Методический материал по инженерной графике Компас-3D графикалы? ж?йесінде сызба орындау (10 класс)
Компас-3D графикалық жүйесінде сызба орындау
Машиналық графиканың қоғамның түрлі саласындағы орны. Машиналық графика – автоматты жобалау жүйесінің саласы. Компьютерлік технология заманында машиналық графика экономикада, электроникада, машина жасауда, ақпараттық технологиялар саласында кеңінен қолданылуда. Автоматты жобалау жүйесі – еңбекті жеңілдетіп қана қоймай, жобалау процессінің тиімділігін арттырады.
Машиналық графика сызбалардың жылдам орындалуын, дәлдігінің жоғарлауын, сызба сапасының жоғарлауын қамтамасыз етіп қана қоймай, сызбаларды бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді.
Қазір кең тараған автоматты жобалау жүйелеріне: Pro/ENGINEER (АҚШ), Auto Cad (АҚШ), Solid Works («Solid Works» фирмасы), Компас («Аскон», Ресей) және т.б. жатады.
Компас графикалық жүйесі.
Компас жүйесі қолданушыға обьектіні жеңіл енгізуге, түзетуге мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталған.
КОМПАС-3D графикалық редакторында тиімді жұмыс жасау үшін IBM PC типіндегі компьютерлерін қолдану ұсынылады.
Ескерту.ОЖ ең төмен деңгейі:
Win2000 SP2,
WinXP SP1.
Жүйе орнатылып іске қосылу үшін қажетті компьютер конфигурациясы:
Pentium II процессоры, тактілік жиілігі 450 МГц;
128 Мб жедел жады;
SVGA графикалық адаптер, видеожады 4 Мб;
CD-ROM жетегі;
қатты дискіде 100 МБ-тан кем емес бос орынның болуы;
тышқан және клавиатура
Компас бағдарламасын іске қосу, бағдарлама интерфейсі.
Компас бағдарламасы келесі команда арқылы қосылады :Іске қосу (Пуск) – Бағдарламалар (Программы) – Аскон – Компас-3D (1 сурет).
(1 сурет)
Бағдарлама интерфейсі 2-суретте көрсетілген.
2-сурет
Тақырып қатарында бағдарлама версиясының нөмірі, ағымдағы құжаттың аты, жүйе терезесін басқаратын батырмалар орналасады.
Басты мәзір қатарында - жүйе командалары орналасады. Басты мәзір құрамы ағымдаға құжат типіне байланысты.
Стандартты құрал-саймандар панелінде обьект және файлдарға орындалатын стандартты батырмалар орналасады.
Түр (Вид) құрал-саймандар панелінде ағымдағы құжаттың көрінісін баптайтын батырмалар орналасады.
Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) – құжаттың ағымдағы жағдайын көрсетеді.
Құжат типтері.
Компас бағдарламасында құжаттардың бірнеше түрлері бар. Әрбір типтегі құжатқа файлдың анықталған кеңейтілулері сәйкес келеді. Оның бірі сызбаға қатысты болса, басқасы үш өлшемді модельдеуге, үшіншісі мәтінге қатысты.
- Сызба (чертеж) – штамп және рамкасы бар сурет (сызба файлының кеңейтілуі cdw).
- Фрагмент – штамп және рамкасы жоқ көмекші құжат, кеңейтілуі frw.
- Мәтіндік құжат (текстовый документ) – мәтін жазылатын құжат, кеңейтілуі kdw.
- Спецификация - кесте түрінде рәсімделген құжат, құрастыру бөлшектері туралы ақпарат жазылады (кеңейтілуі spw).
- Сборка - әр түрлі детальдардан құрлған модель (кеңейтілуі a3d).
- Деталь – біртекті материалдан құралған модель (кеңейтілуі m3d).
- Графикалық қарапайымдарды құру.
- Байламды пайдаланып қарапайым командалар арқылы сызба сызу.
КОМПАС-3D бағдарламасының Фрагмент көмекші құжатында жеке парақ ретінде рәсімдеуді қажет етпейтін құжаттар сақталады.Фрагмент жұмыс терезесінің негізгі элементтері:
Тақырып қатарында бағдарлама версиясының нөмірі, ағымдағы құжаттың аты, жүйе терезесін басқаратын батырмалар орналасады.
Басты мәзір қатарында - жүйе командалары орналасады. Басты мәзір құрамы ағымдаға құжат типіне байланысты.
Құрал саймандар панелі
Стандартты құрал-саймандар панелінде обьект және файлдарға орындалатын стандартты батырмалар орналасады.
Түр (Вид) құрал-саймандар панелінде ағымдағы құжаттың көрінісін баптайтын батырмалар орналасады.
Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) – құжаттың ағымдағы жағдайын көрсетеді.
Басты мәзір қатары
Стандарт құрал-саймандар панелі
Түр (Вид) құрал-саймандар панелінде
Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) құрал-саймандар панелі
Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) құрал-саймандар панелі
Графикалық қарапайымдарды құру.
Геометриялық қарапайымдарға нүкте, түзу, кесінді, математикадан белгілі геометрилық фигуралар жатады. Геометриялық қарапайымдарға қатысты командалардың барлығы Ықшамды (Компактная) құрал-саймандар панелінің Геометрия бөлімінде орналасқан.
Мысалы, кесінді сызу. Кесінді бағыты бойынша тік, жатық немесе қандайда бір бұрыш арқылы сызылуы мүмкін. батырмасы арқылы кесінді сызылады. Егер кесінді тек тік немесе жатық болып сызылуы қажет болса онда Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) құрал-саймандар панеліндегі ортогональды сызу батырмасы таңдалынады.
Кесінді батырмасын таңдағанда осы батырмаға қатысты қасиеттер панелі (3 сурет) шығады. Қасиеттер панеліне кесіндінің бастапқы координатасы мен сонғы координатасы, ұзындығы, бұрышы енгізіліп, кесінді стилі таңдалынады. Басқа да геомертриялық қарапайымдар осындай жолмен құрылады.
3-сурет
Байламды пайдаланып қарапайым командалар арқылы сызба сызу.
Бұрын сызба сызба құралдары (сызғыш, циркуль т.б.) арқылы сызылды және сызба дәлдігі конструктордың біліктіліне байланысты болды. Сызбаны компьютер көмегімен сызу барысында негізгі құрал ол - курсор (тышқан көмегімен жылжыйтын графикалық элемент). Курсор геометриялық обьектілерді сызуда белсенді қатысады. Сызбаны компьютер көмегімен сызу барысында көзбен өлшеу арқылы сызуға болмайды. Машиналық графика көмегімен сызбаны дәл сызу мүмкіндігі зор, себебі ол дәлдікті қамтамасыз ететін функциялармен толық көлемде қамтамасыз етілген. Сызба барысында курсорды элементтің сызбада бар түрлі нүктелеріне дәл орнату жиі қажет етіледі. Сол кезде нүкте немесе обьектіге байлам (привязка) пайдаланылады. Сызбада байлам пайдаланылмаса сызба дұрыс сызылмайды. Байламның екі түрі бар, ауқымды (глобальная) және жергілікті (локальная). Ауқымды байлам обьектіні енгізу, түзету кезінде үнемі қосылады. Ол сызбадағы қажет нүктені дәл және тез көрсетеді. Оны іске қосу үшін – Ауқымды байламды орнату (Установка глобальных привязок) батырмасын басамыз. Ол ағымдағы жағдай (Текущее состояние) құрал-саймандар панелінде орналасқан.
Жергілікті байлам сызбаның қажет жерінде жанама мәзір арқылы шақырылады.
Параллель түзулерді құру.
Қисықты тең бөлікке бөлу.
Обьектіні түзету.
Обьект және обьект бөлігін өшіру.
Параллель түзулерді құру.
Кеңейтілген командалар панелі батырманың төменгі оң жақ бұрышында қара үш бұрыш белгісі бар болған жағдайда шақырылады. Мысалы, батырмасын тышқанның сол жақ батырмасын жібермей шертіп тұрғанда, сол батырманың кеңейтілген командалар панелі ашылады. Одан әрі тышқанды жібермей қажетті команданы таңдауға болады (1-3 суреттер).
1 сурет. Кеңейтілген командалар панелі. 2 сурет. Кеңейтілген командалар панелі.
3 сурет. Кеңейтілген командалар панелі. 4-сурет
Қисықты тең бөлікке бөлу.
Обьектіні берлген бөлікке теңдей бөлу үшін Қисық бойындағы түзулер (Точки по кривой) командасы қолданылады. Бұл команда Геометрия панелінің - Нүкте енгізу (Ввод точек) кеңейтілген командалар панелінде орналасқан (4 сурет) .
Бұл команда көрсетілген геометриялық обьектіге нүктелерді бірыңғай қойып шығады және осы кезде обьект бірнеше бөлікке бөлінбей, тұтас күйінде қалады. Қисықты теңдей бірнеше тең бөлікке бөлу үшін қисық сызып, тышқанның сол жақ батырмасын - Нүкте енгізу (Ввод точек) командасына апарып басамыз, тышқанды жібермей - Қисық бойындағы түзулер (Точки по кривой) командасын таңдаймыз. Команданың қасиеттер панеліндегі Қисықтағы бөлік санына (Количество участков кривой) қажетті санды енгіземіз. Компас жүйесі қисықтың бойына қажетті бөлікке теңдей бөлетін нүктелер қойып шығады (5 -сурет).
5-сурет 6-сурет
Обьектіні түзету.
Компас бағдарамасында қолданушыға обьектіні түзетудің әр түрлі мүмкіндіктері қарастырылған. Қарапайым және жиі қолданылатын тәсілдер тышқан көмегімен орындалады. Түзетудің арнайы мүмкіндігін пайдалану үшін сәйкес командалар шақырылады. Геометриялық обьектілерді түзету командалары Редактор мәзірі мен Түзету (Редактирование) панелінде орналасқан (6-сурет).
Обьект және обьект бөлігін өшіру.
Обьектінің қандай да бір бөлігін өшіру үшін - Түзету (Редактирование) панеліндегі - Қисықты қию (Усечь кривую) командасы таңдалынады. Көмекші түзулерді өшіру үшін Түзету (Редактор) мәзірінің ішіндегі өшіру (удалить) – көмекші түзулер мен нүктелер (вспомогательные точки и кривые) командасы орындалады.
Сызба көрінісін көркемдеу үшін сызбаның қандайда бір бөлігін түрлі түске бояуға болады. Сызбаны басқа түске бояу үшін геометрия панеліндегі - Штрихтеу (Штриховка) командасын таңдаймыз. Қасиеттер панеліндегі стиль өрісінен түске бояу (заливка цвета) стилін таңдаймыз. Түс (Цвет) өрісіне шерткенде экранға түс таңдау сұхбат терезесі шығады. Түс таңдау терезесінен қажетті түсті тышқанның сол жақ пернесін басу арқылы таңдауға болады (7 -сурет).
7 сурет
Түйісу. Түйісу элементтерімен жазық деталь сызбасын құру. Симметриялы осьті пайдаланып сызба сызу.
Түйісу элементтерімен жазық деталь сызбасын құру. Бір сызықтың екінші сызыққа біртіндеп (плавный) өтуі сызбада түйісу деп аталады. Түйісуді құру үшін келесі элементер қажет: түйісу радиусы, түйісу доғасының центрі және түйісу нүктелері.
Қиылысқан екі түзудің берілген радус бойынша доға арқылы түйісуі келесі реттілікпен орындалады:
- Қиылысқан түзулер сызылады.
- – дөңгелектеу (скругление) командасын таңдалады. Ол геометрия панелінде орналасқан
- Қасиеттер панеліне дөңгелектеу радиусы енгізіледі.
- Түйісу орындалатын қисықтар көрсетіледі (1-2 суреттер).
1 – сурет 2 – сурет
Шеңбер мен түзудің түйісуі қиылысқан екі түзудің берілген радус бойынша доға арқылы түйісуі сияқты орындалады (4-5 суреттер)
3 - сурет 4 – сурет
Симметриялы осьті пайдаланып сызба сызу.
Сызба сызу барысында детальдың симметриялы бөліктері жиі кездеседі. Ол тік немесе жазық ось бойында орналасуы керек. Осындай жағдайда симметриялы бөліктер симметрия командасының көмегімен сызылады.
Ол үшін сызбаның жарты бөлігі сызылып қалған бөлігі симметрия командасы арқылы толықтырылады. ( - Түзету (Редакторнвание) панеліндегі - Симметрия командасы арқылы)
3D модельдеу негіздері
- Геометриялық денелер және оның элементтері.
- Жазық беттермен шектелген геометриялық денелерді құру.
- Қисық беттермен шектелген геометриялық денелерді құру.
- Көпжақтар. Айналу денесі.
КОМПАС-3D жүйесі детальдар мен жинақтардың үш өлшемді параметрлік модельін құруға арналған. КОМПАС-3D жүйесінің үш өлшемді модельдермен жұмыс жасайтын интерфейсі графикалық документтер интерфейсінен айырмашылығы жоқ. Бағдарлама өндірушілері жұмысты барынша тиімді жасауға тырысты. Құжат типіне тәуелсіз қандай құжатпен жұмыс жасасаңыз да экранда барлық жағдайда басты мәзір және түр, стандарт, ағымдағы жағдай, ықшамдалған құрал-саймандар панелі шығады.
Үш өлшемді модельдеу режиміне тән айырмашықытарға тоқталсақ, Түр (Вид) құрал-саймандар панелінде Ағымдағы ориентация (Текущая ориентация)батырмасы (1 сурет), бейнені басқаратын және бұратын батырмалар (2 сурет) қосымша қосылған.
1 сурет. Ориентация
2 сурет Түр құрал-саймандар панелі
Геометриялық денелер және оның элементтері.
Барлық геометриялық денелерді үлкен екі топқа бөлуге болады:
1. Көпжақтар – жазық беттермен шектелген дене
2. Айналу денелері – қисық беттермен шектелген дене
Геометриялық дене көпжақтар бірнеше элементерден тұрады (3 сурет):
3 сурет 4 сурет
Айналу денесі элементтері айналу осі, айналу беті және негізден тұрады. (4 сурет)
Қисық беттермен шектелген геометриялық денелерді құру.
Айналу денелері – геометриялық фигуралардың ос бойымен айналу арқылы пайда болған геометриялық денелер. КОМПАС-3D жүйесінде цилиндр, конус, қиық конусты айналудыру арқылы және ығыстыру арқылы құруға болады. Ал, шар, тор, глобоидты тек қана айналдыру арқылы құруға болады.
КОМПАС-3D жүйесінде ашық торды құру жолын қарастырайық.
- Деталь типіндегі құжатты таңдау:
- Ағаш құрылымында жазықтық ХУ(плоскость XY);
- Ориентация – нормально к..;- Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) – Эскиз;
- Геометрия құрал-саймандар панелін таңдаймыз;
- Ось стилімен ұзындығы 20мм болатын вертикаль кесініді сызамыз;
- Кесінді стилін негізгіге (основная) ауыстырамыз;
- Команданы тоқтатамыз;
- кеңейтілген командалар панелінен көмекші түзу батырмасын таңдаймыз;
- Вертикаль осьтік кесіндіні көрсетіп, 40 мм қашықтықта болатын параллель көмекші түзулерді сызамыз;
- - шеңбер;
- Ауқымды байламда туралау (вырвнивание) командасын орнатамыз;
- Шеңбер центрін тауып, радиусы 20 мм болатын шеңбер сызамыз;
- - Эскиз батырмасын басып, үш өлшемді модельдеу режиміне өтеміз
- Кеңейтілген командалар панеліндегі Детальдарды түзету (Редактирование детали) панелінен - Айналу операциясы (Операция вращения) командасын таңдаймыз;
- Команданың қасиеттер панелінде құрылу параметрлері көрсетілмейді, өйткені бұл жағдайда элементті тек 3600 айналдыруға болады;
- обьект құру батырмасын басамыз (5 сурет);
- «Ығыстырып желімдеу» және «ығыстырып қию» операциялары көмегімен 3D модель құру.
- 3D модельді түзету.
186055932815Деталь формасы бернеше геометриялық денелерден тұратын жағдайда, оларды ойша бірнеше бөлікке бөлуге болады. Егер форма аралас болып келсе онда үлкенінен бастап кішілеріне өтеді. Көп жағдайда форма біріне
бірі жалғасқан түрде болып келеді. Бұл жағдайда
5 сурет форманың детельдарын талдауға тура келеді. Обьектінің геометриялық формасын талдау дегеніміз, геометриялық дене формасын ойша бірнеше бөлікке бөлу.
1 суреттегі форманы талдаймыз.
1 сурет 2 сурет
Форманың негізін параллелепипед құрап тұр, алдыңғы жағынан фаз формасындағы параллелепипед қиылған. Негіздің үстінде цилиндр одан әрі тік алтыбұрышты призма, конус орналасқан.
Осы форманың КОМПАС-3D бағдарламасында құрылу алгоритмі
1. Берілген өлшемде 3D жүйесінде тік төртбұрыш құрылады.
2. Құрылған тік төртбұрышты негіз ретінде пайдаланып берілген радиуста цилиндар сызылады
3 сурет 4 сурет
3. Цилиндрдің үстіне берілген радус бойынша тік алты бұрышты призма, оның үстіне конус құрылады.
Алдыңғы жағын негіз ретінде таңдап алып, одан фаз формасындағы параллелепипедті қиып аламыз.
5 сурет 6 сурет
«Ығыстырып желімдеу» және «ығыстырып қию» операциялары көмегімен 3D модель құру.
Кез келген детальдің үш өлшемді моделін құрмас бұрын, детальға талдау жасау керек. Детальды талдау – оны жай геометриялық денелерге бөлу, бірақ бұл модельдің дұрыс және тез құрылуы үшін жеткіліксіз. Бұдан басқа құрудың тиімді әдісін табу қажет. Детальды талдау 3D-объектіні құруда маңызды, өйткені ол детальды сапалы және тез құрып қана қоймай, детальды модификациялау үшін барлық факторларды есепке алуды талап етеді. 6 суреттегі детальдың құрылуын талдаймыз:
Берілген детальды екі жолмен құруға болады:
1. Жай геометриялық денелерге бөліп алып, «ығыстырып желімдеу» және «ығыстырып қию» операцияларын пайдалану арқылы;
2. Деталь негізін жай геометриялық денелерге бөлмей, көпжақ эскизін құру арқылы.
Детал формасын екінші әдіспен құру үшін 7 (а, б, в, г) суреттегі сызбалар пайдаланылады.
7а – сурет 7б – сурет
7в- сурет 7г - сурет
3D модельді түзету.
Үш өлшемді модельдеудің артықшылығын оның түзету мүмкіндігімен байланыстыруға болады. Кез-келген детальдің ажырамас бөлігі болып есептелетін Құрылым талында (Дерево построения) детальдің барлық құраушы элементтері орналасады. Қолданушы кез-келген уақытта эскиз, операциялардың кез-келген элементін түзету мүмкіндігіне ие. Параметрлердің жаңа мәндері енгізілген соң, деталь енгізілген өзгертулер бойынша жаңадан құрылады. Бірақ енгізілген өзгертулер деталь тұтастығын сақтап қалуы қажет. Эскиз модельдің формасын, өлшемін сипаттайтын негізгі элемент. Эскизге өзгертулер енгізілген соң, осы негізде құрылған элемент жаңа сызба бойынша қайта құрылады. Эскизді түзету үшін Құрылым талындағы (Дерево построения) өзгертуге қажетті элементті таңдап, пиктограммасын басамыз, жанама мәзірден Эскизді түзету (Редактирования эскиза) командасы орындалады.
Модельдің кез-келген элементін өшіріп тастауға болады. Ол үшін Құрылым талындағы (Дерево построения)қажетті элементті таңдап, жанама мәзірден өшіру командасын орындасақ жеткілікті. Өшірілетін элемент басқа элементтермен байланысты болса ескерту диалогы шығады. Ол жерда өшіру командасы әсер ететін барлық элементтер тізімі шығады. Егер өшіру командасын таңдасаңыз тек элемент қана өшіріліп қоймай, оған байланысты барлық обьектілер өшіріледі.Құрылым талындағы (Дерево построения) обьект өшірілсе, ол қайта қалпына келмейді.
Фаска және дөңгелектеу элементтерімен 3D модель құру. КОМПАС-3D жүйесінде кейбір операцияларды жеңілдетуге арналған конструктивті элементтері бар. Оларға дөңгелектеу(скругления) және фаска жатады. Осы элементтердің параметрлерін беру үшін арнайы командалар құрылған.
Дөңгелектеу элементімен 3D-модель құру алгоритмін қарастырамыз (1 сурет).
1 сурет
Детальдың негізі ретінде 2 (а) суретте көрсетілген көп жақты таңдаймыз. Ығыстыру операциясын арқылы детальдың төменгі бөлігін құрамыз. 2 (б) сурет.
2 (а) сурет 2(б) сурет
2. Детальдың үстін негіз ретінде пайдаланып берілген өлшемдегі тік төртбұрыштың эскизін саламыз 3 (а) сурет. Салынған эскизді «желімдеп ығыстыру» операциясы арқылы ығыстырамыз 3 (б) сурет.
3 (а) сурет 3 (б) сурет
3. Қабырғаларын дөңгелектеу үшін – Детальдарды түзету (Редактирование детали) құрал-саймандар панельіндегі – Дөңгелектеу (Скругление)командасын таңдаймыз. Пайда болған қасиеттер панеліне радиус өлшемін енгіземіз (4 сурет)
4 сурет
4. Дөңгелектеуді қажет ететін қабырғаларды көрсетеміз (5 сурет). Нәтижесінде обьект берілген радиус бойынша дөңгелектенеді (6 сурет).
5 сурет 6 сурет
Енді фаска элементімен 3D-модел құру алгоритмін қарастырамыз (7 сурет).
7 сурет
Детальдың негізі ретінде 8 (а) суретте көрсетілген тік төрт бұрышты таңдаймыз. Ығыстыру операциясы арқылы детальдың төменгі бөлігін құрамыз. 8 (б) сурет.
8 (а) сурет 8 (б) сурет
2. Детальдың үстін негіз ретінде пайдаланып берілген өлшемдегі тік төртбұрыштың эскизін саламыз 9 (а) сурет. Салынған эскизді «желімдеп ығыстыру» операциясы арқылы ығыстырамыз 9 (б) сурет.
9 (а) сурет 9 (б) сурет
3. құрылған детальдың үстін негіз ретінде пайдаланып берліген өлшемдегі тік төрт бұрышты сызамыз. (10(а)-сурет) «Ығыстырып қию» операциясы арқылы берліген өлшемдегі тік төрт бұрышты қиямыз (10(б) сурет).
10(а) – сурет 10(б) – сурет
4. Қабырғаларына фаска операциясын орындау үшін – Детальдарды түзету (Редактирование детали) құрал-саймандар панельіндегі – Фаска командасын таңдаймыз. Пайда болған қасиеттер панеліне фаска ұзындығын енгіземіз (11 сурет)
11 сурет
Қиюды қажет ететін қабырғаларды көрсетеміз (12 сурет). Нәтижесінде обьект берілген ұзындық бойынша қиылады (13 сурет).
12 сурет 13 сурет
«Айналдыру операциясы» көмегімен жазық сызбада
3D модель құру.
«Айналдыру операциясы» көмегімен жазық сызбада 3D модель құру үшін қиылған фигура сызып (штрихтелген облыс (14 (а,б) сурет)) оны 3600-қа айналдыру жеткілікті. Егер осы модельді «ығыстырып желімдеу» және «ығыстырып қию» операциялары арқылы орындасақ онда бірінші цилиндр, оған радиусы үлкен екінші цилиндрді және қиық конусты желімдеп, одан әрі екі цилиндрді қиюымыз керек болады. Сол себепті көрсетілген модельді айналдыру операциясы арқылы орындау тиімді.
14(а) сурет 14(б) сурет
Детальдың ішкі құрылымын ұғынуды жеңілдету үшін, ішкі құрылмын көрсету қажет болады. Сызба бойынша детальдің үш өлшемді модельін құрамыз (1 сурет).
1 сурет 2 сурет а) б) с)
Деталь құралының ішкі жағын ұғынуды жеңілдету үшін жазықтық арқылы детальды қиямыз. Ол үшін Детальды түзету (Редактирование детали) құрал-саймандар панеліндегі - Жазықтықпен қию (Сечение плоскостью) командасын таңдаймыз. Әрбір модельдің проекциялық жазықтығын анықтайтын координаталар жүйесі болады. Проекциялық жазықтығын көру үшін оларды Құрылым талында (Дерево построения) ерекшелеу қажет. Тышқан арқылы базалық жазықтық ретінде ХҮ (2 а сурет), ZX(2 б сурет), ZY(2 с сурет) таңдап, қию жазықтығын ерекшелейміз.
Деталь таңдаған жазықтығымызға байланысты қиылады (3 сурет).
3 сурет 4 сурет 5 сурет 6 сурет
Эскиз арқылы деталь бөлігін қию.
Сызбаның көрнекілігін арттыру мақсатында тек бір жазықтық емес бірнеше жазықтықты қолдануға болады. Ол жазықтықтарды базалық жазықтыққа параллель және оны симметриялы түрде оске бағыттайды. Нәтижесінде құрылымының ішкі және сыртқы бөлігін көрсететін деталь бөлігі қиылады (4 сурет).
Жазықтық бірнеше жазықтықтан құралған болса қиық күрделі деп аталады. Егер жазықтықтар бір-біріне параллель бірінен кейін бірі сатылап орналасса оны сатылы деп атаймыз. (5 сурет)
Егер жазықтықтар бір-біріне қандайда бұрышпен орналасса онда күрделі сынған деп аталады. (6 сурет)
Деталь бөлігін осы жолдармен қию үшін детальдың эскизін құрып алуымыз қажет.
Мазмұны:
1-Компас-3D графикалық жүйесінде сызба орындау...................................1
2- Компас графикалық жүйесі.........................................................................1
3- Компас бағдарламасын іске қосу, бағдарлама интерфейсі.......................1
4- Құжат типтері...............................................................................................2
5- Құрал саймандар панелі...............................................................................3
6- Графикалық қарапайымдарды құру............................................................4
7- Байламды пайдаланып қарапайым командалар арқылы сызба сызу.......4
Параллель түзулерді құру.......................................................................5
Қисықты тең бөлікке бөлу.....................................................................5
Обьектіні түзету.....................................................................................6
Обьект және обьект бөлігін өшіру........................................................6
Түйісу. Түйісу элементтерімен жазық деталь сызбасын құру. Симметриялы осьті пайдаланып сызба сызу. ............................................7
Симметриялы осьті пайдаланып сызба сызу......................................8
Геометриялық денелер және оның элементтері...................................8
Қисық беттермен шектелген геометриялық денелерді құру...............9
«Ығыстырып желімдеу» және «ығыстырып қию» операциялары көмегімен 3D модель құру...........................................................................11
3D модельді түзету...............................................................................12
«Айналдыру операциясы» көмегімен жазық сызбада 3D модель құру................................................................................................................15
Эскиз арқылы деталь бөлігін қию.......................................................17
Компас-3D графикалық жүйесінде сызба орындау
Инженерлік графика курсы
10-11 сынып оқушыларына арналған қосымша кітап
Құрастырған: Ташимова А. А.
Жезқазған-2015ж.