Конспект занятия по рисованию на тему Таба?
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: «Табақты безендіру»
Мақсаты: табақты ою - өрнекпен әшекейлеуге үйрету.«Қошқар мүйіз», «қызғалдақ гүл» ою – өрнектің орналасуы, халық ұлттық шеберлердің түстері қолдануға үйрету. Балалардың қызығушылығын арттыру. Байқампаздығын, ойлау қабілеттерің, тілдерің дамыту. Тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: табақтың суретті, оюлардың түрлері, жай қарындаштар, бояулар, қылқалам, табақтың үлгісі.
Сөздік жұмыс: ою - өрнек, әшекейлеу, безендіру, қызғалдақ гүл, қошқар мүйіз өрнектер.
Қостілділік компонент:
табақ – блюдо,
әшекейлеу, безендіру - украшать,
өрнек - орнамент,
қошқар мүйіз - рога барана,
қызғаладақ гүл - цветок тюльпана.
Іс – әрекет кезендері:
І. Мотивациялық – қозғаушылықШаттық шеңбері:
- Балалар, бүгінгі сабақты бір - бірімізге жақсы тіліктер айтудан бастайық.
Балалар шеңберге тұрып, оң жақтағы көршісіне жағымды жақсы сөздер айтады.
ІІ. Ұйымдастырушылық – ізденістікПедагог кіріспе әңгіме өткізіп, балалардан қандай ыдыс - аяқ түрлерін білетіндерін сұрайды.
- Кесе, тәрелке, шәйнек.
Балаларға табақты қарастырылады.
- Балалар, мына суретте не көріп тұрсыңдар?
- Табақ.
Табақ дегеніміз тәрелкенің үлкен түрі айтады. Бұл қазақтың ұлттық шеберлерінің бір түрі ыдыс - аяқ.
- Табаққа қандай тағамды саламыз?
Балалардың жауаптары.
Расында да, бұл табаққа ұлттық тамақ – етті салады. Сондықтан табақ әр үйде болу керек.
- Табақ қандай пішіндерге ұқсайды?
- Дөңгелек.
- Табақты қалай әшекейлеуге болады?
- Гүлдермен, домалақтармен, сызықтармен.
- Балалар, біз бүгін табақты өрнекпен әдемі әшекейлейміз. Соны табақты сендер аналарға сыйлайсыңдар.
Ертеде ыдыстарды, тұрмыс бұйымдары түрлі ою - өрнектермен безендірілген. Ою - өрнек – сан алуан ұлт адамдарының тұрмысынан өз көрінісін тапқан өте ежелгі өнер. Ою - өрнек ерте замандардан бері тұмар болып саналған. Ыдыс - аяқты, киімдерді жиһаздарды ою - өрнекпен әшекейлеген. Біздің ата - әжелеріміз ою - өрнек символдарының құпия мағынасын оқи білген. Көбінесе өрнектер ақ пен қара болған. Бұдан кейінгі кездері қазақтың ою - өрнегіне әр түрлі ашық түстер қосыла бастайды.
Қарындашпен мен бояумен пайдалана отырып, әсем табақтарды әдемі өрнектермен әшекейлейік. Олардың қалай безендірілгеніне назар аударады.
Ойын: «Тақияны әшекейлейік»
Мақсаты: балаларды тақияны әр түрлі оюлармен әшекейлеуге үйрету. Жануарлар, өсімдік ою - өрнектерінің атауы және элементтері бекіту.
Табақтың шет жағы «қошқармүйіз» өрнекпен безендіреміз. Балаларға «қошқармүйіз» өрнектің суреттің көрсетеді. Тақтаға «қошқармүйіз» өрнекті қалай салу жолдарын түсіндіреді. Бір нүктеден бастап бір мүйізін жай қарындашпен үзбей сызып алып, екінші мүйізін дәл солай қолды қағаздан көтермей, үзбей сызып шығамыз. Ортада «қызғалдақ гүл» өрнегі салады. Балаларға «қызғалдақ гүл»өрнекті тақтаға салу жолдарын түсіндіреді.
Сергігу сәті:
Ал балалар тұрайық,
мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықта,
Оңға, солға иіліпДенемізді бұрайық.
Жұмысты орындаудың реті• Ою - өрнек элементін, оның түсі таңдау.
• Табақта ою - өрнекті балалармен бірге жай қарындашпен орналастыру.
• Оюларды қылқаламмен бояу.
Балалар сурет салуға кіріседі. «Қошқармүйіз», «қызғалдақ гүл» өрнектерді табақта орналастырады. Оюлардың элементтерін жай қарындашпен салады, бояумен бояйды.
ІІІ. Рефлексивті – түзетушілікБалалар шығармалары көрмесі және талдау.
Сабақтың соңыңда төрт - бес үздік жұмыс балалардың көмегімен таңдап алынуы және мына сұрақтар бойынша талдау өткізілуі тиіс:
- Ою - өрнектің қандай элементтері қолданылған?
- Жұмыс ұқыпты орындалған ба?
Балалардың жауаптарын қорытындылап, барлық жұмыстарды мақтанады.
Балалар салған суреттерін, алған әсерлерін көрсетіп айтады.
Сурет салуға деген қызығушылықтарын білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: табақ, ою - өрнек туралы түсінік алады және маңызын біледі.
Игереді: табақ суреті үстіне өрнек салу игереді;
Меңгереді: табақты ою - өрнекпен әшекейлеуге меңгереді.