?орша?ан ортамен таныстыру. О?у іс-?рекетіні? та?ырыбы: ?ысты? киімдер


«Балбөбек» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Кужасова А.Е.
Күні:
Білім беру саласы: ''Таным''
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Қыстық киімдер
Мақсаты: қыстық киім түрлерімен (баскиім, аяқкиім, сырт киім) таныстыра отырып, ұл бала мен қыз баланың қыстық киімдерін ажырата білуге үйрету. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:қыстық киімдер бейнеленген суреттерді бояу, қолдарын жаттықтыру.
Қостілдік құрам:қыс-зима, қыстық киімдер-зимные одежды.
Қажетті көрнекі құрал: киім үлгілерін дайындау.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,ойын,түсіндірме.
Іс – әрекет кезеңі Тәрбиешініңіс - әрекеті Балалардың і с- әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері.
Достарды біз қолдаймыз ,
Қиын шақта қорғаймыз .
Біздің топта ұл –қыздар
Тату –тәтті ойнаймыз. Шеңберге тұрып, қимыл арқылы орындайды.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік Балалардан қыс мезгілінің ерекшелігі, ауа-райы туралы сұрау.
-Балалар, мына суретке қараңдаршы, суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Суретші суретте қандай қателік жіберген?
-Әрине бұл жерде суретші қателесіпті. Егер де қыс мезгілінде адамдар осылай жеңіл киініп жүрсе не болар еді?
Адамдар өздерін жақсы сезініп жүру үшін өздеріне ыңғайлы, әдемі киімдер киеді екен.
Қалай ойлайсыңдар адамға киімдер не үшін керек?
Адамдар төрт жыл мезгіліне байланысты киінеді.
Мына суретке қараңдаршы, бұл қандай киімдер?
-Бұл киімдерді кімдерге арнап тіккен деп ойлайсыңдар?
-Неліктен олай ойлайсыңдар?
Қыздар мен ұлдарға арналып тігілген, үлкен, кіші мөлшердегі тон, қыстық күртелерді көрсетіп, -«Қандай киім?»
-«Кімдерге арналған киім?»
-«Неден жасалған?» деген сұрақтар қоя отырып,қысқы киімдерде сырт киім, баскиім, аяқкиім болып бөлінетіндігін түсіндіру.
Осылайша ұлдар мен қыздарға арналған қыстық киімдер түрлері шалбар, қалың тоқыма жемпір, тоқыма көйлек, аңның терісінен тоқылған баскиім түрлері мен
аяқкиім түрлері туралы ақпарат беру.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ-топ басып,
Орнымызға барамыз.
Жұқа қолғап пен қалың тоқыма және теріден тігілген қолғапты, бессаусақты қолғаптар мен сырт киімдерді бір-бірімен салыстырады. Балалар қыс мезгілі екендігін, далада күн суық екендігін айтады.
Суретке қарап, суретшінің жіберген қателіктерін айтады.
Адамдар сырқаттанып қалар еді.
Суықтан қорғану үшін.
-қыстық киімдер.
-ұлдар мен қыздарға арнап тіккен.
-ұқсастықтары мен ерекшелігін айтып береді.
Сырт киімдер мен қолғаптардың қайсысының суықтан жақсы қорғайтынын зерттеп айтып береді.
Қимыл арқылы орындайды.
Рефлексиялық– түзетушілік Дидактикалық ойын:«Тігінші»
Ойын шарты: мата қиындыларынан қандай киім тігуге болатындығын тауып, суретте бейнеленген киімнің тұсына қоюды ұсынады.
Қостілдік құрам:
Қыс-зима
Қыстық киімдер-зимные одежды.
Балалардан бүгінгі алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрау. Ойынға қызығушылықпен қатысады.
Қайталау арқылы меңгереді.
Күтілетін нәтиже:
Білу: жалпы киімдер түрлері туралы білді.
Үйрену: қыстық киімдердің өзінің қалың, жұқалтаң болатындығын үйренді.
Меңгеру:қыстық киімді басқа маусымдық киім түрлерінен ажыратуды.