Открытый урок по казахскому языку в 7 классе Саба?ты? та?ырыбы: « Тіл м?ртебесі – ел м?ртебесі»


Открытый урок по казахскому языку в 6 классе
Сабақтың тақырыбы: « Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»
Сабақтың мақсаты: 1. оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой -  өрісін, білім деңгейін кеңейту.
2. түрлі әдіс – тәсілдер арқылы оқушылардың 
тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. адамгершілікке, ізденуге, білімді  табандылықпен игеруге тәрбиелеу.  
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ –жауап, түрлі тапсырмаларСабақтың барысы:              
І. Ұйымдастыру кезеңі
                                                ( оқушылар 2 топқа бөлінеді)
 Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Құрметті ұстаздар, оқушылар!
« Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты сайысымызға қош келдініздер.
   Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
 « Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов.
Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.
1.Сүйемін туған тілім – анам тілім,
 Бесікте жатқанымда –ақ берген білімШыр етіп жерге түскен минутымнанҚұлағыма сіңірген танас үнін
2. Туған тілде сыры терең жаным бар,
   Туған тілде әнім менен сәнім бар,
  Туған тілім тіл болудан қалса егер   Жүрегімді суырып – ақ алыңдар
3. Туған тілім -  тірлігімнің айғағы
    Тілім барда айтылар сыр ойдағы
    Өссе тілім, мен де бірге өсемін
   Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
4. Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!
Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел
Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.
5. Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
   Құрметтейді кісі екен деп төрге озар   Қай елде жүрсең де бұл дұрысы
  Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
6. Ана тілін білмеген   Ақылы жоқ желікбас  Ана тілін сүймеген
 Халқын сүйіп жарытпас.
Әділ – қазылар алқасымен таныстыру« Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
  Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
 Таныстырсын сайыскелер өздерін,
 Өнеріне ду қол соғып қостайық.- деп, кезекті  сайысқа қатусушы топтарға берейік.
(топтар өздерін таныстырады)
І кезең « Бәйге» деп аталады.Әр топ берілген сұрақтарға тез және нақты жауап берулері керек.
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Көктем мезгілінде неше мереке бар?
3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
4. ҚР – ның  мемлекеттік тілі?
5. Қыста не жауады?
6. Қазақстан Республикасы неше облысқа бөлінеді?
7. Күздің бірінші айы?
8. Қазақстанның туының түсі қандай?
9. наурызда пісірілетін басты тағам?
10. Жылқының иесі кім?
11. Абай Құнанбайұлының шын аты кім?
12.Бір тәулікте неше сағат бар?
13.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
14.Бұл, мынау, сол – сөздері есімдіктің қай түріне жатады?
15. Абайдың неше қара сөзі бар?
16. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
17. Алматы қаласының бұрынғы атауы?
18.Барыс септігінің сұрақтарын ата?
19. Біздің аудан атауы?
20. « Мұғалім» сөзініңсинонимі?
21. Бие сүтінен дайындалатын емдік сусын?
22. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары?
23. Бала оқытатын адам?
24. 17. Қазақстанның валютасы?
25. Қазақстанның рәміздеріне не жатады?
ІІ топқа
1ҚР ның рәміздері қашан қабылданды?
2. Абай Құнанбайұлы кім?
3. Жүз жасаған ақын
4. Зере Абайға кім болады?
5. Сиырдың иесі кім?
6. Қазақтың тұғыш ғарышкерін ата?
7. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
8. Тышқаннан қорқатын аң?
9. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?
10. Кішкентай сәби тез жүріп кету үшін қандай рәсім жасалады?
11. Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын қалай аталады?
12 Қазақстанда неше ұлт өкілдері тұрады?
13. . Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атандар?
14. Киіз үйдің төбесі?
15. Заттың, нәрсенін атын білдіретін сөз табы?
16. Тіл мерекесі қай күн?
17. Қазақтың үш дана биі кімдер?
18. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
19. Абайдың неше қара сөзі бар?
20. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
21.Барыс септігінің сұрақтарын ата?
22. Біздің аудан атауы?
23. « Мұғалім» сөзінің синонимі?
24. Бие сүтінен дайындалатын емдік сусын?
25. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары?
ІІ кезең « Сөз мәйегі – мақал»
ІІІ кезең « Полиглот»
Ең бай адам – көп тілді меңгерген адам. Ал, көп тілде еркін сөйлейтін адамды – ғылым тілімен « полиглот» дейміз. Елбасының талабы бойынша, біздің мемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймыз. Оны тексеру үшін сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын табасыңдар. Оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аударасыңдар.
1.Темір тілді,
Күміс үнді. (Қоңырау –звонок)
2. Қабат – қабат қаттама,
   Ақылын болса аттама. ( кітап – книга)
3. Түк білмей барасың,
   Тәлімін аласың.
   Есейіп кетсең де,
  Қарыз болып қаласың    ( мектеп – школа)
4. Суға батпайды,
    Отқа жанбайды. ( мұз – лед)
5. Табаныма байладым,
   Қос таяқпен айдадым    ( шаңғы – лыжи)
6. Оқушыға күнде еріп жүретін не?   ( дневник – күнделік)
ІҮ кезең « Зерде» осы ойында сендер сөйлемдерді толықтыруларын керексіңдер.
Ү кезең « Кім жылдам?»
1. Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар.
Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген.
2. Шұбарламау, басқа тілдің, тіл, дегеніміз, сөзімен, тазалығы, ана тілін.
Тіл дегеніміз – ана тілін басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
3. Өз халқының, қол, болашағынан да, Ана тілін, үзеді өткенінен де, ұмытқан адам.
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан да қол үзеді.
ҮІІ кезең « Өнерлі өрге жүзер»
Тіл туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?
« Қазылар орнықтырар әділдікті,
  Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
  Білім мен тапқырлықтың сайысында  Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты» , - дегендей сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз  берейік.