Сценарий на тему Имандылы? жарасады ?л- ?ыз?а


Кездесу өнеге сағаты «Имандылық жарасады ұл мен қызға»
Дініңді сақта, салтыңды сатпа, сенімді ақта ел болашағы жастар
Мақсаты: Оқушылардың мұсылман діні туралы адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу. Оқушыларды халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, техникалық құралдар, гүл, шарлар. Түрі: өнеге сағаты (кездесу) ПікіралысуӘдісі: СТО, баяндауСабақ барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе: Құрметті шәкірттер, ұстаздар, қонақтар! Қазақ елінің егемендік алып, еңсесін көтеріп, көзін ашқалы-туған халқымыздың болашағы жастарымыздың көкірек сезімдері оянып, дүниетанымдарының кеңейіп, қараңғы өмірден жарық өмірге шыққандай болғандығының куәсі болып жүрміз. Қазақ елі де басқа да өркениетті, терезесі тең елдермен иық тірестіретін жағдайға кенеліп келеді. Ел экономикасы көтеріліп, білім, өнер, мәдениет саласында үлкен өзгерістердің нышаны байқалуда. Қазақ елінің тәуелсіздігін қазір әлемнің 200-ден астам елдері мойындап, рухани, экономикалық, мәдени байланыстар жүргізуге ниет білдіруде. Әрине, бәрі де жақсы, бәрі де жаңаша, тың бастамалар. Бірақ бір нәрсе, бір ең негізгі мәселе біздің өн бойымызға сәл жетпей тұрған сияқты, бізді сол ойландырады. Ол- имандылық тәрбиесі. Иманы жоғары, жаны таза, ізгі ниетті, ішкі жан дүниесі мейірімге толы, ұрпақтарымыз көп болған жағдайда ғана туған еліміздің, өз ортамыздың мәртебесі жоғары болмақ. Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.Білектей арқасында өрген бұрым,Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.Кәмшат бөрік, қара қасты,Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға, Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады.Атадан жаман ұл туса, Елінің соры болады- деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Имандылық жарасады ұл-қызға» атты өнеге сағатымызды бастаймыз.Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған».
«Ой қозғау» . Ұлдарға сұрақ: 1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса, өскенде солай қалыптасады.)3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)4. Қыздарға арнап мақал айт( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)Қыздарға сұрақ:1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды?( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны)2. Ұлдарға арнап мақал айт (Атадан жақсы ұл туса,Қар үстінде от жанар, Атадан жаман ұл туса,Ат үстінде ит қабарЖақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп ойлаймын)5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)
Хадистер- мұсылман әлеміндегі адам құқының негізгі ережелері.
Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе, сол адам тәңір алдында да, адам алдында да иманды адам.
Иманның жақсысы-сабырлы және кеңпейілді болу.
Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады, себебі әйел- анаңыз, әжеңіз, қызыңыз.
Тамақ  салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.
Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.
Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған.
“...Ешқашан да ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады. Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпау керек, себебі қыздың жалаңаш денесіне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта “Есті қыз етегін қымтап ұстайды” деген мақал бар. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр.  (Ә. Нұршайықов “Махаббат қызық, мол жылдар”) • “Арыңды сақта, біреуге оны таптатпа. Ар-ұят – адамның жан азығы. Ердің екі сөйлегені – өлгені. Жағымпаздық – адамның қарғыс атқан қылығы, адамдық қасиетін қорлауы. Өтірік, алдау, шағым болған жерге мойныңа арқан салса да,барма. Күншілдікпен біреудің мінін іздеп, арсыздыққа салынба, мұның орнына өз мініңді көре біл... Адамның адамгершілігі – өмір талқысын жеңе білу. Босқа қажымау, болымсызға жасымау, шындықтың ауылын іздеп табу... ”.  (С.Торайғыров) 
Оқушыларымыз ислам діні туралы қандай ұғымдарды біледі екен, соған кезек берелік. ассоциацияИмандылық                                          Мешіт
Дін                                                           Құран
 Ислам діні                                              Иман
Мұхаммед Пайғамбар                         Құрбан айт
 Мұсылман                                             Хадис
 Бес парыз                                              Ғибадат                                                                   
 Намаз                                                      Әулие
Ораза                                                       Адам атаЗекет                                                        Хауа анаҚажылықБүгінгі өнеге сағатымызға имандылық, мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар және басқа діни сөздер туралы өз ойларын бөлісіп, бізді ойландыратын сұрақтарымызға жауап беру үшін ауыл мешітінің имамы – Мақсат ағайымыз және Үңгіртас селеолық округінің бас маманы Дауренбаев Ержан Қауымбайұлы келіп отыр. Қонақтарымызға сөз кезегін берейік.
«Дін иманжүзділікті, қайырымдылықты, тазалықты уағыздайды. Осы бағытта өз ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар».

Құрметті оқушылар келген қонақтарымызға өздеріңізді толғандыратын сұрақтарыңызды берулеріңізге болады.
Жүректен жүрекке.–Балалар, енді бір –біріңе тілек жазып, қалаған адамдарыңа ұсына қойыңыздар.Аң жортар аяғымен, жер еркесі,Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.Мұғалімнің сөзі: Құрметті, қонақтар, бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік. Сіздерге осы  оқушылардың атынан ризашылығымызды білдіремін. Барлығымызға Алла тағала жақсылықтарын берсін демекпіз. Біз сіздерден естіген, білгендерін үнемі естен шығармай орындап, имандылық жолында адал болып, сенімнен шығамыз деп уәдемізді береміз. Алтындай уақыттарыңызды бізбен бөліскеніңізге көптен- көп рахмет айтамыз.Сөз соңында, ел президенті Н.Ә Назарбаев «Біз тегіміз-түрік, дініміз-Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Дінімізді, тілімізді сақтау – ұлттығымызды, мемлекеттігімізді сақтайды. “ деген сөзімен кездесуімізді аяқтаймын.