Т?уелсіздік деп со?ады ж?регіміз Жас ?ыран?а ?абылдау сценарий


Бекітемін
Мектеп директоры:
___________ Мусин Т.Қ

Жас Ұланға қабылдау
Өткізген: Жанабаева М.Н.

2014-2015 оқу жылы
Мақсаты: Оқушылардың іс-әрекетін мектептегі тәрбие жұмысына үйлестіре  бағыттау арқылы олардың белсенділігі мен қарым-қатынас мәдениетін жан-жақты дамыту, азаматтық тұлғасын қалыптастыру.
Міндеті: Меклекеттің бүгіні мен ертеңіне жауап беретін азамат екенін таныту; қоғамдық –көпшілік жұмыстарға тарту арқылы бала бойындағы   мүмкіндіктерді ашу; отаның қорғауға дайындық; сапалы білім алуын қалыптастыру; жолдастарын, достарын қадірлеуге үйрету;
ұлттық рухты бойына сіңірген, елжанды, отансүйгіш азаматтың «мен» тұлғасын қалыптастыру
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Сіздерге арналған мерекелік концертіміз 2 бөлімнен тұрады. Ендеше Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер! 
Жүргізуші: Бүгін біз сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші: Мектеп түзел! Тік тұр! ҚР Мемлекеттік гимні орындалсын!
Жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Мусин Талғат Қайдарұлына беріледі.
 Жүргізуші: «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің туылған күні 2011 жылдың 6 шілдесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау жылында болды. Бүгін біздің мектебімізде, тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Жас Ұлан ұйымының құрамына оқушыларымыз қабылданады. Ендеше, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатын бастаймыз. Жүргізуші: Елбасы, тарихымызда мәңгі сақталатын ірі тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымызды біріктіріп, еліміздің атын асқақтатты. Президентіміздің еңбегіне бас иеміз, ақылына сүйсінеміз. Жақында бүкіл халық 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш призидентінің күнін атап өтті. Осыдан былай ол күнтізбеміздегі дәстүрлі мейрам болмақ.Жүргізуші: Елімнің атын айтсам - Қазақстан, Жерімнің атын айтсам – Қазақстан. Қойнауы қазынаңа толған мекен, Байлығымның атын айтсам – Қазақстан. 
Жүргізуші: Достықтың шамшырағын жағып біз,
Байтақ ел боп жарқыраған жарықпыз.
Биіктетер парасаттың тұғырын
Ынтымақпыз, бір мақсатты халықпыз –дей келе оқушылардың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында Жас ұлан ұйымының мақсат міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:Жас Ұлан ұйымының әрбір мүшесі:
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемелекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік гимнді жатқа айту керек.
Жүргізуші:Жас ұлан Ережесін бұлжытпай орындау;
Жүргізуші:Жас Ұланның өзге мүшелері мен олардың құқтарын құрметтеу;
Жүргізуші:Оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу;
Жүргізуші:Салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастарының арасында насихаттау;
Жүргізуші:Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету;
Жүргізуші:Топ басшысы Аңсаған бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына «Жас қырандарды» қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыруға дайындал!
Рапорт мәтіні:
«Жас ұлан» ұйымының бастауыш тобы оқушылар «Жас қырандар» қатарына қабылдауға дайын. Рапорт тапсырушы Бауыржанқызы Аңсаған
Біз- «Жас қыран»
Біздің ұран- «Біздің ел- Қазақстан
Болашағы- Жас ұлан»
Аруана:
Тойланып мың мереке, ұлыс күні,
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
Сұлтан:
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар биік ұста туынды
Жарқыратып туған жердің танбасын.
Сания:
Қына төккен, коңыр қырдың тасына,
Бастағандай көгім бүгін ашыла.
Еңсесі тік тәуелсіз ел болдық біз,
Бақыт қонды қазағымның басына.
Аңсаған:
Отан деген әрбір жүрек дірілі
Отан үшін болып келем үлгілі
Менің, сенің үмітіміз ертеңгі
Қазақстан-келешектің мекені
Дархан далам-сенің менің қуатым
Ата –бабам сақтаған жез қанатым
Салт-дәстүр, тіліміз бен дініміз
Бола бермек мәңгі менің жалауым
Ерасыл:
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда тірлік бар деген бабам,
Бірлік деп, бірге соқсын жүрегіміз!
Елдана:
Қазақстан –туған өлкем, Отаным,
Мен еліме еркелеген ботамын
Қияларға қанат қақсын деп Отан
Білем маған алақанын тосарын
Саялаған оттан да ыстық құщағың
Таза ауасын құшарлана жұтамын
Қазақстан –құт –берекем, мекенім,
Бәйтерексің, мен жайқалған бұтағың.
Карина:
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі еседі,
Менің елім- Қазақстан Отаным
Болашағы бізбен бірге өседі.
Жалғас:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімі «Жас Қырандар» қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
Жүргізуші:Салтанатты түрде ант беру рәсімі.
АНТ мәтіні:
Мен_______________ ,Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре отырып :Өз Отаным –Қазақстан Республикасының патриоты болуға.Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақта уға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін, ант етемін, ант етемін.
Жүргізуші: «Жас қыран» және «Жас ұлан» қатарына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне мектеп ұстаздарын яғни мектеп директоры Талғат Қайдарұлы, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Зайгүл Егінбайқызы, тәрбие- ісінің меңгерушісі Балғабай Кәрімұлын, химия пәнінің мұғалімі Алмагүл
Акжолтайқызы, математика пәнінің мүғалімі Сауле Оспанқызын, Мектеп психологы Маржан Болатқызын, биология пәнінің мұғалімі Бақытгүл Нұроллақызын, мектеп тәлімгері Меруерт Нуртазақызын ортаға шақырамыз!
Жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымының әні орындалсын!

Жүргізуші:Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім.Жүргізуші:Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсінБас иемін ата баба рухына.Жүргізуші:Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырапСол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрапТілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Жүргізуші:Құтықтау сөз кезегі диретордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Емершин Балғабай Кәрімұлына беріледі.
Салтанатты жиынымызды аяқтай келе, Жас ұлан ұйымының мүшелері оқуда, еңбекте, өнер және спортта, өжет те қайсар адал ұландарымыз болуға тілектеспіз. Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!