Урок. Литературное чтение на тему Ата-ананы ??рметтеу туралы (2 сынып)


Пәні: Әдебиеттік оқу Мұғалімі: Есмаханова Күні: 27.01.2015ж
Сыныбы 2 « Г »
Сілтеме Ана тілі оқулығы, Рахметова С. Қабатай Б. Алматы «Атамұра», 2013ж.
Сабақтың тақырыбы Ата-ананы құрметтеу туралы
Сабақтың мақсаты Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын толық баяндап жеткізуге, дұрыс оқуға,түсінігін айта білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже Балалар «қабуснамадан» келтірілген үзіндіні түсініп оқиды, ата-ананы құрметтейді. сөздік қоры молаяды.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
14668973772Бірлескен оқу
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:
Жеке, жұппен, топпен жұмыс;
Ой қозғау;
Диалогтік оқыту
Алынған ақпарат негізінде постер жасау
-«Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс-тәсілдері
Керекті жабдықтар Интербелсенді тақта, плакаттар, суреттер, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті Модульдер көрінісі
Психологиялық дайындық
Топқа бөліну
Сергіту сәті Шеңбер құру
«Кел билейік» биі Оқушылар сабақты жақсы көңіл күймен бастау үшін бір-біріне жақсы тілек сөздер айтады.
4 топқа бөлінеді
Сергіту биін билейді. ОЖТ
АКТ
Үй тапсырмасын сұрау бекіту. Топпен жұмыс 1-топ Момышұлы туралы мағлұмат береді
2-топ
3- топ- Ұшқан ұя түсінігін айтады.
4- топ -
Білу Жеке жұмыс Әр оқушы өз жеті атасын айтады.
Сыйластық, құрметтеу дегенді қалай түсінетіндігін айтады. СТО
ОЖТ (ДО)
Түсіну Түсіндіру Мұғалім: ХІ ғасырда жазылған «Қабуснама» деп аталатын ғажайып педагогикалық кітап бар. Оны Қайқаус деген ғалым 63 жасында өзінің ұлы Гиланшахқа арнап жазған екен. Қолдану (Өсиет сөздерін оқимын).1) Әңгімені осы жерден үзіп, балаларға әрі қарай өз ойларымен жалғастыруын өтінемін)
Балалардың ойын тыңдаймын. (Балалардың ойын тыңдағаннан кейін өсиет сөзді әрі қарай оқимын).
2) (Әңгімені тағы да үзіп, балаларға әрі қарай өз ойларымен жалғастыруын өтінемін. Балалардың ойын тыңдап, өсиет сөзді әрі қарай оқимын. ) Болжау стратегиясы
1)- «Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеудің қажет екендігін ақыл-ой, парасат тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата-ана ғой. Не үшін ата-ананы құрмет жасаймын деп, ойыңа алма. Олар сен ...2) Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі. Сені жан-ділімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаң көңілін қалдыратын құрттай да іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен, ...Егер сен, өз перзентім құрмет қылсын десең, ата – анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент – жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де, дәмі де жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны».Лев Толстойдың әңгімесі- Бір үйде төрт адам бар. Ата, бала, келін немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты. Әке-шешесі:- Балам, не істеп отырсың?- сұрайды.- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын»,- депті баласы.Мұғалім: Ата-ананың қадірін, дос-жолдас, тума туыс, жақын адамдарының қадірін білу, дер кезінде бағалау қажет екендігін еш уақытта ойларыңнан шығармаңдар. Дүние кезек. Сендер де өмір бойы жас болып тұрмайсыңдар. Сендер ата-аналарыңды сыйласаңдар, сендердің балаларың да қартайғанда өздеріңді бағатын болады.«Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды». Ата-анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің». Осы сөздер естеріңде болсын, балалар. СТО,ДО
ОүБ
Талдау
Жеке жұмыс Сөздік жұмыс. Дәптерге орындайды.
Перзент-бала
Парасат – сана, ақыл-ой
Қаяу – реніш. ОЖТ(ДО)
ОүБ, ЖЕ
Жинақтау
Топтық жұмыс
1-топ - Әке – асқар тау
Болаттай берік, құрыштай қайсар рухы бар әкенің өз перзентіне көрсетер үлгі - өнегесі мол. Отбасының, балалардың, әке – шешесінің қамын ойлап, туған – туысқа көмек жасайды. Шығыс халқы “Әкеден артық арман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ” деп әкені айрықша дәріптеген.
2-топ – Ана – аққан бұлақ
Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан «Ананы» ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймай, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.
3-топ- Бала – бауырындағы құрақ
Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек ата-ана өмірінің жалғасы – бала. Бала – ата-ананың бауыр еті. Баланың кісілік келбетін қалыптастыратын ортасы – өзінің ұшқан ұясы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- дейді халқымыз. Айналадағы адамдарды сыйлау ата-ананы құрметтеуден басталады. Әке-шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей алмаған адам өзге ешкімді сыйлап та жарытпайды.
4- топ- Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. СТО, ДТО
ОүБ

Бағалау
Кері байланыс
Үй тапсырмасы
БҮҮ кестесі
Смайликтермен
88328545720Екі жұлдыз,
бір тілек
-1270-13970
Оқу, түсінік айту.
Жаттау.
Бағалау парағы бойынша қорытынды бағасын шығарады
-Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздеріне ұнаған екі әрекеттері туралы ойларын және бір ұсыныс, тілектерін стикерге жазады.
ОүБ ОБ