Урок по казахскому языку на тему С?зді? тура ж?не ауыспалы ма?ынасы
Сабақ жоспарыПән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
Тоқсан: І
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз тура және ауыспалы мағынасы туралы лингвистикалық білім беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөз мағынасының өзгеруі туралы түсінік.
40- жаттығу.
ІІІ Білім тексеру:
Сұрақ жауап
Сөз неден құралады?
Сөздің ішкі мазмұны дегенді қалай түсінесің?
Жеке тұрғанда мағынасын жоғалтқан сөздерді жаз
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сөздің затты не құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады.тура мағына әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы болып табылады, сол арқылы біз заттарды бір – бірінен айыра аламыз. Мысалы: аспан, жер, жел, бұлт дегендер заттарды атаса, биік, жылы, жақсы дегендер сапаны, бару, оқу дегендер қимылды білдіреді.
Сөздер әрқашан тура мағынада айтыла бермейді. Сөздің тура мағынасы негізінде туып, өрбіген, жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады. Лексикалық мағынаның бұл түрін туынды мағына деп атайды. Мысалы: көз адамның немесе жан – жануардың көру мүшесін білдіретін оның бастапқы мағынасы да,күннің көзі, бұлақтың көзі дегендегі көз- оның ауыспалы мағынасы, туынды мағынасы.
Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп қолданудан барып туады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Өздік жұмыс
Өлеңдегі ауыспалы мағынада тұрған сөздерді тауып,олардың тура мағынасына мысал жаз.
Бірге оқыған құрбыға
Бас бәйгені бермедің.
Төре болдың, бас болдың,
Көкірегіңді кермедің.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
42-жаттығуды жазбаша орындау
Өлеңді көшіріп жазу.
Мәтінен ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді, сөз тіркестерін тауып, астын сызыңдар.
43 – жаттығуды ауызша орындау
Мәтінді мәнерлеп оқу.
Шешен сөзін таратып, өз сөздеріңмен түсіндіріңдер
44- жаттығуды тақтада орындау
Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.
Қалаған үш тіркесті қатыстырып үш сөйлем жазыңдар.
VІІІ . Сабақты қорыту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінік
45 – жаттығу.