Бой?а ?уат, дертке шипа сары ?ымыз ?ылыми жоба бастауыш сынып?а арнал?ан


Ғылыми жоба Павлодар облысыПавлодар ауданы№1 Чернорецк орта мектебнің3-қазақ сынып оқушысыСарсенова ДильназЖоба жетекшісі:Қобдабай Өрік Тақырыбы“Бойға- қуат, дертке –шипа-- сары қымыз” Бағыты: Таза табиғи орта-Қазақстан - 2030 стратегиясын іске асырудың негізіЕлбасымыздың Қазақстан халқына “Нұрлы жол- болашаққа басар жол” жолдауында 2015 жыл ұлттық тарихмызды ұлықтау және бүгінгі мерейлі белестер жылы деп атап айтқан екен. Аңдатпа: 1.Кіріспе 2. Негізгі бөлім 2.1. Жылқының қасиеті- сүтінде 2.2.Қымыздың пайдасы 2.3 Қымыздың қасиеті мен түрлері 3.1. Қымыздың қышқылдығын анықтау 3.2. Қымызды ашытатын ыдыс түрлері 3.3. Қымызды ашыту әдістері 4.Қорытынды 5.Ұсыныстар 6.Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе “Жылқы –малдың патшасы,түйе-малдың қасқасы” деген мақал қазақта тегін айтылмаған. Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте, басқа түскен ауыр күндерде бұл түліктер адамның жансерігі, айырылмас досы болған. Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл. Оны бағуда шығын шықпайды. Еті де, сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам. Жылқы малының сүті қымызды тұрмыста қолданылғанымен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады. Мақсаты: Жылқы сүті қымыздың пайдасын, түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрену. Міндеттері: Қымыз туралы кітаптардан, оқулықтар мен зерттеулермен танысу; Қымыздың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету; Ғалым, доктор, профессор еңбегімен танысу . Нысаны: жылқы сүті қымызПәні: дүниетану Болжам: егер біз қымыз жайлы оқып білсек, онда қымыздың көптеген сырларын ашар едік. Нәтижесі: іздену нәтижесінде қымыздың денсаулыққа пайдалы екенін, әртүрлі ауруларға емдік қасиеті бар екенін білеміз. Қандай сусынды жақсы көресің?- десе, көп бала «Кока- кола», «Пепси», «Спрайтты» атайды. Ал мен қымызды, шұбатты ұнатамын. Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді. қымыздың түрі өте көп бірақ мен жыл маусымына қарай өзгеріп отыратын қымыз түрлерін жаздым Қымыздың қышқылдығын анықтауҚымызды көмір қышқылынан арылтқаннан кейін ғана оның қышқылдығын анықтауға боладыЖалпы қышқылдықтан өзгеше бұл қышқылдық тұрақты деп аталады Қымызды: әлсіз орташа және күшті деп үш категорияға бөледі Әлсіз қымыздың қышқылдығы-60-80 градусқа төмен Орташа қымыздың қышқылдығы-81-100 градусқа төмен Күшті қымыздың қышқылдығы-101-120 градусқа төмен Қымыз ашытуда қолданылатын ыдыстарКүбі емен ағашынанжасалады. Күбінің ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңірек болып келеді.Сиыр терісіненжасалған саба.Сабаға құйып ашытқан қымыздыңсапасы өте жоғары болады. Торсық дегеніміз жылқының терісінен шелін алып, ыстап жасалған,сиымдылығы 10-30 литр тері қап Тазалық- жеке гигиенаның ең негізгі талаптары Сүт пен қымызға жақын жүретін қызметкерлер таза, әрі жинақы киініп, қолдарын мұқият жуып отыру қажет.Биелерді сауу кезінде дәрігерлік-санитарлық ережелерді, тазалық гигиенасын, ветеринарлық-санитарлық шараларды қатаң сақтау қажет. Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз:Үйірілген сары алтындай сары қымыз,Ауруға-ем, сауға –қуат, дәрі қымыз.Елімнің баяғыдай сүйген асы,Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз,-деген өлең жырларымен қорытындылаймын. Гипотеза:1.Мектеп жанындағы жазғы сауықтандыру лагерінде оқушылардың денсаулығын арттыру мақсатында бір мезгіл қымыз беру.2.Өз достарыма, туыстарыма химиялық қоспасы көп сусындарға («Пепси», «Кола», «Спрайт» т/б) әуестенбей, пайдасы көп қымыз ішуге шақырамын.