Word. Ж?зім — дертке шипа болатын жеміс ?ылыми жоба
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе …..............................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2. Жүзім – дертке шипа болатын жеміс
2. 1 Жүзім жемісіне жалпы сипаттама ................................................5
2. 2 Жүзім құрамы ...................................................................................7
2. 3 Жүзімнің адам денсаулығына тигізетін емдік қасиеттері .......9
2. 5 Жүзімді пайдалану ерекшеліктері ..............................................15
ІІІ. Қорытынды ......................................................................................19
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................20
І Кіріспе
Өседі екен шоқтанып.
Жүр оңтүстік қазағы
Жүзімімен мақтанып.
Депті жүзім бұрында:
«Ексең жетем Қырымға.
Эфир майы,
Сірке су,
Жүзім - мейіз, шырын да.
Жер бетінде ең алғаш пайда болған өсімдіктердің бірі – жүзім. Оның жапырақтарының ізі мен дәндерінің қалдықтары сонау бор дәуірінің қазба жұмыстарының арасынан табылған. Сондай деректерге қарап, мыс және қола дәуірінде жүзімнің дәл бүгінгідей өсіріле бастағанын байқаймыз. Археологтар жүзім ұрықтарын көбіне өзен маңындағы қоныстардан кезіктірген екен.
Египеттіктер жүзім өсіруді б.з.д 4000 жыл бұрын бастаған, жүзім шағы олардан финдіктерге жеткізіліп, кейіннен римдіктерге тараған. Ғылыми деректерде римдіктердің өз заманында жүзімнің 100-ге жуық түрін өсіргендіктері туралы да аз айтылмайды.
Жүзім мәдениетін дамытқан, виноның түр-түрін жасауды жолға қойған да осы египеттіктер болатын.
Қазіргі таңда жүзім ең көп өсірілетін аймақ – Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі.
Замандар әфсанасы, деректер Шыңғысхан шапқыншылығы суырған топырақтың астында қалған ежелгі Отырар мақтаның, жүзімнің отаны болғанын көрсетеді. Отырар қаласының орнынан табылған суландыру жүйелері, мақта шиті, жүзім тұқымдары мұнда өркендеген мақта, жүзім шаруашылықтары болғанын дәлелдейді.
Жүзім шаруашылығы – ауыл шаруашылығының жүзім өсірумен айналысатын саласы. Жүзім шаруашылығы халықты жас және кептірілген жүзіммен, шарап және консерві өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Жүзім шарушылығының 4 өндірістік бағыты бар: асханалық Жүзім шаруашылығы - жергілікті тұтынуға, басқа жерлерге тасымалдауға және сақтауға арналған жүзім жемісін өсірумен айналысады; кептірілген жүзім өндірісін шикізатпен қамтамасыз ететін - Жүзім шаруашылығы мейізді, киш-мишті сұрыптарды өсіреді; шарап, шампан, коньяк өндіретін заттарды шикізатпен қамтамасыз ететін Жүзім шаруашылығы жүзімнің шараптық сұрыптарын өсіреді; Жүзім шаруашылығының төртінші бағыты шырын, сусын, тосап, маринад, т.б. алкогольсіз өнімдер өндіретін консерві өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз етеді. Қазақстанда жеміс-жүзім кеңшарлары 20 ғ-дың 20 – 30-жылдары құрыла бастады.
Мақсаты: Жүзім жемісіне жалпы сипаттама бере отырып, оның адам денсаулығына тигізетін пайдалы жақтары мен емдік қасиеттерін саралау
Міндеттері:
- Жүзім жемісіне жалпы сипаттама беру;
- Жүзім құрамына талдау жасай отырып, оның өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
- Жүзімнің адам денсаулығына тигізетін емдік қасиеттерін сараулау;
- Жүзімді пайдалану ерекшеліктеріне жүйелі түрде анықтама беру.
ІІ Негізгі бөлім
2. Жүзім – дертке шипа болатын жеміс
2. 1 Жүзім жемісіне жалпы сипаттама
Жүзім (Vіtіs) – жүзім тұқымдасына жататын өсімдік. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі. Діңі – шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық Жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 – 5 м), жіңішке келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен тозаңданады. Жемісі – жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 – 80%), фруктоза, глюкоза (15 – 35%), органикалық қышқылдар (4 – 11%), пектин (0,3 – 1,2%), минералдық заттар (0,3 – 0,6%) және С, В1, В2, РР витаминдері, провитамин А (каротин) бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап қышқылдары, т.б. заттар алынады. Піскен жүзім жемісі адамның ас сіңіруін жақсартып, зат алмасуын тездетеді. Жүзім дақылының жылдық тіршілігі екі кезеңнен (тынығу және вегетация) тұрады. Тынығу кезеңінде жапырақтары түсіп, қоректік заттар сабағына, тамырларына жиналады.
Вегетация кезеңі. Жүзім бүршік жара бастағаннан жемісі толық пісіп, жапырақтары түскенге дейін созылады. Жүзім тұқымынан және вегетативтік тәсіл арқылы көбейеді. Тұқымынан көбейту жаңа сорт шығару үшін қолданылады. Негізгі вегетативтік көбейту түрлері – сүректелген не жасыл бұтағын қалемшелеу, сабағын сұламалау, ұластыру, т.б. Екпе шыбықтарынан отырғызылған жүзім 2- 3-жылы өнім салады. Жүзімдіктер 40 – 50 жылға дейін пайдаланылады.
Жүзім сорттары
Жүзімнің 5 мыңнан аса сорты белгілі, оның 2,5 мыңы ТМД елдерінде, 50-ден астамы Қазақстанда өсіріледі. Қазақстанда өсірілетін жүзім сорттарының негізгілері: асханалық сорттар – інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін сорты, ақ шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт түсті тайфи, венгр мускаты, оның ішінде жидектері кептіріліп мейіз жасалатын сорттары – рислинг, ркацители, алеатико, қара пино, саперави, Құлжа жүзімі, т.б.
Жүзімнің түрлері мен сорттары туралы ғылым – ампелография деп аталады. Жүзім өсірумен жүзім шаруашылықтары айналысады.Зерттеушілер жүзімнің тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет.
Қоданылу ретіне қарай жүзім сорттары асханалық, шарап жасайтын, кептірілетін үш түрге бөлінеді. Ең жақсы әрі кең таралған (кейбіреуі шарап өндірісінде қолданылады) асханалық жүзім сорттары: Изабелла – жемісі қара көк түсті, дәмі қышқылтым–тәтті; Гамбург мускаты – жемісі қара, дәмді, хош иісті, ұзақ уақыт сақталады; Нимранг – алқызыл сары жеміс, бұл да ұзақ уақыт сақталады; ақ Хусайне – ашық жасыл ұзынша жеміс (халық арасында «қыз саусағы» деген атпен белгілі); Шасла мускатная – жұқа қабықты, жасыл-сары түсті, тіл үйірер дәмді әрі хош иісті жеміс; Тербаш – дәмі жағынан басқа сорттардан нашарлау, түсі жасыл жеміс, бірақ ұзақ уақыт, қыс бойы сақтауға болады.
2. 2 Жүзім құрамы
Жүзімнің құрамында Р, С, В1, В2, В6, Д, Е, РР дәрумендері, калий, магний, кальций, фосфор, кобальт, никель, титан, бор, алюминий, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтер болса, піскен жүзімнің 100 грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1 грамм протеин, 1 грамм май, 21 грамм фосфор, 0,6 мг темір, аз-аздан болса да басқа да элементтер, түрлі дәрумендер, су кездеседі екен.
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.
Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы да ала аласыз!