Негізгі ж?не туынды сын есім


Атырау облысы Атырау қаласы М.Әуезов атындағы №7 орта мектеп Дощанова Сауле Курманбаевна Қазақ тілі
Сабақтың Тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға негізгі және туынды сын есімдіктер туралы алған білімдерін ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу.
Дамытушылғы: оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелігі: ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, интер белсенді тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!
Сәлемдесіп аламыз,
Мақсатымыз-білім алу,
Міндетіміз-еңбектену
Еңбектену арқылы
«5-ке қолды жеткізу!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.34-жаттығу,191-бет.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
Ойқозғау
Қызыл алма, сүтті мал,
биік тау, шолақ тон, ақылды оқушы, озат бала, тәтті қант, орманды алқап, ақшыл көйлек
-3086102533650Венн диаграммасы
59626520320

«Алтын қақпа» ойынының шарты
1.Тас қақпа
2. Қола қақпа
3.күміс қақпа
4. Алтын қақпа
Тас қақпа
Шарты: Берілген өлеңдерден сын есімдерді теріп жазып, оның маңызды белгілерін анықтаңдар.
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Қола қақпа
Оқулықпен жұмыс
35-жаттығу
Берілген зат есімдерге –дай,-дей, жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жаса.
Таудай, даладай, гүлдей, тайдай, бұлбұлдай.
Туынды сын есімді қатыстырып сөйлем құра.
36-жаттығу Мәтінді көшіріп жаз.
Кең- байтақ өлкемізде үлкенді-кішілі өзендер көп-ақ. Солардың бірі- Сырдария. Бұл өзен Аралға құяды. Сырдарияның төменгі ағысында көптеген көне қалалардың орны кездеседі.
Сын есімдерді тап. Негізгі, туынды екенін айт, қай сөзбен байланысып тұрғанын көрсет.
Сын есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
43-жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті жұрнақ қою рқылы көшіріп жазу: Балалар әсерлі әңгімені ұйып тыңдады. Оқушылар пайдалы жұмыс істеді. Назым гүлді көйлек алды. Малды шөпті жерге жаю керек. Назым гүлді көйлек алды. Малды шөпті жерге жаю керек.
Сын есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
Сергіту сәті: Көңілді күн
Күміс қақпа
« Ойлан тап ойыны»
Ойынға қатысушы топ берілген сөздің атын айтпай , оның мағынасын түсіндіреді, яғни ол затты немесе сөзді сипаттап айтады?
Шығармашылық жұмыс
1-топ:
Қатаң дауыссыз дыбыстарды сызып, шыққан сөзге сөйлем ойла.
Қ,ә,ш,д,с,е,ф,м,х,і,т
2-топ:
Сөйлемді дұрыс жазып,сын есімді тап.
ыдла пытас едйеж ітсүт лішкөк тадғаБ.
3-топ:
Берілген сын есімдер мен зат есімдерді мағынасына қарай тіркестіріп жаз.
Бағалы,қалың,дәмді,биік,жіңішке.
Кітап,тон,үй,жіп,тағам.

Алтын қақпа
Сөз сазына талдау
Қызыл
1.
2.

3.
4.
5.
6.
«Кір ілгіш» стратегиясы
Шарты:
Сұраққа жауап беріп,киімді жіпке ілу.
Қорытынды.
Үйге тапсырма 42-жаттығу, ереже жаттау
Бағалау.