Жай сандар мен ??рама сандар


Пәні: Математика Сынып 5 Сабақ реті 26
Сабақтың тақырыбы: §10 Жай сандар және құрама сандар
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Білімділік мақсаты: Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке тәрбиелеу
Дамыту мақсаты: Танымдымдық қызығушылықты дамыту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: ДКҚ №40 , Жай сандардың кестесін пайдалану
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу және сыныптың тазалығына мән беру
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
Сұрақтар:
1) 9 санына еселік сандар 3 санына еселік бола ма?
2) 100 алманы 3 жәшікке тең етіп салсаң, неше алма артық қалады?
3) 10 асықты 3 балаға тең бөліп берең, неше алма артық қалады?
№245 9 санына еселік санды жазу керек:
420<42*<426, 423
375<37*<381, 378
563<56*<569, 567
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
1) 1-ге және өзіне бөлінетін натуралсандарды жай сандар деп атаймыз
Мысалы: 13 және 101 - жай сандар
13 санының бөлгіштері: 1 және 13
101 санының бөлгіштері: 1 және 101
Ең кіші жай сан – 2 саны.
2 саннан басқа жай сандардың барлығы тақ сандар, сонда 2 саны ғана жұп сан
Жай сан шексіз көп.
2) Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандарды құрама сандар деп атайды.
Натурал сан Бөлгіштері Бөлгіштер саны
35
41
26
11
1
18 1,5,7,35
1,41
1,2,13,26
1,11
1
1,2,3,6,9,18 4
2
4
2
1
6
Кестедегі 35,26,18 сандары құрама сандар.
Мысалы, 8 саны құрама сан, бөлгіштері 1,2,4,8
24 саны құрама сан, бөлгіштері 1,2,3,4,6,8,12,24
3) Натурал сан 1-дің бір ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі – 1 саны.
1 саны жай сандар тобына да, құрама сандар тобына да жатпайды.
Сыныпта шығарылатын есептер:
І-деңгей №258,260,262,264, ІІ-деңгей №266,268,270, ІІІ-деңгей № 274,276
шығармашылық деңгей қиындығы жоғары есептер
Оқушыларға берілетін таратпалар мұғалімнің қалауы бойынша жасалады
І деңгей
№258
жай сандар:17,23,31,97
құрама сандар:28,36,70,96,120,185,207
№260
4=1+3 12=1+11
6=1+5 14=1+13
8=1+7 18=1+17
№262
Жай сандар қатарындағы екі тізбектес және айырмасы 2-ге тең сандар егіз сандар деп аталады.
Мысалы, 3 пен 5, 5 пен 7, 11 мен 13 сандары егіз сандар.
Жай сандар кестесін пайдаланып, 1- ден 100-ге дейінгі егіз сандарды жазыңдар:
17 мен 19, 29 бен 31, 41 мен 43, 71 мен 73 сандары егіз сандар.
ІІ деңгей
№266 жай сандарды кему ретімен: 79,53,47,19
құрама сандарды өсу ретімен: 62,99,121,129
№268 Мына сандарды екі жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу керек:
22=2*11, 35=5*7, 77=7*11, 65=5*13, 69=3*23, 119=7*17
№270 Дүние жүзіндегі екінші ұстаз , қазақтың ежелгі ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби отырарда дүниеге келіп, 870-950 жылдар аралығында өмір сүрген. Неше жай сандар бар?
877,881,883,887,907,911,919,929,937,941,947 сонымен 11 жай сан бар екен.
ІІІ деңгей
№274
1) а=7 см
P=4*7=28, 28 саны құрама сан
2) а=5 см
V=a3=53=125, 125 саны құрама сан
№276 Амалды орындау:
5856:(61·16)-3060:(51·15)=(5856:61)·16-(3060:51)·15=96·16-60·15=1536-900=636
4374:(18·81)+3680:(23·32)=(4374:81)·18+(3680:32)·23=54·18+115·23=972+2645=3617
Оқушыларды бағалау
І-деңгей «3»
ІІ-деңгей «4»
ІІІ-деңгей «5»
Сабақты бекіту: Жай сандар мен құрама сандарды оқушылардан сұрап, қайталатып бекіту.
Үй тапсырмасы: №259,261,263,265,267,269