Урок по самопознание для 5 класс С?йіспеншілік — ?мір ?зегі
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп_______________Мерзiм____________№__9___
Тақырып Сүйіспеншілік– өмір өзегі __________________________________
Құндылық__сүйіспеншілік________Қасиеттер_мейірімділік, адалдық
Мұғалiм: Абдикеримова Н.Ж. Класс___5_ Оқушылар саны__20___
Сабақ мақсаты: Оқушыларға риясыз сүйіспеншілік ұғымының құндылық ретінде мәнін түсіндіру.
1. Білімділік: «сүйіспеншілік», «мейірімділік», «адалдық» ұғымдарының адам өміріндегі мәнін ашу.
2. Дамытушылық: Сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыту.3. Тәрбиелік: Оқушыларды өзінің ата-анасын, достарын сүюге тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, 5 жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.
Тыныштық сәтi
Су асты патшалығына ойша саяхат. (баяу музыка ырғағы бойынша)2.Үй тапсырмасын тексеру. Жақсылықпен жаным дос тақырыбы бойынша С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңінің негізінде мынадай сұрақтар қою арқылы тексеремін:
1.Ақын өлеңде адамның қандай қасиеттерін мадақтаған?
2.Өлең жолдарынан адамның бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді қалай байқауға болады?
3.Өлең жолдарынан адамның жақсы қасиеттерін жазып келгендігі бойынша оқушылардың дәптерлерін тексеремін. (8) Сабақ барысын талқылау:
Дәйек сөз. «Сүйіспеншілік - жүректен» деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.
-Халық даналығында «Сүйіспеншілік-жүректен» деп өте орынды айтылған. айналамыздағы туған-туыстарымызды, отбасымызды, достарымызды, туған жерімізді жақсы көру сүйіспеншілік деп аталады. Ал сүйіспеншілік жүрегімізде туындайды.
Балалар осы дәйек сөздің мазмұнына үңіліп көрейікші. Сүйіспеншілік – жүректен деген сөзді қалай түсіндіңдер?
Оқушылар бірнеше рет қайталап, дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады. Әңгiмелеу (сұхбат). Оқушыларға сұрақ қою арқылы сүйіспеншілікпен махаббаттың адам өміріндегі ең бағалы құндылық болып табылуын түсіндіру және олардың назарын сүйіспеншілік сезімге аудару.
Мұғалімнің сыйы ретінде «Ана махаббаты» әңгімесін ұсыну.
Ана махаббаты
(аңыз әңгіме)
Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:
-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?
Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:
-Мынау- шырақ, ол — мен!
Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.
-Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?
- Жоқ!
-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.
Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді…
Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!
1 сұрақ. Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады?
2 сұрақ. Ана өзінің махаббатын қалай түсіндірді?
3 сұрақ. Сүйіспеншілік арқылы тағы да неге ол жеткізуге болады? (мысалы достық, отбасы, анаға, туған-туыстарға, отбасыға т.б)
4 сұрақ. Бұл өмірде сүйіспеншіліктің маңыздылығы туралы өз ойларыңды айтыңдар? (18 мин)
Оқушылардың берген жауаптарын тыңдағаннан кейін олардың ойын былайша қорытындылаймын. Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдылық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю, Отанды, туған жерді сүю, білімге құштарлықта сүйіспеншілікке байланысты болады. Сендер шыр етіп дүниеге келгенде ата-аналарыңның қуанышында шек болмады. Ал сендер алғаш рет сәби жүректеріңмен ананың аялы алақанын мейірленген махаббатын сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталып, адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Баяу музыка әуені қойылып тұрады. Оқушыларға ата-анасына, туыстарына, достарына деген сүйіспеншілігін қалай жеткізе алады. Осы тақырыпта тапсырма беріледі. (7 мин) Үй тапсырмасы. З.Воскресенскаяның «Ана» деген әңгімесін оқып шығыңдар және анаға деген ыстық сезімдеріңді білдіретін қысқаша шығарманы дәптерлеріңе жазыңдар. (2 мин) Топпен ән айту. Ғ.Қайырбековтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындау. (3,5 мин) Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қойып тыныштық сәтін өткізу.
Жақсы балалар сабақ аяқталды, әр бір сәттерің қуанышқа толы болсын. (1,5 мин)