Т?рбие са?аты:Жасай бер ?аза? тілім-Ана тілім.
Тақырыбы: Жасай бер,қазақ тілі,ана тілім!Мақсаты:
1.Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;2.Ана тіліне деген құштарлықты арттыру;3. Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;Көрнекі құралдар: тіл туралы мақал мәтелдер,қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына» атты үш үлкен қақпа.Барысы:
1 жүргізуші: Ана тілім, Жүрегісің анамның. Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым. Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенсіз мынау керегі не ғаламның! Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. Ел бетіне қалай түзу қараймын, Ана тілім, Егер сені білмесем.
22 – қыркүйек Тілдер мерекесі. Мерекелеріңіз құтты болсын! «Жасай бер,қазақ тілі,ана тілім!» атты ашық тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Салтанатты әнұранмен ашу.
2 жүргізуші: Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам, Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан. Туған анамды ұмытқаным емес пе, Туған тілім, Егер сені ұмытсам. Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем, Ақыл-ойым, айбатым-сен, күшім-сен! Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ, Ана тілім, Арыңа дақ түсірсем
Сүйемін туған тілді анам тілінБесікте жатқанымда берген білім.Шыр етіп жерге түскен минутымнан,Құлағыма сіңірген тыныс үнін. –деп С. Торайғыров жырлағандай бізге бесікте жатқан күннен бастап құлағымызға сіңген қандай үн? Бұл әрине, бесік жыры, бізді әлдилеген анамыздың үні, анамыздың тілі. Ән: «Анамның тілі- аяулы үні» Қойылым: Ең қымбат қазына.
Ортаға патша шығады:ПАТША: - Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін.МҰҒАЛІМ: - Сонау 5 - 6 ғасырдан бастап уақыт санына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон - Енесей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.
ҒҰЛАМАЛАР ҚАҚПАСЫ.МҰҒАЛІМ: - Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржан батырларың тілі. Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі.
Үш кемеңгер дүлдүлім,
Сақтаған ел бірлігін.
Қалың елім пір тұтар
Қасиетті үш бабам,
Тілім туралы не айтар?
Үш бидің өлеңі.
ПАТША: - Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.
Оқушылар өз өлеңдерін оқиды.
Ән: «Атамекен»
ҚАЗЫНА ҚАҚПАСЫПАТША: ашуланып - Менің кім екенімді білмейді - ау, шамасы, - деп қақпаны өзі итереді.Бәрібір ашылмайды. Ол қақпа есігін қағады, сонда арғы жағынан қағаз түседі. Нөкері ашып оқиды:Дүниеде не ащы?Дүниеде не тәтті?ПАТША: - Мұның мәнісі неде? - деп оқушылардан сұрайды.МҰҒАЛІМ: - Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз. Бүгін сол хатымыздың жауабы келді. Балалардың жауабын салыстырып көрейік. Хатты ашып оқиық.Хатта:О, хан ием!Дұрыс сөйлей білуде өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтанда тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы.(Сол уақытта қақпа ашылып, жасанды гүлдермен безендіріп жасаған бұлақ басынан «Ана тілім - қазынам» деген кітапты патша қолына алып, парақтай бастайды).
ТАНЫМ ҚАҚПАСЫПАТША: - Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен? Мына кітапта берілген мақал - мәтелді аяқтау керек.1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,Үлкен болмаса,2. Өнер алды -...3. Жіптің ұзыны, сөздің... жақсы.4. Піл күшті,Піл күшті емес,... күшті.5. Отыз тістен шыққан сөз,Отыз рулы... тарайды.6. Жүйелі сөз - жүйесін табар,Жүйесіз сөз -...ПАТША: - Ойпырым - ай! Тілдің құдіреті осы де. Балалар, сіздерге үлкен рахмет. Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.(Мұғалім патша ұлдарын қалай сынағандығын айтып береді)Әкесі 1 - ші ұлына қонаққа келеді. Тамақ салынып, ет асылады.ӘКЕСІ: - Қарағым, ана етіңнен жақсы жерінен бір кесіп берші?- Әрине, санның еті дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші, - деді- Тіс өтпейтін сіңір ғой.Әкесі 2 - ші ұлынан да осындай сый - сыяпат көреді.Содан соң 3 - ші ұлына келгенде де:- Балам еттің жақсы жерінен берші, - дейді. Тіл береді.- Енді жаман жерінен берші, - дейді. Тағы да тілден кесіп береді.ӘКЕСІ:- Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тіл кесіп бердің?БАЛАСЫ:- Ой, әке - ай, жақсы да, жаман да ұрыс - керіс, өсек те осы тілден шығады.- Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс - керіс болмас еді. «Басқа пәле – тілден».ӘКЕСІ:- Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені ұққандаймын. Енді қайтайын. Айтарым ақылыңнан ажырама, - деген екен.
Ән: «Жаса,жаса,қазақ тілім!»
Мұғалім:- Сахналау арқылы және өзіміздің өмірден түйгенімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен - ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Өйткені жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай - ақ басқа елге барғанда туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екенін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Егер сенің ана тілің де ешкім сөйлемесе халқың өшеді - осы.
Сондықтан да ақын Ахмет Жұбановтың:Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті... Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын- дей отырып, ашық тәрбие сағатымызды жабуға рұқсат етіңіздер.