Санды?, м?тіндік, ж?не графиктік а?параттарды кодтау. 7 — сынып
3 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сандық, мәтіндік, және графиктік ақпараттарды кодтау.
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өңдеуді, және
сақтаудың тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.
Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің
көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау
жүйесімен, АSСІІ кодтарымен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамыту шылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
• Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
• Байланыс тілі деп нені айтады?
• Қандай тілдерді білесіңдер?
• Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
• Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір
Жаңа түсініктер:
Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодталу) түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрлау деп те айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиті 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек, мысалы: 1-құрылғыда ток бар, ал 0-жоғын, немесе 1-жоғары кернеу, 0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын снгналды бит деп айтады. Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді қолдану қабылданған. 8 биттен түратын кодты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодталу комбинацияларының жиынтығын кодтау кестесі деп атайды.
АSСП коды.
Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код- АSСІІ коды-американдық апарат алмасудың стандартты коды.
Кодтау кестесінің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен түрады: стандартты, баламалы.
Стандартты бөліктегі - бірінші 128 символдар, 0-ден 127 -ге дейінгі кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен копьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.
Баламалы бөліктегі - 128-ден 255-ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттер (орыс, қазақ). Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі 2-суретте келтірілген. Парта сөзін кодтау үшін
• Мәтіннің әр символының кодон АSСІІ кестесінен табу керек. Оның коды-екі оналтылық сан, оның біріншісі - осы символ орналасқан көлденең жолды4
номерін, ал екіншісі тік баған номерін көрсетеді. Сосын сәйкестендіру кестесінен оның екілік жүйеге ауыстыру керек.
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.1, 2, 3,4, 5 тапсырмаларды және оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындауСабақты бекіту сұрақтары:
• Кодтау мен кері кодтау деген не?
• Бит, байт деген не?
• Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?
• Оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындауҮйге тапсырма : 1.2 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.2.6, 1.2.7 тапсырмаларды орындау