Организмдерді? жеке дамуы (онтогенез) т?сінігі. Б?ліну, ?су, жасушаларды? жіктелуі, органогенез, к?бею, ?артаю, организмні? ?луі.
Күні 28.01 10 сынып сабақ №38
Сабақ тақырыбы: Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, органогенез, көбею, қартаю, организмнің өлуі.Мақсат: 1. Организмнің дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, оған әсер ететін факторлар туралы түсінік қалыптастырады. 2. Оқушылардың онтогенез, адами қасиеттер туралы түсінігін, дүниетанымын кеңейтеді. 3. Өз бетінше тұжырым, қорытынды жасауға, еркін жауап қатуға үйренеді, салауатты өмір салтына тәрбиеленеді.Сілтеме: 1. Биология оқулығы. 10 - сынып Т. Қасымбаева, К. Мұхаммеджанов2. Үлестірмелі материалдар. 3. Биология оқыту әдістемесі. Т. Қасымбаева,
А. ҚисымоваОқушылар үшін оқу нәтижелері: Оқушылар ұрықтанудың дамуы мен кезеңдерінің белгілі бір заңдылықтар негізінде өтетіндігін түсінеді. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.Негізгі идеялар: Онтогенез - жеке даму және оның негізгі кезеңдері.Термин сөздерГаметогенез- сперматогенез- Спермий, сперматозойд- зигота-Эндосперм- овогенез-Сабақта қолданылатын материалдар: 1. А - 4 парағы2. Флипчарт3. Стикерлер4. ОқулықСабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
1. Оқушылармен амандасып,2. Жоқ оқушыларды түгендеу,3. Зейіндерін сабаққа аудару.ІІ. Білу Үй тапсырмасы (Ой қозғау) Нені білеміз?1. Тозаңқап, тозаң түтікшесі, аналық түйін, аталық жіпше дегенді қалай түсінесіңдер, сипаттама беріңдер.2. Эндосперм қабатының пайдасы неде, ол қандай қабат?3. Қосарланып ұрықтанудың мәні неде? Оның негізін кім қалады?4. Вегетативті, генеративті ұғымдар қандай мағына береді?ІІІ. Түсіну Жаңа сабақ Іздену Онтогенез - организмдердің жеке дамуыОнтогенез↓♦ Постэмбриондық (ұрықтан кейінгі)♦ Эмбриондық (ұрықтық)Эмбриондық дамуТуу не ұрық қабығынан шығуы – бұл постэмбриондық кезең, яғни өлгенге дейінгі кезеңЭмбриондық (ұрықтың дамуы)Зигота → Бластула сатысы → Гаструла сатысы → Нейрула сатысыБластула сатысы: Мейоз жолымен бөліну арқылы көбейіп бір қабатты бластула қалыптасадыГаструла сатысы: 3 қабатты ұрық қалыптасады 1) энтодерма - ішкі қабат2) мезодерма - ортаңғы қабат 3) эктодерма – сыртқы қабатНейрула сатысы: Организмнің мүшелері пайда бола бастайдыНейрула - организмнің жеке мүшелерінің дамуыЭктодерма қабатынан жүйке тақташасы түзіліп, жүйке түтігіне айналады, ол ми мен жұлынның бастамасы. Екі көз, тері, есту, иіс сезу мүшелері.Энтодерма - ас қорыту жүйесі өкпе, бауыр, ұйқы безі т. бМезодерма - желі, бұлшық ет, шеміршек, қаңқа, бүйрек болашақ организмнің қан тамырлар жүйесі.
I V. Қолдану Анықтама«Жасушаның бөлінуі» видеосы V. Талдау Мағыналық диктант1.Ұрықтану дегеніміз не? Жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың қосылуы2.Ұрықтанған жұмыртқа жасушасында қандай процесс басталады? Бөлшектену3.Бұл процестің мейоздан айырмашылығы неде? Жасушадағы хромосомалар саны өзгермейді4.Ұрық дамуының алғашқы сатысы қалай аталады? Бластула5.Бұл сатыға не тән? Жасушалардың бір қабаты 6.Екінші саты қалай аталады? Гаструла7.Бұл сатыда ұрықтың қандай қабаттарын ажыратуға болады? Эктодерма мен энтодерма8.Онтогенезді қандай екі ірі кезеңге бөлуге болады? Эмбриондық және постэмбриондық9.Көкек (а) пен (б) қоңыздың постэмбриондық дамуы қалай жүреді? а)Метаморфозсыз;б)Метаморфозданып.10.Метаморфозданып дамудың маңызы неде? Дернәсіл қоректік заттардың жетіспейтін орнын толтырадыVІ. Жинақтау «Қай тұжырым дұрыс?» айдарының сұрақтарына жауап беріңдер. 1.Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы зигота деп аталады.2.Бластула сатысында ұрық ұсақ жасушалар түрінде топтасып , блостомерлер деп аталады.3.Бластула екі қабатты ұрық.4.Гаструланың даму барысында үшінші ұрық жапырақшасы мезодерма5.Нейруладан кейінгі саты гаструла.6.Жануарлар өмір бойы өсе береді.7.Шала түрленіп дамитын түрлерде метаморфоз болмайды.VІI. Қорытынды «Суреттер сыр шертеді»оқулықтағы суреттермен жұмыс істеу.
Бағалау
Өзіңді бағала. Рефлексия “Мен қалай жұмыс жасадым?”Мен қалай жұмыс жасадым?
VІІI.Үйге тапсырма.§38 оқу, кестені толтыру
Тексерген __________________________________Б.Сағатов
Өзіңді бағала. Рефлексия
“Мен қалай жұмыс жасадым?”• Мені сабақта қамтылған мәселелер қызықтырды, ойландырады, толғандырды.• Тақырып бойынша алған білім тереңдей түсті• Мұғалімнің сұрақтарына жауап бердім• Мен алдын ала берілген тапсырма бойынша материал жинақтадым, әрі іздендім.• Топтағы түсіндіру жұмыстары сәтті өтті.• Өз ойымды еркін жеткіздім.• Ортақ істе жұмыс жасауға үйрендім, жауапкершілікпен жұмыс жасадық.• Басқаны тыңдай білуге, басқаның өмірінен үлгі алуды ұқтым.Мен қалай жұмыс жасадым?
Өзін өзі бағалау парағы10 - 8 “+” сабақта өте жақсы жұмыс жасадым.7 - 6 “ + ” жақсы жұмыс жасадым5 - 4 “ + ” қанағаттанарлықтай жұмыс жасадым.3 - 1 “ + ” оқуға деген қарым – қатынасымды өзгерту керек