?арапайым математика п?ні бойынша ашы? саба? Салыстыру
Математика сабағы
Тақырыбы: «Салыстыру»
2- сәбилер тобы
Тәрбиеші: А.М Молдажанова
2015-2016 жыл
Технологиялық карта
Білім орталығы:Математика,Сурет
Сабақ тақырыбы: “Салыстыру”
Мақсаты:Үлкен – кіші, ұзын- қысқа, қарама – қарсы заттардың өлшемімен шамасы бойынша салыстыру.
Міндеттері: - Заттарды салыстыруға үйрету
Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту
Ойлау қабілеттерін дамыту
Сабақ көрнекіліктері:Жол,алмалар,зымыран,коктем мезгілі,Маша суреті.
Әрекет кезеңдері:Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс – әоекеті
Ынталандыру, сезім ояту.
Әдіс – тәсіл:Сұрақ – жауап, түсіндіру, толықтыру, тиянақтау, қортындылау.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру Балаларды шеңберге жинау.
Кел балалар ортаға
Үлкен шеңбер құрайық.
Балалар шеңберде тұрады.
Сәлем бердік – алтын күн,
Сәлем бердік - ашық аспан.
Сәлем бердік – жер ана,
Сәлем бердік – баршаға.
Қонақтармен сәлемдеседі.
Ұйымдастыру кезең
Қортынды
Балалар бүгін мен балабақшаға келгенде,үстел устінен хат тауып алдым.Ол хатты ашып оқысам,Маша біздің планетадан өзге планетаға адасып кетіпті.
Сендер Машаны құтқаруға дайынсындарма?
Иә,дайынбыз.
Қорықпайсындарма?
Жоқ қорықпаймыз.
Онда балалар Машаны құтқаруға жолға шығайық.Балалар біз сендермен қазір жол жүреміз.Жолдың екі түрі болады.Ұзын және қысқа жол.Біз сол екі жолдың ұзынын тауып жүруміз керек.
Жарайсындар балалар.Ендеше осы ұзын жолдың бойымен Машаны ары карай іздеуге жалғастырайық.Міне балалар біз сендермен өзге планетаға тап болдық.Машаны құтқару үшін біз әр планеталардағы тапсырмаларды орындауымыз керек.
Планеталар- жұлдыздар ілініп тұрады, әрқайсысында тапсырма.
Тапсырмаларды орындауға дайынбызба?
1-тапсырма:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде болатын өзгерістерді айтып беріндерші?
2-тапсырма:
Геометриялық пішіндер жайлы.
Зымыран геометриялық пішіндерден құрылған.
Балалар сендер ненің суретін көріп тұрсындар?
Ал ендеше осы зымырандағы геометриялық пішіндерімен оның түстерін атап беріндерші?
Біз сендермен тапсырма орындаймыз деп кішкене шаршап қалдық кәне серігіп алайық.
Сергіту сәті:Бас бармағым – атам,
Балан үйрек – әжем.
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкентай бөбек ол мен.
3- тапсырма:
Мынау не?
Неше алма тұр?
Кәне санайық?
Алманың түсі қандай?
Ал қай алма үлкен?
Қай алма кіші?
Ал үшінші алма одан да кішірек, иә?
Жарайсындар балалар.
Балалар біз түрлі тапсырмаларды орындап міне Машаны да тауып құтқарып алдық.Маша сендерге рахметін айтам дейді.Балалар сендерге үлкен рахмет, өздерін сондай ақылды екенсіндер.
Балаларды мадақтау.
Ал балалар енді екінші орталықпен ауысып жұмыс жасайық.
Екінші орталық.Ұжымдық жұмыс
Қажетті құралдарды қойып жұмыс жасауға бағыт беру.
Көгілдір қағаз үстіне жұлдыздар ды салады.
Бояу мен қылқалам көмегімен.Қылқаламды сары түсті бояуға матырып қағаз үстіне қылқаламмен бұрап жұлдыз суретін түсіреді.
Сергіту сәті:
Екі күшік кездесті аф-аф-аф,
Екі мысық кездесті мяу-мяу-мяу.
Екі бұзау кездесті мөө-мөө-мөө,
Екі құлын кездесті иго го,иго го.
Екі бала кездесті алақай-алақай.
Балалар ұзын жолды тауып қысқа жолдан ажыратады.
Иә дайынбыз.
Көктем мезгілі.
Күн жылынады, қар ериді, шөп шығады, құстар келеді т.б.
Зымыранның суретін.
Үш бұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелек пішіндерден құралған.
Үш бұрыш қызыл түсті, тік төртбұрыш жасыл түсті, дөңгелек қара.
Балалар іс – қимылмен орындайды.
Алма
3 алма
1,2,3 алма, ал енді кері санайық
3,2,1
Қызыл
Бірінші алма үлкен.
Екінші алма кіші.
Иә
Балалар іс-қимылмен орындайды.