Внеклассное мероприятие по английскому языку Полиглот (5 класс)


№6 Жалпы орта білім беретін мектеп
Тақырыбы: «Полиглот»
5 сыныптар
Өткізген: Кусайнова М.А

Мақсаты:
Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету;
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту;
Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру,  мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Қадірменді оқушылар, ұстаздар!
Тамырыңды тамырсыздық індетінен қалқала
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы еске алуға қаншама.
Ауыр, әрі қасіретті болса да ...
Төрт анаға жағдай жасай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған,
Қасиетті бұл төрт ана тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес күрестердің ұлысы – деп М.Шаханов жырлағандай, халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата-дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!
Many wonderful things
Many wonderful things to hear, to see
Belong to you, belong to me!
The sun, the trees, the grass, the sky
The yellow moon that’s passing by.The blowing winds, the birds that sing
Bright autumn woods, gay flowers of spring
The cold long winter with snow so white,
The running rivers, the stars of night.Осы мерекеге арналған «Полиглот» сайысының шарты.
І. «Аламан бәйге».   ( үш пән бойынша: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі сұрақтарға жауап беру, сұраққа қай топ бірінші жауап берсе, жеңіс сол топтікі )
ІІ. «Жеті жұрттың тілін біл».    (ғибратты сөздерде түсіп қалған сөздің орысша, ағылшынша нұсқасын табу)
ІІІ. «Адасқан әріптер».  (ауысқан әріптерді орнына қойып, қазақша, орысша аудармасын айту) 
ІҮ. «Антонимдерді тап. – Найди антонимы. – Find the antonyms». (антоним сөздерді табу) Ү. «Кім жылдам?» (берілген әріптерден зат есімді тап)
ҮІ. Тапқырлық. (диаграмманы толтыру, берілген   диаграмма (қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі) бойынша әріптерді жинау)
  І. Аламан бәйге
1-топқа:
1. «Қазақ хрестоматиясының» авторы?     (Ы. Алтынсарин )
2. Autumn  қай мезгіл?   (күз)
3. 25 желтоқсан күні Ұлыбританияда қандай мерекені тойлайды? (рождество)
4. «Екінші» сөзі ағылшынша қалай?   (second)
5. Кому? Чему? Қай падеждің сұрағы?   (дательный)
6. «Бородино» өлеңінің авторы  (Лермонтов)
7. Ағылшын тіліндегі белгісіздік артиклі   (a, an)
8. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?     (3)
9. Столица Великобритании.    (Лондан)
10. Америка жалауында неше жұлдыз бар?   (50)
  2-топқа:
1. «Абай жолы» авторы?   (М.Әуезов)
2. «Summer»  қай мезгіл?   (жаз)
3. Ұлыбритания монархия ма, республика ма?  (монархия)
4. «Бірінші» сөзі ағылшынша қалай?   (first)
5. Орыс тілінде дауысты дыбыс қанша?  (6)
6. «Евгений Онегин» авторы  (Пушкин)
7. Ағылшын тілінде S жұрнағы қандай мағынаны білдіреді?  (көптік)
8. Антоним қандай сөздер?     (мағынасы қарама-қарсы)
9. Самое жаркое время года.    (Лето)
10. АҚШ-да неше штат бар?   (50)
  ІІ. «Жеті жұрттың тілін біл»
1.     Егер тілім ... болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге бүгін-ақ.
                   Ертең, завтра, tomorrow.
  2. Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі ...
                       Сөз, слова, word
  3.Асыл сөзді іздесең,
     Абайды ...  ерінбе
Оқы, читай, read
  4. Тәрбие басы - ...
              Тіл, язык, language
  5. Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр ...
Өзге тілдің  бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
           Бет, лицо, face
  6. Туған тіліне жаны ашымаған ... – жәндік
                         Адам, человек, human
  7. Ана тілін білмеген, ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген, ...   сүйіп жарытпас.
                        Халық, народ, people
8. Жүз теңгең болғанша,
Жүз ... болсын.
  Дос, друг, friend ... оттан да ыстық. (Отан – родина – motherland)
9.    ... азбайды,
Білім тозбайды. (ақыл – ум – mind)
10.   ... жоқ адам – тұзы жоқ тағам. (дос – друг – friend)
11.    ... өнері кілемде, сөз өнері өлеңде. (қол – рука – hand)
12.    Сабыр мен ... бәрін де жеңбек. (еңбек – труд – laborІІІ. «Адасқан әріптер»
Eplap  (apple)                              Rsuga  (sugar)
Kobo (book)                                Etbla (table)
Odor (door)                                 Tipan  (paint)
Nep (pen)                                    Pilup (pupil)
Eary  (year)                                 Sked (desk)
  ІҮ. «Антонимдерді тап. – Найди антонимы. – Find the antonyms»
Fast, small, tall, clean, good, big, slow, dirty, young, hot, bad, cold, beautiful, easy, ugly, difficult, short.
  Ұзын, таза, ақырын, лас, қысқа, жаман, суық, қиын, жылдам, жақсы, жеңіл, ыстық.
Ү. «Кім жылдам?»
 
A C H A I R S W
D H O U S E R I
O E S O F A W N
O T A B L E G D
R B E D N L U O
A M B O O K V W
 
B T A B L E N U
O H O U S E A I
O P E N C I L N
K D Y R W E N D
D A O R N L I O
E S K K P E N I
 
ҮІ. Тапқырлық.
   Қорытынды:  
Ана тілі – біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап бағып-қағамыз
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің солай болмақ бағамыз – дей келе, сайысымызды аяқтаймыз.
Ұлы Абайдың ХІХ ғасырдың өзінде-ақ: «Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқу-ғылымын білмек керек», - деп өзгенің тілін үйренуді өсиет еткені белгілі. Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмтылу – уақыт талабы.