С?з таптарын ?айталау ?аза? тілі п?ні 3 класс


Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебі
бастауыш класс мұғалімі НысановаКлара
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні Қазақ тілі класы 2
Тақырыбы Сөз таптарын қайталау.
Мақсаты Жеті модуль идеяларын ықпалдыстыра отырып, сөз таптары туралы алған білімдерін саралап,жинақтап, одан әрі тереңдету. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже Сөйлем ішінен зат есімді,етістікті,сын есімді,сан есімді таба біледі,сұрақ қоя білуге үйренеді.Ойлау қабілеттері,шығармашылық қабілеттері артады.
Уақыты Сабақтағы іс-әрекет Бағалау Ресурстар
Кіріспе бөлім Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
«Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне жақсы тілек тілеу арқылы сабақты бастау.
Оқушылар шеңбер құрып ортаға тұрады.
Барлығы бірге;
Кел,балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік!
Сыныпты қима қағаздар арқылы топқа бөлу.
Өткен сабаққа шолу жасау.
Топтардың атауларымен таныстыру .
1-топ. Зат есім
2-топ. Етістік
3- топ.Сын есім
4- топ. Сан есім От шашу арқылы бағалау. Интерактивті тақта
Жаңа материалдың таныстырылым минуты
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз сөз таптары қайталауға арналады. Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді.Трениг сабақтың негізгі мақсаты сендерді ұйымшылдыққа,бірігіп жұмыс істеуге баулып,ойларыңды бөлісіп,ашық айтуға дағдыландыру. Балалар біздің бүгінгі сабағымыз сөз таптары қайталауға арналады. Сендердің осы тақырыпты қалай меңгергендіктеріңді байқайтын боламыз.
Сабақтың ережесімен таныстыру.
1. Тыныштықты сақтау.
2.Бірін-бірі тыңдау.
3. Ойын ашық айту.
1-қадам. Оқулығымыздағы 1-тапсырмаға назар аударайық.
Әр топ өз атауларына сәйкес сөздерді кестеге орналастырады.
Кім? не? Не істеді? Қандай? Қанша?
Бүркіт
.............. Үйренді
............. Әдемі
................
Жеті
................
4- жаттығу.
Сұрақтардың көмегі арқылы сөйлем құрап жазамыз.
Әр топтан бір оқушы шығып тақтаға орындайды.
Бұл тапсырмадан кейін топтар орын ауыстырады.
2-қадам.
2- жаттығу.
Әр топ өз сөз табы туралы не білеміз? Зат есім
Етістік
Нені білдіреді? Сын есім
Қандай сұрақтарға жауап береді? Сан есім
Сергіту сәті. «Бір оңға,бір солға»
6- жаттығу.Суретпен жұмыс.
Топтар орын ауыстырады.
3- қадам.
3- жаттығу.
Ойын «Артығын тап!»
Әр қатарда берілген бес сөзің қайсысы артық? Неге? Дәлелдеу .
5- жаттығу. Сөздерді әр топ өз атауларына сәйкес топтап жазады.
Топтар орнын ауыстырады.
Үш шаапалақ арқылы бағалау. Кесте,тірек сызбалар
Жаңа материалды қолдану минуты
4- қадам. Семантикалық картамен жұмыс
қара аю отыз жүгірді алты оқыды қышқыл кітап
Зат есім Етістік Сан есім Сын есім Суретпен жұмыс.
Берілген суретті жан-жақты сипаттау.
Топтар алмасып өз орындарына келеді.
5-қадам. «Кім жылдам» ойыны. Шашылып жатқан сөздерді ретпен жинастыру.
Сөз табының атауы;
Нені білдіретіндігі;
Қандай сұраққа жауап береді;
Мысалы;
Үш шапалақ арқылы бағалау.
Мултимедиялық таныстырылым,суреттер, тірек сызбалар
Рефлексия Кері байланыс.
«Сұрақ қою,қайта сұрақ қою» әдісі бойынша топтар бір-біріне сұрақтар қою арқылы сабақты қортындылау.
Балалар мына «Алтын сандықшаны» ашу үшін тақтадағы ребусты кім бұрын шешеді сол ашады.
Ішінен кішкене жүрекшелер шығады.Жүрекшелерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді,тілектерімізді жазайық. От шашу арқылы бағалау.