Презентация на тему Лепті с?йлем


Қазақ тілі8-”Б” сынып Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Д. Ахмедова Сабақтың мақсаты: Білімділік: лепті сөйлем туралы түсінік беру.Дамытушылық : сөйлем түрлерін ажырату. Лепті сөйлемдердің әр түрлі көңілмен айтылатынын ұғындыру. Сабақтың нәтижесі: 1. Лепті сөйлем туралы түсінік бере алады.2. Лепті сөйлемнің жасалу жолдарын біледі.3. Лепті сөйлемнің жасалу жолдарына мысалдар құрай алады. Қыркүйектің жиырма сегізі Сынып жұмысы Лепті сөйлем Сезімге, тасып-толқыған көңіл күйге негізделген сөйлем түрі – лепті сөйлем. Сөйлеушінің көңіл күйін (қуану, ренжу, өкіну т.б.) білдіру мақсатында айтылатын сөйлемді лепті сөйлем дейміз.Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.Кейбір сөйлемдер әрі сұрақ, әрі сезім, көңіл күйді білдіріп тұрады, ондай жағдайда леп белгісімен сұрау белгісі қатар қойылады.Мысалы: Пай-пай! Әлемде талай қызық бар деген осы да! Әлемде талай қызық бар деген осы екен-ау?! Лепті сөйлемнің жасалу жолдары Бұйыру: Тез бар! Сөйлемнің етістік формалары арқылы;–ай, -ақ, -ау, -ғой шылауларының қатысуымен;Көңіл күй одағайларының қатысуы арқылы;Көтеріңкі дауыс ырғағы арқылы; Таңдану: Ойпырмай, солай ма! Арман: Шіркін, бір көрсем-ау! Ұран: Отан үшін алға! Қуану: Алақай, жеңіс! Сескену, шошу: Ойбай, абайла! Тілек, өтіну: Тілегімді орындашы! Өкініш: Қап, әттеген-ай! Үйге тапсырма:Ереже жаттау.Аралас құрмалас сөйлемдер қатысқан сөйлемдер жазу Үйге тапсырма: Ереже жаттау. 41-жаттығу