У дыбысы мен ?рпі Мектепалды даярлы? тобы


У дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: У дыбысы мен әріпімен таныстыру. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: у дыбысы және әріпімен таныстыру, сөз ішіндегі ерекшелігін меңгерту.
Дамытушылық: дыбыстардың дауысты, дауыссыз екендігін ажырату. Дыбыстық талдау жасауға баланың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: балаларды тапсырмаларды бірлесіп орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, ойын әдісі
Көрнекілігі: у дыбысы мен әріпі, текшелер, үлестірмелі материалдар, аңдар суреті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Тренинг
Балалар, бүгін сабаққа ұстаздар қонаққа келіп отыр, бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Шеңбер жасап, алақан жылуы арқылы бір- бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.
Мына сұлу әлемде
Адам өмір сүреді!
Үлкен менен кішіге
Мейірімін төгеді.
Жақсы балалар, көңіл күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастайық.
-Бүгін аптаның қай күні (дүйсенбі)
-Бір жфлда қанша жыл мезгілі бар (4)
-Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс мезгілі)
II. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Ң әріпі.
- Қандай дыбыс?Дауыссыз? Осы дыбысқа қатысты сөздер айту.
-Балалар, дыбыстар нешеге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
Отан, ана, алма сөзін тақтаға жазып, қанша дыбыс, қанша әріп бар екенін айтамыз.
III. Балалар, бүгін сауат ашу сабағына жабайы аңдар да қонаққа келіпті, сендердің білімдеріңді, біліктіліктеріңді тесеруге келген екен. Олай болса, білімімізді көрсетейік. Балалар мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Жабайы аңдар сендерге тапсырмаларды алып келіпті. Мынау қандай аң?
Қоянның тапсырмасы: Балалар, мына суреттегі заттар қай дыбыстан басталады? Сөздің басында естіліп тұрған дыбысты айту.
Мысалы. Мысық буынға бөлу, сөйлем құрату.
Аюдың тапсырмасы: Аю сендерге көк сандықты алып келіпті, оның ішінде не бар екенін табу үшін жұмбақ шешу.
Бір нәрсе жер мен көктің арасында,
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да.
Білінбей жүр үстінде жүрсе дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына. (ауа)
Бүгін біз Е дыбысымен танысамыз. Міне мынау Е дыбысының әріп таңбасы. Е дыбысының дауысты немесе дауыссыз екенін айту, е әріпін тақтаға ілу, баспа түрін жазу.
IV. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Дыбысына қатысты сөздер айту.
Жолбарыстың тапсырмасы: «Мен бастаймын, сен аяқта»
Айгүл гүлге (су құйды)
Мен тауыққа (жем шаштым)
Қасқырдың тапсырмасы: «Буын жалғастыр» ойыны
Ал- ма, мек- теп, кі-тап, мұ-ға-лім
Түлкінің тапсырмасы: Сергіту сәтін орындату
V.Сергіту сәті:
Орманға біз барайық,
Жан- жағымызға қарайық
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ырылдап
Р-Р-Р-Р-Р
Қоян шықты секіріп,
Түлкі шықты майысып,
Қорықпаңдар, балалар,
Қарап, қарап алыңдар.
VI. Дәптермен жұмыс
Дыбысын ауада жазу, дәптерге жазу.
Жаңылтпаш айтқызу.
Тау бар, тау бар,
Тауда бау бар.
VII. Қорытынды
Балалар, біз жабайы аңдарға өткен сабақта алған білімімізді, жаңа алған білімімізді көрсеттік. Аңдар сендерге ризашылық білдіріп жатыр.
Қандай дыбыспен таныстық? Дыбысы қандай дыбыс?
Мадақтау. Нәтиже. Балалар сабаққа қызығып қатысты. Тапсырмаларды орындауға ұмтылды. Балалардың ойлау қабілеті дамыды.