сол арқылы бағаланады.«Сөйлем» сөзіне топтастыру жұмысыСөйлем↓аяқталған ойды білдіредісөздерден құраладысөйлемдегі сөздер бөлек жазыладыбірінші сөзі бас әріппен басталып жазыладысоңынан тыныс белгісі қойыладыхабарлы, сұраулы, лептіІҮ. Жаңа сабақОйын «Сәйкестендір»Өкіну -------------- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!Армандау -------- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!Бұйрық ----------- Қане, күнделігіңді берші!Ұрандату --------- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!Ү. Оқулықпен жұмыс1 - жаттығу.Сурет астында жазылған сөйлемдерді салыстырып оқы. Сөйлем түрлеріне қарай ажырат.Хабарлы сөйлем: Әкем жұмыстан келді. Ағаш жапырақтары әдемі болып сарғайған. Мақсат, бері келші.Лепті сөйлем: Алақай, Астанадан әкем келді! Қуану. Жапырақтар қандай әдемі болып сарғайған! Таңдану. Мақсат, бері кел! Бұйрық.ҮІ. Дәптермен жұмыс.Көркем жазу минуты.Қазақстан, қонақ сөздері жазылады.Тақтада орындалады.2 - жаттығу. Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгісін қойып жаз.Менің Отаным күн шұғылалы Қазақстан! Отанымыздың даңқы арта берсін! Көл жағасы қандай керемет! Біздің міндетіміз жақсы оқу! Ертеңгілік тамаша өтті!Сергіту сәті. «Көңілді үйректер» биі.ҮІІ. Ойын. «Адасқан сөздер»1 қатар берілген сөздерді дұрыс қойып, сөйлем құрап жазады.2 қатар хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырады.3 қатар сұраулы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жазады.Бүгін ауа райы жақсы екен. Бүгін ауа райы жақсы ма екен? Ауа райы қандай жақсы!Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген. (Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген бе?Алақай, мектеп ауласына әдемі гүлдер егілді!)