?йгілі палуандар. Презентация саба?тар топтамасы


1-САБАҚтақырыбы: Әйгілі палуан Қажымұқан Мұнайтпасов 1871 жылы 12 тамызда Ақмоладағы Қараөткелдің Қоспа деген жерінде туған.Бірқатар деректерге сүйенсек күш жағынан алып қарағанда Қажымұқанның теңдесі болмаған. «Оның алапат күшінен қарсылас палуандарының қорыққандығы соншалық ,кейбірі тіпті чемпионаттан шығып қалуға мәжбүр болған» деген пікірлер бар.Оның таза салмағы -174 кг ,бойы -195 см болған.1895 жылы Киевтегі палуандар күресінде бірінші рет «Дүниежүзінің чемпионы» атағын жеңіп алды.ТАПСЫРМА1.Мәтінді оқып,асты сызылған сөздерді аударыңыз.2.Сан есімдердің түрлерін анықта.3.Диалог құрастырып,өзара сөйлесіңдер.4.Тірек сызба құрастырып,сол бойынша әңгімеле.5.Интернетті пайдалана отырып, Қажымұқан Мұнайтпасовтың жетістіктері туралы мәліметтер бойынша мәтін құрастыр. Тапсырма1.Берілген кестені толықтырБекзат Саттарханов2.Берілген сөздерге ортақ етістің жұрнақтарын жалға Сөйле,айт,3. Спорт терминдерін пайдаланып,4-5 сөйлем құрастыр.4. Суреттерді қолданып,диалог құрыңыз.Досыңмен сөйлес5.Сурет бойынша мәтін құрастырып,әңгімеле 2-САБАҚтақырыбы: Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәүірде Оңтүстік Қазақстан облысы ,Түркістан қаласында туған.1995 жылы Нұрлан Жұмабаевтың бокс үйірмесіне жазылып,бокспен айналыса бастайды.Бокстың қыр-сырын жете меңгерген былғары қолғап шебері ,оған қоса,20 жасында Олимпиада чемпионы атанды. 15 жасында «Түркістан -95»жүлдесін жеңіп алған Бекзат бокс өнерін игеруге шындап кіріседі.Басты бір ерекшелігі -өзінен басым түскен қарсыласын келесі жекпе-жегінде қалайда жеңуге тырысады.Бекзат Саттарханов-спорт шебері нормасын 17 жасында орындайды.Жаңа сөздер: Былғары қолғап-кожанная перчатка Жекпе-жек- поединок,Қарсылас-противник Жаңа сөздер: еңбек сіңірген, жаттықтырушы, атақ-даңқы Тапсырма1.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.2.Мәтінге тірек сызба құрастырып,мазмұнын айтып бер.3.Жаңа сөздерді пайдаланып,жай сөйлем құрастырыңыз.4.Өзінің ұнататын спорт түрлерін атап,диалог дайында.5. Сурет бойынша интервью жүргіз 3-САБАҚтақырыбы: Серік Қонақбаев Серік Керімбекұлы Қонақбаев кәсіби бокс Федерациясының президенті Пан-Азияттық бокс Ассоциясының орындаушы комитетінің мүшесі. Серік Қонақбаев Мәжіліс депутаты. Серік Керімбекұлына «КСРО-ң еңбек сіңірген Спорт шебері» және де «Қазақтың туризм және спорт академиясының құрметті профессоры» атақтары берілді.Павлодар қаласында дұниеге келген. Ол спорт шебері,атақты жаттықтырушы.Оның көптеген атақ-даңқы шыққан түлектері бар.Олар: Бекзат Саттарханов,Ермахан Ыбырайымов т.б. 4-САБАҚтақырыбы: Бақыт Сәрсекбаев Бақыт Сәрсекбаев 1981 жылы 29 қарашада туған.Алғашқы рет бокс залына 12 жасында келген.Қазақтың спорт және туризм академиясын «бапкер -оқытушы» мамандығы бойынша бітірген.ҚР еңбек сіңірген спорт шебері,І-дәрежелі «Барыс» орденінің иегері.2004 жылы Қазақстанға оралғаннан кейін Қазақстан біріншілігінде жеңіске жетеді.Бірінші жаттықтырушысы-Кәрім Махмұтов.2008 жылғы Бейжің олимпиадасының чемпионы.Қазіргі уақытта спортпен қатар,банктік қызметпен шұғылдануда. Тапсырма 1.Мына сөздердің синонимдік қатарын жаз. /шұғылдану,қызмет,жаттықтырушы/2.Мәтіндегі кейбір сөздерді аудар./ жеңімпаз,біріншілік,қола жүлдегер,иеленді/3.Шылау сөздерді теріп жаз4.Мәтінге сұрақтар құр5.Тақырып бойынша репортаж дайында. 5-САБАҚтақырыбы: Спорт. Тапсырма 1.Спорт түрлерін ата2.Суреттер бойынша диалог құрастыр3.Сөзжұмбақ құрастыр4.Әлия Юсупова туралы не білесің?5.Суреттер бойынша репортаж дайында./Лепті сөйлем қатыстыр/