Ерте?гілік Кел жемісті Алтын к?з!
«Кел жемісті, Алтын күз» ертеңгілік мерекесі. Ортаңғы топ «Ақбота»
Зал іші күз мерекесіне сәйкес безендіріледі.
Жүргізуші:
Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген
Жылауық бұлттары бар қанат керген
Күз келді мезгілінде арқаланып
Күн бар ма байлығын ол тегін берген?!
Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ
Кеттік те қызу істі дереу бастапАстық, жеміс, мақтасын- бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.
— Армысыңдар, құрметті қауым, бүгінгі біздің балабақшада өткелі отырған «Кел жемісті, Алтын күз» мейрамына қош келдіңіздер.
Жүргізуші: — Балалар! Сендерге күз ұнай ма?(Балалар жауап береді.) Бірақ, балалар, күз әртүрлі болады. Бүгінгідей — тыныш, алтын күз болады. Суық, жаңбырлы болады. Ендеше, балалардың «Күз бояулары» тақырыбындағы тақпақтарын тыңдайық.
Балалар тақпақ айтады.
Сарғайды тоғай, Сап-сары маңай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып.
Өмірсерік
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерді жинауға
Шақырады біздерді.
Ақнұр
Дала сары киінді,Самал соқты салқындау.Қырмандарға үйілді,Алтын астық- алтын тау
Асия
Алақай, алақай,
Шаттанды балақай.
Береке – салты күз
Мереке – алтын күз!
Нұрдаулет
Жүргізуші: Ал, балалар тұрмайық
Күзгі бақта бүгінгі
Шырқап әнге салайық.
Ән: «Күз жомарт!»
1. Тоңазып атырап
Көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ
Саудырап түседі
Қ\сы
Күз жомарт дейміз біз
Жемісін жейміз біз.
2. Үстінде егінжай
Салқын жел соғады
Гүл,шөбі белдің сай
Қуарып солады
Қ\сы
Күз жомарт дейміз біз
Жемісін жейміз біз.
Жүргізуші: Ал, ендеше балалар қане бәріміз хормен ортаға алтын күзді шақырайық.
Келші, келші алтын күз,
Келші, келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап күлші алтын күз! (әуенмен залға күз ханшайымы келеді).
Күз ханшайымы:
Армысыңдарма бүлдіршіндер!
Күзгі бақтағы қонақтар
Өздеріңе әкелдім
Күздің сыйын көз тартар!
Жүргізуші: Сізді көргенімізге өте қуаныштымыз Күз ханшайымы!
Балалардың сізге арнап жаттаған тақпақтар тыңдап көріңіз!
Әдемі
Көк майса көрікті
Алқапты көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал-терек,
Жапырағын жұлғызып
Аяжан
Қарсы алайық бәріміз,Жасымыз бен кәріміз.Қырдан кепті қыдырып,Алтын күзге нұр төгіп. Жанбота
Ел егінді жинайды,Қырманға дән сыймайдыБіздің дала – бай далаАлтын астық айнала. Бибінұр
Қоңыр салқын тарады Қойнаулар мен сайлардан, Қаздар қайтып барады, Қайтқан елдей жайлаудан. Соңғы шуақ төгіліп, Жалқынданып тұр аймақ. Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап. Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Менде құр қол келген жоқпын мен сендерге бір ойын алып келдім кәне бәріміз бірге ойнаймызба?
Эстафеталық ойын: «Ыстық картошка»
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, ойынды жақсы ойынды да жақсы ойнайды екенсіңдер,енді менің сендерге алып келген жұмбақтарым бар соны шеше аласыңдар ма?
Жүргізуші: Бірақ, біз сіздің жұмбақтарыңыздың шешімін таппас бұрын,біздің балалардың сізге дайындағын билері бар соны тамашалап көріңіздер.
Би: «Түрлі түсті жапырақтар»
Күз ханшайымы:
Жұмбақтар:
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл
Түссе сары. (жапырақ)
Тырс-тырс етіп тамады,
Сайға қарай ағады.. (жел)
Күз ханшайымы:Балалар сендер жұмбақты дәл тауып шештіңдер!Жарайсыңдар мен сендерге риза болдым!
Жүргізуші: Біздің балалар жаңбыр туралы әнде біледі.
Ән: «Жау,жау,жаңбыр»
1. Алатаудың бауырында
Атам, әжем ауылында
Ақша бұлттар жауа берші
Жау, жау,жаңбыр жауа берші.
Қ\сы:
Бақыт болып жаушы жаңбыр
Менің әсем қалама
Бақыт болып жаушы жаңбыр
Менің байтақ далама
Менің әсем қалама
Менің байтақ далама.
2. Алматыдай ақ қаламнан
Жасыл желек жас қалама
Ақша бұлттар жауа берші
Жау,жау,жаңбыр жауа берші
Қ\сы:
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!Балалар менің сендермен бір ойын ойнайық.
Ойын: «Құстар мен жаңбыр»
Ершат
Алтын, сары, қызыл,көк...Алуан – алуан жапырақ.Күзгі бақта күлімдеп,Көз тартады атырап.
Нуржигит
Құстар қайтты ән салып,Бұлт торлады аспанды.Қыс келеді жар салып,Күзгі суық басталды
Бейбарыс
Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма,
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап-сары.
Бекнұр
Мынау жеміс ағашы,
Ол әртүрлі болады.
Жемістің мол түрі бар
Жасыл, қызыл, қарасы.
Жүргізуші: Ал енді ортаға біздің биші қыздарымызды шақырайық.
Би: «Шығыс биі»
Жүргізуші:Кел балалар ойнайық, күздің тойын тойлайық.
Ойын: «Галош»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, енді менімен бірге жапырақтар биін билейік.
Күз жаншайымы: Балалар сендерге бүгінгі көрсеткен бар өнерлеріңе тәнті болдым,сендерге көп рахмет, ал алғыс ретінде мен сендерге сыйлық алып келдім.
(Балаларға сыйлықтар таратып береді)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар осымен біздің «Кел жемісті,Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!