Саба? жоспары Тарма?талу операторы


Күні:
Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторы.
Сабақтың мақсаттары:
Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру және тармақталған алгоритмдерді бағдарламалау жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, слайд, деңгейлік тапсырмалар, Pascal ортасы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. 
2. Үй тапсырмасын тексеру. 
Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады? DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады? Мәліметтердің типі дегеніміз не? Мәліметтердің қандай типтері бар? Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады? Var операторының қызметі қандай? Const операторының қызметі қандай? Readln операторының қызметі қандай? Writeln операторының қызметі қандай? 
Алгоритмді  компьютер түсінетіндей тілде жазуды не деп атаймыз? (Программалау тілі)
Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
Оқушы қызығушылығын арттыру.Жұмбақтар шешу.
Жануарға ұқсас атым бар,Бағдар көрсетер затым бар.Кілемше үстінде тұрамын,Ең қажетті құралмын... (тышқан)Жұртты өзіне қаратқанАқпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)Мәліметті сұраған,Экранға шығарған....(монитор)Егер білсең, айта қойшыБұл қандай құрылғыАқпаратты қағаздағыКомпьютерге енгізеді....(сканер)
Бір сарайда тұрады екен,Бес атаның балалары.Қыдырмашы біреуі,Бір күн бар да, бір күн жоқ.Соны есепке алсақ.Ұзын саны жүз жеті...(пернетақта)Бұтақ орнында мың бір инесіКомпьютер жаны мекені...(кактус)
Экранның бетінде оның тұрағыҚашан болсын жыпылықтап тұрады. (Курсор)
Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінерИнформатика өлшем бірлікАқпараттарды өлшер (Бит)
3.Жаңа сабақ түсіндіру. 
Паскаль бағдарламалау тіліндегі шартты оператор
Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге бағдарлама құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.
Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер , then – онда , else - әйтпесе.
Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Толық оператордың жазылу түрі:
{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}
IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ELSE <2 оператор>;
Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.
Қысқа оператордың жазылу түрі:
IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ;Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:
= Тең< Кіші<= Кіші немесе тең> Үлкен>= Үлкен немесе тең<> Тең емесОқушыларға шартты операторға өмірдегі кездесетін шарттар туралы мысалдарды келтіртемін. 
Логикалық амалдарда шартты оператор оқу мен түсіну жеңіл болуы үшін оны сатылы түрде былай жазу қалыптасқан:     Шартты оператордың жалпы түрдегі тармақталуы
  
 

4. Сергіту сәті .    Мақал -сөздің  мәйегі" 1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.(Жігітті досына қарап, бағала)2. Байт биттен құралады.(Теңге тиыннан құралады)3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.(Атының сыры иесіне мәлім)5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.(Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса)6. Білмесең, «анықтамадан»  сұра.(Білмесең білгеннен сұра)7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.(Бір бас жақсы, екі бас одан да жақсы)8. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды.(Досы көпті  жау алмайды)9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл. (Күлсең кәріге күл)10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады) 
5. Практикалық тапсырма:( Компьютермен жұмыс)  
1- тапсырма : Екі санның үлкенін табу программасын құр.
2- тапсырма: Екі санның кішісін табу программасын құр.
3- тапсырмаX + 11 егер x > 0
Y =
5 X + x2 егер х ≤ 0
4 – тапсырмаХ + 50 , егер х < 26
У =
2 х + 20 , егер х ≥ 26
5- тапсырма . Программаның математикалық формуласын тап.
program j;
var x,y:integer;
beginread(x);
if x<3 then y:=x+2 else y:=5*x;
write('y=',y);
end.
РефлексияНе білдім?
Не үйрендім?
Не білігім келеді?
6. Оқушыларды бағалау
7. Үйге тапсырма : § 11 оқу