Митоз та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары
Пән биология сынып 9 Күні 22.10.15
сабақ №: 16
Тақырып: Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларды митоздық бөлінуі кезінде болатын биологиялық өзгерістері туралы түсініктер беру. Оқушылардың клетканың бөліну кезіндегі фазаларды талдай білу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың митоз процесі жайлы білімдерін тереңдетіп, дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Білімділікке, сауаттылыққа, , бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйренеді. Өз ойларын ашық айтуға дағдыланады.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Оқыту әдісі: сұрақ жауап, семантикалық карта, «Ортадағы қаламсап», кесте, «түртіп алу».
Көрнекіліктер: мультимедия, электрондық оқулық, слайдтар.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Бөлінген уақыт Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушылардың
іс - әрекеттері
І. Амандасу, қызығушылықтарын ояту Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, ынта назарларын ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын және жоспарын хабарлау. Оқушыларың сәлемдесу. Топ басшысының топтың сабаққа қатысуы туралы ақпарат беруі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Тестпен жұмыс 1.Көпжасушалы ағзалардың мүшелерінің құрылу негізінде қандай процесс жатады?
а) мейоз
ә) митоз
б) ұрықтану в) амитоз
2.Митоз арқылы бөлінеді-
а)тек диплоидті жасушалар ә) тек гаплоидты жасушалар б)хромосома саны әртүрлі жасушалар в)тек полиплоидты жасушалар3) Жасушалық айналымдағы ең ұзын қай фаза болып табылады.
а) профаза
ә) метафаза
4. Қай фазада хромосомалар экваторлы кеңестікте орналасады ? а) профаза
ә) метафаза
б) интерфаза
в) анафаза
5.Митоз барысында түзілген жасушаларда хромосома саны аналық жасушадағыдай бірдей болады,бұл процесқалай аталады ? а) хроматида түзілуі ә) ядролық қабықшаның еруі б)цитоплазманың бөлінуів) жарғақшаның бөлінуі6.Хромосома спералдануы қай фазада болады?
а) профаза
ә) метафаза
б) интерфаза
в) анафаза
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру Клетканың бөлінуі Бөліну нәтижесінде пайда болған клетканың тіршілігі тоқтағанға дейінгі немесе оның келесі бөлінуіне дейінгі кезеңі тіршілік циклі болады.
Эпидермистің (жапырактардың сыртындағы жабын ұлпа), сүйек- ішкі ұлпаларының, аш ішектің ішкі бетіндегі эпителий. Ондай клеткалардьш бөлінуге даярлык жасап,бөлініп, жаңа ұрпақ клеткаларының түзілуімен аяқталатын процес жиынтығын митоздық цикл деп атайды. Митоздык циклдаярлық кезеңнен (интерфаза) ж\е митоздык бөлінуден тұрады.Даярлық кезещнде немесе интерфазада жас клеткалар ұлғайып,өсіп, қаркьінды түрде нәруыздарды, АТФ-ты синтездей бастайды.осы кезенде ДНҚ молекуласы екі еселенеді. Өйткені бөліну нәтижесінде түзілген клеткаларға ДНҚ теңдей екіге бөлінеді. Мұнын. биологиялык мәні — тұқым қуалау материалын ұрпақтан-ұрпақка тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді.ДНҚ синтезі бактерияларда бірнеше минутқа, үтқоректілерде-12 сағатқа созылады. Клетканың өсуі тоқтап, митоздык бөліну басталады.
Митоз. Митоз төрт фазадан түрады; профаза, метафаза, анафаза, телофаза
Профазада ядроның мөлшері ұлғаяды, хромосомалар ширатылып жуандай бастайды, Қосарланған центриоль екі полюске тарылады. Хромосомалардың ширатылуына байланысты аРНҚ-нын синтезделуі тоқтайды. Полюстердің арасында бөліну ұршығының кіпшелері түзіледі. Хромосомалардың ширатылуы, жуандауы жалғасады. Ядро қабыкшасы еріп, хромосомалар цитоплазмада ретсіз орналасады.
Метафазада хромосомалардың ширатылуы шегіне жетеді. қосарған хромосомалар экваторға жылжиды. Әрбір хромосома центромерасы арқылы байланысқан, екі хроматидадан тұрады. Олар центромераларымен беліну ұршығына жалғанады.
Анафазада әрбір хромосоманын центромерасы бөлінеді. Центромераларға бекінген ұршыктың жіпшелері хроматидаларды полюстерге тартады. Сөйтіп, анафазада хромосомалардың хроматидалары бір-бірінен ажырап, полюстерге жинақталады. Олар енді хромо-сомаларға айналады. Түзілген клеткалардың әркайсысында хромосомалардың диплоидті жиынтығы болады.
Телофазада полюстердегі хромосомалар таратылып, жіңішкереді, көзге айқын көрінбейді. Эндоплазмалық тордан ядро қабықшасы түзіледі. Жануарлар клеткаларында цитоплазма екіге бөлінеді. Өсімдіктер клеткаларында цитоплазманың ортасында жарғақша түзіліп, біртіндеп шетіне қарай жылжьш, клетканы екіге боледі. Содан кейін целлюлозалы клетка қабыкшасы түзіледі.
Митоздык бөліну 0,5—3 сағатқа созылады. ұрыктанған жұмыртка клеткасы — зигота осы әдіспен бөліне бастайды да, генетикалық ақпаратты бірдей етіп жаңадан түзілген клеткаларға береді. Олар кейін арнайы қызмет аткаратын ұлпалардың клеткаларына айналады.
Митоздың биологиялық мәні мынадай: ұрпактан-ұрпақка құрылысы бірдей клеткалардың жалғасуы, хромосомалар саны
тұрақты сақталуы, ұрықтык даму, есу, жарақаттанған ұлпа қалпына келуі; жойылған клеткалардың (эритроциттер, тері клеткалары, ішектің эпителий клеткалары) орнына жаңа клет-калардың түзілуі қамтамасыз етіледі.
V. Сергіту сәті. Қол саусақтарына арналған жаттығулар
Алақанды уқалау.
Қолды қысу
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса Жаттығуды
орындарында отырып орындау.
VI. Бекіту.
Слайдта көрсетілген суреті талдау.
Тестпен жұмыс. 31756032500
1
2 тапсырма
Көбеюдің көне жолы деп саналадыА.Жынысты Ә.Ағзасыз Б. Жасушалы В. Жыныссыз Г. Спорлану 2.Тамырсабақпен көбейетін өсімдіктер.
А.құртқашаш Ә.терек Б. інжугүл В. Фикус Г. Гидра
3.Бактериялардың көбеюі А.амитоз Ә.қынамаланып бөліну Б. бүрмелену В. үзбелену Г. Спорлану 4. Гидраға көбеюдің қай түрі тәнА.бүршіктену Ә.үзбелену Б. Споралы В. амитоз Г. Қынамалану 5.Ересек дарақтардың денесі жеке үзіктерге бөліну кезіндегі көбею жолы
............... деп аталады.
А. Споратүзу Ә.өсімді Б. Үзбелену В. қынамалану Г. Бүршіктену 6.Төменгі сатыдағы өсімдіктер мен кейбір саңырауқұлақтар қалай
көбееді А.амитоз Ә.үзбелену Б. Споратүзу В. қынамаланып бөліну
Г. бүршіктену Жауабы: 1В ,2 А,Б 3Ә , 4 А, 5Б, 6Б.
VIІ. Рефлексия
VIII.Оқушыларды бағалау. Оқушыларды сабақта орындаған жұмыстарына қарай бағалаймын. Күнделіктеріне баға қойдырады.
ІХ.Үй жұмысы. Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.