Газеттен г?л сауыт жасау
Байғанин орта мектебі
Шығармашылық жоба
Тақырыбы: «Газеттен гүлсауыт жасау»
Жобаны орындағандар: Елемес Ғазиз
Тайберен Ерден
Жетекшісі: Төремұратова С.Ж.
2015 жыл
Жобаның мақсаты:
Қазіргі заманымызға сай қолөнерімізді дамыту,өз қолымызбен әсем бұйымдар жасауға, ұқыптылыққа еңбек сүйгіштікке , шыдамдылыққа іскерлікке тәрбиелеу.
Жобаның міндеті:
Заманауи қолөнері жайлы білу;
Газетпен тоқу өнері жайлы мағлұмат беру;
Газетпен тоқыма тоқу технологиясын үйрену;
Жобаның өзекті мәселесі: қалдық материалдардан заманауи әсем бұйым түрлерін жасауға қызығушылықты арттыру
Жобаның нәтижелері:
Әрбір жұмысты істеген кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек.
Тоқыма өнері туралы ізденген кезде менде бірнеше нәтижеге жеттім.
Біріншіден, тоқыма өнерін зерттей келе олар жайлы көп біле бастадым.
Екіншіден, тоқымамен жұмыс істеуді үйрендім.
Жобаның кезеңдері:
Біріншіден, біз өзіміз зерттейтін жұмысымызды таңдадық
Екіншіден, мәліметтерді жинақтап, тоқуды үйрендікҮшіншіден, жинаған жұмысты талдадық
К І Р І С П Е Б Ө Л І М
Қазақ халқының қолөнері ғасырлар бойы халықпен бірге дамып келе жатқан дәстүрлі өнер.
Қолөнер – бұл адам қолының еңбегі, адам баласын еңбектенуге тәрбиелейтін іс болып табылады. Қолөнер бүкіл халықтардың тамашалайтын көрмесі. Бұл яғни , ата-бабамыздың қиялынан шыққан, қажеттіліктен туындаған өнер туындысы. Әр халықтың өз мәдениеті бар, ол ғасырлар бойы дамып жаңғырып келіп, атадан балаға жалғасқан өнер екенін білеміз.
Ол арқылы біз үлкен рухани эстетикалық тәлім алып өнер әлеміне қанат қағамыз. Қас шеберлердің қолынан шыққан бұйым түрлерін халқымыз естелік ретінде сақтай білгендігінде есімізде. Халық шеберлері шығармашылық ізденіс үстінде тұрмысымызға керекті қолөнердің алуан түрін ойлап тапқан, соның ішінде бүгінгі шығармашылық жобаға тоқу өнерінің ішінен заманауи газеттен бұйымдар тоқу жұмысын алып келдік.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Өру - жұмсақ материалдардан қолмен шалып біріктіру арқылы бұйым жасау тәсілі. Өру тәсілі жер жүзіндегі барлық халықтар арасында ертеден таралған. Өру әсіресе теңіз жағалауындағы елдерде кеңінен таралған. Олар өру арқылы үй тұрмысына, теңіз шаруашылығына қажетті бұйымдар жасаумен қатар, түрлі өсімдіктердің сабағы мен талшығынан өріп, шарбақ, көк шыбықтан өріп арбаға қорап, таспадан өріп ер-тұрман, жегу әбзелдерін әзірлеген. Қазір бұйым өріп тоқу әдісі өнеркәсіп салаларында машинамен жасалады. Көк шыбықтан орындық, кресло, балалар арбасына қоранша, ыдыс-аяқ, т.б. бұйымдар салуға арналған сандықша, себет тоқылады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Біздің тоқуда қолданатын негізгі материалымыз - газет қағазы.
Пластикалық және серпімдік қасиеттерінің арқасында қағазды әртүрлі өрілген бұйымдар жасау үшін жиі қолданады. Қарапайым және онша қиын емес тәсілдің көмегімен түрлі түсті қағаздан, мысалы, әсем себеттер, қораптар, құмыралар және басқа да бұйым түрлерін жасауға болады.
Өруге арналған қағаз әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар түрлі-түсті қағаздардан, негізге өрілетін, жолақтар қиылу керек.
Қағаздан тоқу айтарлықтай оңай орындалатын жұмыс, сондықтан қолөнердің бұл түрі – балалармен жұмыс ұйымдастырудың тиімді варианты.
Қағаздан өрілген бұйымдар, балалар жасай алатындай, өте қарапайым әрі күрделі болуы мүмкін. Бүгінгі біздің алып алып отырған шығармашылық жобамыздың тақырыбы: «Газеттен гүлсауыт тоқу»
Тоқу жұмысын бастау үшін ең алдымен қажетті құрал жабдықтарымызды дайындап аламыз.
Қажетті құрал-жабдықтар:
Газет
Қатырма қағазы
Сызғыш
Карандаш
Қайшы, пышақ (қағаз кесуге арналған)
Циркуль
ПВА, мастер клей (қағаз клей)
Спиц
Гуашь
Су эмульсиялы бояуы
Лак
Қылқалам
Қыстырғыштар
Қауіпсіздік ережесі:
Жұмысты бастамас бұрын фартуктарын кию;
Газетті пышақпен немесе қайшымен қию кезінде сақ болу;
Газетті орау кезінде спицке сақ болуын қадағалау;
Клеймен жұмыс кезінде киімдерін бүлдірудер және төгіп алмауға мән беру;
Бояу,лактау кезінде отырған жерлерін, және киімдерін бүлдірмеуге сақ болу.
Газет таяқшаларын дайындау жұмысы: Алдымен әр газеттіміздің бір бетін төрт бөлікке бөліп (ені 8-10 см) жолақшалар дайындап аламыз. Әрбір жолақшаның шетінен спицпен орап айналдыру арқылы бірнеше таяқшалар дайындап аламыз. Шамамен бір газеттен 8 таяқша дайындалады.Әрбір таяқшаны дайындауға шамамен 20 сек. уақыт кетеді.
Келесі жұмысымызда жасайтын бұйымымыздың табанын дайындау үшін қатырма қағаздан циркуль арқылы диаметрін өлшеп екі шеңбер сызып дөңгелекті қайшы арқылы қиып аламыз.
Дайын дөңгелекке ПВА клейі арқылы төрт таяқшаны бірдей арақашықтықта орналастырамыз. Осыдан кейін бір таяқшаның тұсынан қосымша тоқу таяқшасын орналастырамыз да екінші дөңгелегімізді клей арқылы беттестіре отырып қысқыштармен қысып тастаймыз.
Тоқу технологиясы: Дайын болған ваза табанынан бастап тоқу жұмысы басталады. Алдымен бір таяқшаны екінші таяқшаның үстіне бастыра салып екінші таяқшаны бұрап көтеру арқылы үшінші таяқшаны бастырамыз. Үшінші таяқшаны бұрап көтеру арқылы төртінші таяқшаны бастырамыз. Төртінші таяқшаны бұрап көтеру арқылы бірінші таяқшаны бастырамыз. Міне осылайша тоқу жұмысы жалғаса береді. Тоқу кезінде үзілген таяқшалардың арасын бір- бірімен клей арқылы жалғастырамыз. Тоқуды аяқау кезінде таяқшалардың шеттерін қайырып өрімдердің арасына салып жібереміз. Яғни, бұл тоқуды бұрап тоқу немесе спираль тоқу деп атайды.
Бояу технологиясы: Дайындалған бұйымымызды алдымен газеттегі жазулар көрінбес үшін су эмульсиялы бояуымен бояймыз. Кепкеннен кейін су эмульсиялы бояуына өзімізге ұнаған гуашь бояуынан аздап түс қосамыз.
Дайын болған түсті бояуымызбен (қызыл, жасыл, қоңыр, сары) екінші рет гүлсауытымыздың сыртын бояймыз.
Лактау: Бұйымымыздың бояуы кепкеннен кейін лактау арқылы жұмысымызды аяқтаймыз.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Бұйымымыздың өзіндік кұнын есептеп шығару.
Р/с Материалдар Бағасы (теңгемен) Жұмсалған
қаражат
1 Мастер клей 100 тг. 450 теңге
2 ПВА клей 80 тг 3 Су эмульсиялы бояуы200тг 4 Гуашь 50 5 қылқалам 20 Х.Дайын бұйымымызды бағалап, өзімізді өзіміз тексердік.
Дәптерге орындаған жұмысымыз туралы пікірлерімізді жаздып бағаладық.
Р/с Жұмыстың құны Бағасы
Оқушы Мұғалім
I. Газеттен таяқшалар дайындау 5 5
2. Қатырма қағаздан бұйым табанын дайындау 5 5
3. Тоқу жұмысы 5 5
4. Бояу жұмысы 4 4
XI. Жарнамалау
Ғажайып іс көріңіздер,
Гүлсауыт алуға келіңіздер
а. фирманың аты : «Ер-Ғазиз»
б. өнімдік белгісі :
в. Мекен жайы: Байғанин ауданы, Жарлы селосы, Байғанин орта мектебі
г. Бағасы: 430 тг.Газеттерді бөлу
Спицпен орау
Дайын газет таяқшаларын