Урок по математику на тему Тригонометриялы? функцияларды? ?осындысы мен айырымын к?бейтіндіге т?рлендіру формулалары 9 класс


Сабақтың тақырыбы: «Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың қосынды және айырым түрінде берілген тригонометриялық формулаларды түсінгендерін тексеру, формулаларды есептер шығаруға дағдыландыру.
Оқушылардың алған білімі мен қалыптасқан білік, дағдыларын практикада қолдана білуін қадағалау.
Жауапкершілікке, ұжымдық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Білімді шолу, жүйелеу,бекіту.
Әдістер: практикалық, зерттеу, ойлау, СТО
Технология: Есеп шығаруға негізделген технология, ақпараттық технология,СТО технологиясы.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер,негізгі психолометриялық жеке тұлғаның қасиеттері, сауалнама.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
А) Оқушыларды түгендеу.
Б) сабаққа әзірлігін тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №57
ІІІ. Сабақ барысы.
Қызығушылықты ояту. Негізгі психогеометриялық жеке тұлғаның қасиеттері (сауалнама), әр оқушы фигураларды таңдай отырып,өз бойындағы қасиеттерін анықтайды.
Мағынаны ажырату.
А) «Кубизм» стратегиясы бойынша, тригонометриялық функцияның қасиеттерін қайталау сұрақтары.
Б) Дұрыс жауабын көрсет. (формулалар біліктілігін тексеру) Интерактивті тақтада формулалардың бір бөлігі жазылған, ал екінші бөлігін оқушылар тауып, сәйкестендіру.
Дұрыс жауабын көрсет:
Sin α + sin β =
Sin α – sin β =
Cos α + cosβ =
Cos α – cosβ =
tgα + tgβ =
tg α – tg β = Жауаптары тақтада.
IV . Ой шақыру. Деңгейлік тапсырмалар орындау. Оқулықтағы А,В – деңгейлік есептер № 58,59,60
V. Ой толғаныс. Шағын тест жұмысы. Электрондық оқулық. №1-10
VI. Қорытындылау.
VII. Бағалау. (компьютерде)VIII. Үйге тапсырма : №61,62