Бір белестен ?тті?дер атты балаба?шамен ?оштасу сценарии



С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп
«Балауса»
Шағын орталығы



Тәрбиешілер: Магмурова А.Б.
2014-2015оқу жылы
Жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
« Балауса» шағын орталық түлектерін
.(Түлектер ортаға шығады музыка әуенімен)

Таныстыру: Атына заты сай қыздарымыз Аяжан, Нұрай, Алтынай, Құралай, Аққыз бұл қыздарымыз Аудандық «Бүлдіршін» фестивалінің лауреаты
Еркесі де серкесі де Ералы

Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Әсем бимен түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады - балардың білімдерін өнерлерін тамашалаңыздар
1.Балалардың тақпақтары №1
Балабақша , балабақша
Шаңырағы шаттықтын
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанышымыз біздің мол
Мектепке біз тарттық жол
Ұмытпаймыз өзіңді
Балабақшам қош сау бол
2. Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп жұбанғаным есімде
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Ата-ананы ерекше
Қуантатын күн бүгін
3. Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Даярлыққа барамыз
4. Міне мен де үлкен болдым
Жасым толды алтыға
Кітаптағы ертектерді
Енді шетінен оқимын
Балабақша қош енді
Әркез аман бол дейміз
Әкем менен анамды
Енді ертіп келмеймін
5. Сезімді туған баламыз
Оянды ақыл санамыз
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз
Балабақшам сүйікті
Ән салдыртты билетті
Шынықтырып дененді
Шымыр болуға үйретті
6.Құшағында жарқылдап
Өтті сәби күндерім
Би биледім ән тындап
Алаңдауды білмедім
Гүлге толы жан жағым
Асыр салып жүгірдім
Өтті талап талғамым
2.Ән: "Әрқашан күн сөнбесін" әнін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Барлығымыз тынышты аламыз БІЛІМ келе жатыр

БІЛІМ келеді: Сәлеметсіздер ме! Құрметті ата-аналар және қонақтар!
Тәрбиеленушілер Ералы , Аяжан, Нұрай, Алтынай, Құралай сіздерге балабақшада апайларын не үйретті?
Олай болса бар өнерлері мен білімдерінді көрсетсендер ғана әділ шешім қабылданып
сіздер даярлық тобына көшірілесіздер!
Жүргізуші: Қане балалар БІЛІМГЕ балабақшада не үйренгендерінді айтыңдаршы. Олай болса балалар іске кірісейік.


(балалар жұмыс жасайды, музыка қойылады)
БИ; сергіту сәті
Балалардың естелігі

БІЛІМ: Жақсы, ал орыс тілінен не үйрендіңдер?
балалар тақпақтарын айтады №1
Уранило солнце,
Лучик золотой.
Вырос одуванчик,
Первый молодой.
Среди всех народов,
Среди разных стран,
Люблю больше всех
Я радной Казахстан!
Вырастает,расцветает,
Город каждым днем.
Мы, ребята дошкалята
Вместе сним растем.
Великую землю,
Любимую землю
Где мы радились и живем
Мы Родиной милой
Мы Родиной светлый
Мы Родиной завем.
Все ребята молодцы
Вы ребята удальцы
Помашем на прощание
И скажем Досвидание
Желаем счастья и добра
Всем детям с самого утра
Твори добро на всей земле
Твори добро другим на радость
хормен
Это глазки вот, вот
Это уши вот, вот
Это нос, это рот
Там спина , тут живот
Это ручки вот, вот
Это ножки топ, топ,
Ой устала вытру лоб
Этот пальчик дедушка
Это пальчик бабушка
Это пальчик папочка
Это пальчик мамочка
Это пальчик Я
БІЛІМ: Сендер сабаққа дайынсыңдар ма?
Олай болса қазір «Иә», немесе «Жоқ» деп жауап беріңіздер
1. Айтқан тілді аламыз ба
2. Ақылды бала боламыз ба?
3. Таңертен ерте тұрамыз ба?
4. Сабаққа бармаймын деп жылаймыз ба?
5. Тәртіпсіздік жасаймыз ба?

Олай болса ортаға тәрбиеленушілердің ата-аналарын шақырамыз
(барлығы ортаға шығады)
1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Тамағын уақтылы бересіз бе?
3. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
4. Балаларға өзін оқып үйрен деп ұрысасыз ба?
5. Бала үшін асулардан асасыз ба?

БІЛІМ: БІЛІМнің шешімімен тәрбиеленушілер Ералы , Аяжан, Нұрай, Алтынай, Құралай даярлық тобына көшірілсін деп шешілді! Құттықтаймыз!
балалар ға "білімді" белгісі берілсін және тәрбиеленушілердің дипломдарын табыстауға мектеп директоры Г.М.Айтжанованы шақырамыз.

3.Балалардың тақпақтары №2 алғыс
1. Талай-талай баспалдақты аттармыз
Ата –ананың үмітін де ақтармыз
Рымгуль, Асель апайлар
Сіздерден алған ақылды
Есімізге өмір бақи сақтармыз
2. Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сыйпаған
Алтынай апайға мың алғыс
3. Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Қамқоршымыз дәрігер
Апайға мың алғыс
4. Әр күніміз той думан
Асқа бізді тойдырған
Аспазшы Бақыт апайға мың алғыс
5.Естен кетпес үнініз
Бізбен өтті әр күнініз
Бізге үміт артасыз
Шығар деп әнші күйшілер
Балалар хормен
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Алда үлкен белес бар
Сүрінбей өтіп барамыз

Жүргізуші: Әрбір ұрпақ болашағының алтын діңгегі. ендеше ұрпақты өмірге әкеліп адал ниет ақ батасымен өсірген ата - ана емес пе? Сондықтан баланың осы қуанышын бөлісіп отырған ата - аналарды
«Тілек тілеу» гүліне шығуларын сұраймыз
Шарты: гүл күлтешелерінде балаларға арналған тілектер бар. Сол тілекті ата-аналары оқиды..
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын


Сөз кезегі: Тәрбие ісінің меңгерушісі М.Н Темиргалиеваға беріледі

Жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,Жүректерден арман отын жағыңдар.Жақсы оқып алтын ұя мектепте,Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,Өздеріңді сағынып біз жүрейік.Құтты болсын қадамдарың аттаған,Біз сендерге сәтті сапар тілейік!- деп «Қоштасу вальсімен» ертеңгілігімізді аяқтаймыз.