Формативное Оценивание учеников. О?у ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау


«Oқy үшiн бaғaлay жәнe oқyды бaғaлay»
Формативті бағалау оқушының дамуына әсерін тигізе ме? Иә, әрине тигізеді. Себебі, сабақ барысында оқушының сенімі мен ынтасын арттыру үшін мұғалімнің тарапынан айтылған мадақтаулар мен ынталандыру сөздері оқушының көңіл-күйін жақсартады, әрі өз оқуына жауапкершілікпен қарауға, табысқа оқуға қол жеткізуге, келесі жұмысқа деген құлшынысын арттыратыны анық. Дегенмен, оқушының өзін-өзі формативті бағалауы бірден шынайы болмайды, күнделікті тәжірибе негізінде баланың бойында өзін шынайы бағалай білу дағдысын қалыптастыру үшін кері байланысты орнату және жетістік критерийлерін ұсыну маңызды болып табылады. Формативті бағалаудың суммативті бағалаудан ерекшелігі онда бала өзіне және сыныптасының атқарған жұмыстарына немесе орындаған тапсырмаға бағалау жасап, өздерінің нені және қалай үйренгендерін айқындауды үйренеді.
Яғни, оқушыны бағалау-білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтері іздеу және түсіндіру үдерісі (МАН, 54-бет). Бұл берілген анықтама мұғалімдердің жалғыз бағалаушы тұлға болмайтынын, оқушылардың өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға белсенді қатысу керек екендігі айтылған. Ол үшін оқушылар өз білімін арттыруда бағалауды үйрену қажет. Және өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа бағытталған жұмыс істеу қажет.
Барлық мoдyльдep өзара тығыз бaйлaныcты екені белгілі. Десе де, мaңыздылығы жaғынaн, қoлдaнyдaғы қapaпaйымдылығы жaғынaн жәнe өзeктiлiгiмeн ерекшеленетін ocы мoдyльдi тaңдayды жөн көрдiм. Демек, мен тізбектелген сабақтар топтамасында аталмыш модуль идеяларын қалай және неге ықпалдастырдым?
Екінші сабақ «Тамақтану. Тағамдар» тақырыбында өткізілді. Топтық жұмысты бастар алдында оқушылар сабақ нәтижелі болуы үшін жетістік критерийлерімен танысты. Мұндағы критерийлер арқылы оқушылар өздерінің сабақ соңына дейін қандай деңгейге өсетінін өлшей алатын болады және не туралы білім алатынын алдын ала біліп отырады. Сабақ басында оқушылардың ойларын қозғау үшін тақырыпқа байланысты бұрынғы білімдерін анықтау үшін ашық сұрақтар қойылды:
Мұғалім: -Ағылшындар қандай тағам түрлерімен қоректенеді?
Оқушы: -Олар балық пен чипсы, хот дог, Йоркшир пуддинг тағамдарын жейді.
Мұғалім: -Қазақстандықтардың тамақтануымен қандай ұқсастықтары неде?
Оқушы: -Олар қазақтар сияқты етті көп жейді және шайды жақсы көреді.
Осындай ашық сұрақтардың тиімді қойылуы арқылы тақырыпты ашуға мүмкіндік берді. Себебі, «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс сұрақтың тиімді қойылуы, менің пайымдауымша, сұрақ тиімді қойылған жағдайда оқушылардан тиісті ақпаратты алуға болады және оқушының толық жауап беруін үйретуге де болады.
Оқушылардың бірлескен оқуын жүзеге асыру мақсатында «Өкіл әдісі» бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылды. Әр топ берілген мәтін бөлігін оқиды, өзара талқылайды. Талқылау барысында оқушылардың арасында кумулятивтік әңгіме түрі өрбіді, яғни әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған идеяларды төзімділікпен тыңдады. Себебі, оқушыларда қарсы пікір айтылмады, идеялар қайталанды. Әр топ өкілі келесі топқа барып түсіндірме талдау жасады, оқушылар өзге топтың мәтініне сұрақтар қоя бастағандары қуанарлық жағдай орнатты. Өйткені, олардың толық сол тақырып аясында білу қажеттіліктері туындады. Топтардағы жұмыс Б бақылау парағы арқылы жүрді. Әр топ бақылаушылары топтық талқылауда топ мүшелерінің тақырып төңірегінде қосқан үлестеріне тоқталды. Осы бағалаудың түрі барлық топта өз дәрежесінде болмады, менің ойымша бұл туындаған қиындықтың болу себебі, бұрын соңды оқушылар бағалау парағын жүргізіп дағдыланбаған.

Б бақылау парағы
Демек, мен алдағы уақытта бағалау парақтарымен жұмысты жандандыруым қажеттілігін түсіндім. Дегенмен 2 топ бақылаушысының бақылау парағы толыққанды жүзеге асырылған. Яғни, бақылаушы әр топ мүшесінің рөлдері қаншалықты атқарылғандарымен қоса, тақырыпты талқылауға қосқан үлестерін қамтыған. Осы топтық жұмыстан кейін оқушылар жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабар беру үшін қара жәшік ішінде айтылғандай сыныптың өн бойында әрбір іс-әрекеттен кейінгі ауызша кері байланыс орнатылды.
Мұғалім: -Топтық жұмыста не ұнады? Неліктен?
Оқушы: -Маған әңгімені өзіміз оқығаннан гөрі, әр топтың өкілі келіп түсіндіргені ұнады. Себебі, басқа сыныптасымның баяндап берегенінен әңгімені толық және анық түсінуге мүмкіндік алдым.
Мұғалім: -Негізгі идеяны жеткізуде не қиын болды?
Оқушы: -Ең бірінші, маған ағылшын тілінде еркін жеткізу қиын
болды.
Кері байланысқа қатысты қойған сұрақтарымнан оқушылардың топтық жұмыстың қалай өткенін, бақылаушының берген бағалауына оқушылардың көзқарастарын білуге мүмкіндік туды. Қуанарлық жағдай, оқушылардың туындаған кедергілерді жасырмай айтулары. Топтағы кейбір оқушыларға мәтінде берілген сөздердің мағынасын білу қиындық келтіргені белгілі болды. Сол сәтте туындаған танымдық кедергіні, тілдік тосқауылды жеңу мақсатында сөздік арқылы жаңа сөздермен жұмысты қайтадан қайталауға мәжбүр болдым. Осы жерде бес түйінді фактордың алғашқысы, яғни оқушыларға кері байланыс ұсыну жүзеге асқанын байқадым. Оқушылардың топтық жұмыстағы кедергілерін ескере отырып, сыныптың топта талқылауға дағдыланбағанын байқадым. Алда осы қиындықтарды болдырмау үшін сыныпта ең алдымен тілдік дағдыны қалыптастыру керек деп шештім.
Балалардың осы бағалау парағындағы айтылған қиындықтарын, яғни бағалау нәтижелерін ескере отырып, алдағы сабақтарда оқытуды түрлендіруге бағыт-бағдар алдым.
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс, яғни оқу үшін бағалауды қолданудағы 4 аспектіні қамтудың нәтижесінде оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту жүргізілді.
Үшінші сабақ «Дастархан мәзірі» тақырыбында болды. Оқушылардың жұптасқан оқуын жүзеге асыру мақсатында сабаққа «Сәйкестендіру» әдісі бойынша жұптық жұмыс сын тұрғысынан ойлауға үйретуге бағытталды. Сабақтың белгілі бір кезеңінде жұптық жұмыс ретінде сәйкестендіру жұмысы жүргізілді. Олардың әрқайсысы екіншісіне қағаз бетіндегі сұрақты оқып, ортадағы жіпті жауабына қарай сәйкестендіруі тиіс болатын. Жұптасқан оқушылар өздерінің тапқан жауаптарын ақылдасып сәйкестендіріп, жауаптарын Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсеткендей (МАН, 36-бет), жұптар арасында диалог өрбіді. Жұмысты жасау кезінде жұптардың үлкен қызығушылықпен орындап жатқандарын, өздерінің пікірлерін жеткізуге көмектескенін және осындай жұмыс түрін орындау жайлы болғанын көріп, осы стратегияны таңдағаныма іштей қуанып қалдым. Бұл жұмыс оқушылар тарапынан жұптарда өзара дайын үлгі жауаппен салыстыру арқылы бағдаршам түстерімен бағалау жүзеге асты. Жұптардың барлығы да сәйкестендіру жұмысын үлгі жауаппен бірдей дұрыс орындаған. Алған әдіс сәтті таңдалғанымен, ішіндегі тапсырмаға менің тарапынан Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасалмағанын аңғардым. Яғни, оқушылар жұмысты орындау арқылы өз-өздерін ынталандыра алды және осыған орай, олардың бойында ұмтылыс пен қызығушылық пайда болғанын байқадым. Бірақ, жұптарда тапсырманы өз жұбымен ағылшын тілінде талқылауы керемет дамыды деп айта алмаймын және де балалар өздерінің пікірлері ескерілетінін сезіне алмады, олар тек қазақ тілінде: «Былай сәйкестендірейік, мына жауапқа апара салайық»,- деді. Сонда осындай жұптарды байқап, жандарына барып, бағыт-бағдар бердім, соның арқасында балалардың барлығы сәйкестендіру тапсырмасын сәтті орындап шыға алды.


Жұптық жұмыс және өзара бағалау
Негізінде жұптық жұмыс өзіне сенімі аздау балаларға жұмысқа қатысуға көп көмегін тигізді, себебі, білмегендерін жұбымен ақылдасу барысында ортақ жұптық әңгіме жүріп талқылады. Өздерінің пікірлерін барлығы дерлік ұсына алмады және менің қойған сұрақтарыма жауап беруге 3-4 оқушы ғана қатысты. Жұптармен әңгімелесу оқушылардың сабақтың негізгі идеясына байланысты не ойлайтындарын түсінуге біршама көмегін тигізді. Кейбір оқушылардың тапсырманы жылдам түсініп оңай орындаулары мені таң қалдырды. Мысалы, В деңгейлі Ә есімді сабаққа бұрын араласа бермейтін тыныш оқушы ашылып, әрі жұбымен ақылдасып жауапты дұрыс тауып отырғанын көріп, мені іштей қуаныш сезімі биледі.
Бірінші жұптасып талқылаудан кейінгі жауаптардың деңгейі төмен болды. Ал, екінші жұптасып талқылаудан кейінгі жауаптардың деңгейі жоғарырақ болды. Себебі, жауаптар сараланып, жөнделді. Әдеттегі жұптық талқылаусыз өтетін жаттығумен салыстырғанда, жауаптардың деңгейлерінде үлкен айырмашылық байқалды. Бұрын жұптық жұмыста тек А немесе В деңгейлі оқушылар ғана тапсырманы орындап С деңгейлі оқушымен талқыламай өздері ғана орындайтын. Ал, қазіргі кезде С деңгейлі оқушылар білмегендерін сұрап, жалпы тапсырманың не туралы екенін және қалай оқу керектігін түсініп отырды. Балаларға басқа оқушылардың жауаптарын тыңдау өздерінің ойларын қалыптастыруға көмегін тигізді.
«Бағдаршам» арқылы оқушылар өз жұмыстарын формативті бағалады. Жұмыс жасау кезінде формативті бағалаудың стартегиялаын пайдалану оқушыны ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың стратегияларын пайдалану оқушыны ынталандыру және жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың тиімді жолы болады деп санаймын. Бағдаршамның жасыл түсін - 5 жұп, сары түсін – 1 жұп көрсетті, ал қызыл түсін – ешқандай топ көтермеді.
Балалардың жауаптары мен жасаған жұмыстарының нәтижесіне қарап , олардың сын тұрғысынан дағдыланған сабақ өткізілгені байқалды.
Сыныптағы дарынды да талантты оқушыларды анықтау мақсатында жас ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырма жеке жұмыс түрінде төртінші сабақ «Менің сүйікті рецептілерім» тақырыбында ұйымдастырылды. Жекелеген оқушылар «Ойлан, жаз, толықтыр» тапсырмасын Зонглер әдісі арқылы орындап шықты. 1тапсырма оқулықтағы кейіпкердің сүйікті тағамының рецептісін кестеге толықтырып жазып шықты. Екінші тапсырмада осы рецептіні бос кестеге толтырып жазды. Үшінші кеңейтілген тапсырмада өздерінің сүйікті рецептілерін ауызша түрде ағылшын тілінде айтып берді. Осы тапсырманы сыныптағы А деңгейлі А есімді оқушының орындай алғанын көргенде өз жұмысымның нәтиже беріп келе жатқанын түсіндім. Себебі, бірінші сабақта оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу қабілеті бүгінгі төртінші сабақтағымен салыстырғанда төмен көрсеткіште болатын. Бірақ, әлдеде де болса тілді кеңінен қолдануға ықпал жасалу керек.


Жеке жұмыс орындау барысында
Жеке жұмысты орындау барысында көмек қажет етіп отырған С деңгейлі оқушыларға ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, бағыт бердім. Әр түрлі деңгейдегі үш оқушыны бақылап, олар топта қалай жұмыс істейтіндерін анықтау барысында осы оқушылардың әрқайсысы ұсынылған жеке тапсырмаларды орындау кезінде қалай оқығандарына бақылау жүргіздім.

А, В, С деңгейлі оқушылардың жеке жұмыстары
Жеке жұмыстың алғашқы екі тапсырмасын А және В деңгейлі оқушылар орындай алған, бірақ грамматикалық және орфографиялық қателер жіберген, кейбір жауаптарды шатастырып жазған, тек С деңгейлі екі оқушы ғана үшінші тапсырмаға жете алмады. Бұл орындай алмаған оқушыларға не кедергі болды және оны қалай жақсартуға болады деген ой мені үнемі мазалайтын болды. Оның себебі, олар қатемен жұмыс жасамайды және білмеген тұстарын ізденіп жауабын табуға ынталанбайды. Жалпы айтқанда, олардың бойында төмен мотивация мен қызығушылықтың жоқтығы немесе өздеріне деген сенімділіктің мүлдем жоқтығы деп ой түйдім.
Мен осы жұмысты жинап алып, екі жұлдыз бір ұсыныспен бағаладым. Оқушылардың басым көпшілігі тапсырманы орындай алғандарымен, орфографиялық қателер жіберген. Оларға тапсырманы толық орындап, грамматикалық қате жібермей жұмыс жасауларын ұсындым. Осы жұмыстардың нәтижелерін ескере отырып, алдағы оқытуды түрлендіремін. Сонда, оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылықтарын оятып, оқуда кездескен қателіктерін және оқушылардың жеке жұмысты орындау кезінде туындаған қиындықтарын жөндеуге мүмкіндік аламын. Бұл формативті бағалау түрі олардың алдағы уақытта тапсырманы қалай жазу керектігін білулеріне, ұсыныспен жұмыс жасауына, тапсырма аясындағы білімдерінің дамуына, сын тұрғысынан ойлана алуларына мүмкіндік берді.
Сабақ соңындағы кері байланыста оқушылар «сабақ ұнады», «тапсырмалар ұнады», «уақыт жетпей қалды» деген сөздерді стикерге жазып мұғалімге рефлексивті көбелекке жабыстырды.

Сабақ соңындағы рефлексия
В деңгейлі Ж есімді оқушының жазған ойы:
Маған ұнағаны: «сабақтың бәрі ұнады. Басқа оқушылар ұнамаған жерлерін айтып жатыр, ал маған ұнамаған жері жоқ. Сабақ қызықты болды, апай көп қызы тапсырмалар әкелген.»
Менің ұсынысым: «Тапсырмаларды орындағанда уақыт көбірек берілсе және ойындар ойнасақ», - деп жазыпты. Тізбектелген сабақтар топтамасында өзіме ұнаған ұтымды тұстарын әр сабақтың соңында рефлексия толтыртып, не сәтті шыққанын, қандай тапсырмада оқушыларға қиындық туындайтынын, алда не білгілері келетіндерін жаздырту арқылы оқушы үнін тыңдап, бөлісіп отырған тұстарым болды.
Алдағы сабақтарда балалардың күрделілікке деген сүйіспеншіліктерін арттыратын, қызығушылықтарын оятатын тапсырмалар ұйымдастырып, олардың эмоцияларына емес танымдық аспектілеріне мән беріп, оқушыларға тілді сыныпта еркін пайдаландыруға өзімді-өзім бағыттаймын. Дәстүрлі сабақтағы 5 баллдық жүйедегі бағалау оқушының нақты қай деңгейде тұрғанын анықтап бермейді және баланың дамуына, қорытынды бағасы ретінде қабылданғанымен, нәтижеге жетуіне мүмкіндік жасамайтынына көзім жетті.
Тізбектелген сабақтар топтамасының «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модуль идеясы енгізілуінен сәтті шыққан тұстары:
Оқушылар формативті бағалаудың стратегияларын қолдануды үйренді;
Оқушылар топтарда өзара екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалауда ұсыныс жасауды үйренді;
Оқушылардың жұмыстарынан кейінгі алынған кері байланыстан олардың даму деңгейі мен жетістіктері жайлы хабар алдым.
Сабақ барысында туындаған қиындықтар:
Оқушылар сыныптасының және өз жұмыстарына шынайы баға беруге дағдыланбауы;
Б бақылау парағы арқылы топтардағы өзара бағалау жүргізуде рөлдердің тақырыпты ашуына қосқан үлесін емес рөлдерді қалай атқарғандарына баға бермеуі,
Жұптық жұмыста өз жұбын бағалаудың шынайы жүргізілмеуі.
Алдағы уақытта туындаған сәтсіздіктерді жою мақсатында төмендегі ұсыныстарды қабылдадым:
Балаларды сыныптастарына және өздеріне шынайы баға беруге дағдыландыру;
Б бақылау парағы арқылы топтардағы өзара бағалау жүргізуде рөлдердің тақырыпты ашуға үлес қосуына мән берулерін ескерту;
Дайын үлгі жауап бойынша жұптар өзара бағдаршам арқылы бағалауы шынайы жүргізілуі үшін сыныптағы бірнеше оқушының жұмысын оқыту.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық. III (базалық) деңгей, IV басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
“English 7”, Т.Аяпова, З.Абильдаева, «Мектеп» баспасы, Алматы қаласы, 2012
Таратпа материалдар. (Үшінші аптаның 1-2 күніндегі материалдар).