Ата-ананы ??рметтеу туралы. ?ай?аус.
Сабақтың тақырыбы:
Ата-ананы құрметтеу туралы. Қайқаус.
Мақсаты:
Білімдік: Мәтінді түсіну арқылы негізгі ойды аша отырып,оқушыларға ата - ананы құрметтеу балангың парызы екенін дәлелдеу, мейірімділік сезімін ояту.
Дамытушылық: Байланыстырып дұрыс сөйлеуге үйрету. Оқушының ынтасын ояту, қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым - қатынасты қалыптастыру.Әке – шешесін, бауырларын құрметтей білуге, достарын сыйлай білуге үйрету.
Сабақты ұйымдастыру түрі: дамыта оқыту, іздену.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Әдістері: сұрақ-жауап,іздендіру,өзіндік жұмыс,талдау,пікірлесу,ой толғаныс .
Көрнекілігі: нақыл сөздер,бейнероликтер,қима қағаздар,стикер
I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
«Қызығушылығын ояту»
Мынау тұрған көшпенді қазақ халқының тұрғын үйі.Ол киіз үй.Ал,қанекей осыған күннің шуағын шашайық.
«Күн шуағы».Қол ұстасып бәріміз,Жылылықты сезейік.Шуақ шашқан күндей боп,Күлімсіреп жүрейік.
Ендеше, қазір балалар алдарыңдағы түрлі жылы түстерге жазылған қағаздарды алып топқа бөлініңдер.
1топ.-Шаңырақ
2топ.-Кереге
3топ.-Сықырлауық
II. Үй тапсырмасын сұрау.«Ұшқан ұя». Б.Момышұлы
Жеті атасын жазғанын тексеру.
Оқушының аты-жөні:
№ Жеті атаСенің атаң
1 Ата2 Әке 3 Бала 4 Немере5 Шөбере 6 Шөпшек 7 НеменеТоптарға тапсырмалар беру.
1.Б.Момышұлы кім және ол бала кезінде қандай болған?
2.Б.Момышұлы есейген кезінде қандай болды?
3.Қазіргі уақытта Б.Момышұлын кім деп танисың?
Ой қорыту
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», деген мақалға түсінікеме беру,яғни әрбір адам өз отбасынан тәрбие алады,есейгенде сол тәрбиесін өмірде қолданады.
Тыныштық сәті. (Музыка ақырын ғана ойнап тұрады).
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерімізді жұмамыз. Терең демалайық. Жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдерші. Бұл бақыт, қуаныш жарығы. Бұл жарық жүрегімізге тыныштық, сүйіспеншілік әкелді. Алдымығазда әдемі ағаш өсіп тұр. Жапырақтарына қарашы,қандай тамаша . Бұл сендердің аталарың, әкелерің, әжелерің, аналарың. Бұл ағаштың діңінде отырған сенсің. Бұл жай ағаш емес,бәйтерек ағашы. Ол – сүйіспеншілік ағашы деп аталады. Сендер бәйтерек ағашының жанында аналарыңмен, әкелеріңмен, туған-туыс бауырларыңмен жүрміз деп елестетіңдер. Ағашқа түрлі құстар келіп,сайрап ән салуда. Олармен бірге біз де ұшып,қуанып жүрміз.
Ал,енді көзімізді ашамыз.
Балалар, көз алдарыңа не елестеді?
Қандай сезімде болдыңдар?Сендерге ұнады ма ма?
Ата-аналарың сендерді жақсы көріп,еркелеткенде қандай жылы сөздер айтады?
(Айналайын, ботам,күнім,жарығым т. б).
III. Жаңа сабаққа кіріспе
Жұмбақ жасыру «Ол кім?»
Мұғалім: Айтары мол ғұлама, көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол көкеңнің , білер оны сұраған.
Ол кім?
Оқушылар: ата
Мұғалім: Ол - өте мейірімді, ақ шашты. Дәмді тағамдар пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықта алдында ән немесе ертегі айтып береді.
Бұл кім?
Оқушылар: әже
Мұғалім: Бала,бала, бала деп,түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған.
Бұл кім?
Оқушылар: ана
Мұғалім: Ол – асқар тау.
Атаңның баласы.
Ол қабағын шытса «байқа, балам» дегені.
Отбасын қорғаушы, сақтаушы.
Ол кім?
Оқушылар : /әке/
Мұғалім: Бұлардың барлығын бір сөзбен айтқанда кім дейміз?
Оқушылар : «Отбасы» дейміз.
Мұғалім: Отбасындағы ұл-қыз кімді құрметтеу керек?
Оқушылар : Ата-ананы ?
Ендеше,біздің жанашырымызата-анамыз екенін білетін болдыңдар. Ертең ер жетіп өскенде біз де сол ата-ана атанамыз.
IV. Жаңа сабақ. Ата –ананы құрметтеу туралы. Қайқаус
Дәптерге күннің атын,тақырыбын жазу.
Әр топқа тапсырма беріледі.Постерге ата-ананы қалай құрметтеу керектігін жазу,қорғау.
1топ. «Өрмекші» отбасы мүшелерін жаз.
2топ. «Балық қаңқасы» ата-ананы құрметтеу
3топ. Туыстық атаулар. Кестені толтыру.
Әкенің туыстары кім болып келеді? Ананың туыстары кім болып келеді?
Әже,ата,аға,көке,әпке,
апатай,тәте т.б.
Нағашы ата, нағашы әже,
нағашы аға, нағашы апа т.б.
Қорыта келе « Өзімізге жақын адамдарды ренжітпегеніміз жөн» деп санаймын.
«Қабуснама» — парсы тілінде 1082-1083 жылдар iшiнде жазылған аса бағалы педагогикалық мәнi бар туынды. «Қабуснаманың» авторы — Кайқаус .Каспий теңiзiнiң оңтүстiк жағалауында мекендейтiн Гилан ру-тайпасының ұсақ феодал семьясында (1021-1022 жылдарда) дуниеге келедi.
Кайқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзiнiң ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзiнiң қартайғанын баяндай келiп: «Мeнің дүниедегi жиып-терген ең қымбат асыл затта рым — саған арнап жазған осы үгiт-насихат кiтабым», -дейдi.
1.Мәтінді оқу,талдау.
Сөздік жұмысы
Перзент –бала
Парасат –сана,ақыл-ой
Қаяу –реніш
5. Мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп,әр бөліктің шегін тауып оқу.
-Ата-ананы құрметтеу
-Ата-аныңды ешқашан режітуші болма-Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды.
Бейнесюжет. Ата-анаға құрмет
Ой қозғау.
Осы мәтіндегі айтылған ойларға сай келетін қандай шығармалармен таныстық?Сен ата-анаңды қалай құрметтейсің? Әр топ әңгімелеп береді.
Дәптермен жұмыс.
V. Шығармашылық тапсырма. Деңгейлік тапсырма
1-топ Мақал айту. Ата-ана, бала туралы мақалды жалғастыр.
Анаға қарап қыз өсер , ... .
Ата –бәйтерек , ... .
Атаңа не істесең , ... .
2-топ Ата-анаңды неге теңейсің? Оқушыларға таудың, күннің,ағып жатқан судың, бәйтеректің суреттері беріледі.Суреттің қасына кімді неге теңейтінін жазады.
3-топ Олар қандай?
Аяулы анам ....
Қадірлі әкем.....
Әлпештеген әжем ....
Еркелеткен атам ....
VI . Қорытындылау
Бүгінгі сабақтан алған ойларны қорытып айтады.«Қарты бар үй қазына», «Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келер»
Рефлексия: Стикерге өз ойларын жазып, киіз үйдің шаңырағына іледі.
VII.Үйге : Мәтінді оқу. «Менің отбасым» шығарма
Оқушыларды бағалау.