Презентация Биологиядан Белсенді о?ытуды? ?діс – т?сілдерін ?олдана отырып ?ткізілетін саба? жоспары


   Белсенді оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдана отырып өткізілетін сабақ жоспары үлгісі    Орындаған: география және биология пәндері мұғалімі Самарбаева Жаннат Халеловна  Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы«Ақбұлақ мектеп – балабақша кешені» Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер класыМақсаты: 1). Қосмекенділер класы туралы жалпы түсінік қалыптастыру2). Қосмекенділердің көп түрлілігі туралы мәліметтер жинап, білімдерін толықтыру3). Қосмекенділердің табиғаттағы маңызы туралы үйрене отырып, оларды қорғауға баулуСабақтың әдісі: СТО стратегиялары элементтерін қолдануЖоспары: 1. Қызығушылығын ояту: қосмекенділер туралы білетіндері туралы кластер құру. Топтастыру – ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау, оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы. Бұл тәсілдің авторы – американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін алып, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Бұл тәсіл оқушылардың ақпараттың ішінен маңыздысын, тірек сөздерін нақты таба білуге, екінші жағынан сызбаға қарап өз ойын жүйелеп жеткізуге мүмкіндік береді. 2. Мағынаны тану: оқушылар өз беттерімен мәтінмен танысады ( 7 мин).3. «Ақылдың алты қалпағы» әдісі пайдаланылады. Оның авторы – американдық профессор Эдвард де Боно. Осы әдісті пайдалану кезінде мына жайттар ескерілуі тиіс: әркім ойлану керек және ойларын айтады; ойлау дағдысының дамуының бірі; тым күрделі жағдайларды қарапайым жағдайлармен алмастыру керек; жоспарлы және сатылы әрекет болу керек; затты зерттеу қажет және сөз таластырмау керек; менің пікірім әрқашан дұрыс демей, керісінше пайдалы ұсыныстар жасау керек; біз көрмей тұрған, бірақ көруге міндетті ететін шешімдер мен идеялар болуы керек. Әдіс ойлауды алты типке немесе тәртіпке бөлуге жол береді, олардың әрбіреуіне түрлі түсті қалпақ сәйкес келеді. Бөлу арқылы әрбір тәртіп тиімдірек пайдаланады, жалпы ойлау үрдісі бір нүктеге топталып, тұрақты болады. Ақ қалпақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беруҚызыл қалпақ (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіруҚара қалпақ (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”Сары қалпақ (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»Жасыл қалпақ (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойларКөк қалпақ (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды. Жасыл қалпақ - КреативМенде қандай идеялар бар?Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.Көк қалпақ - шолуМен не аштым?Тағы не ашылған жоқ?Мен оны қалай аша аламын?Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз.Сары қалпақ - ПозитивЖағымды тұстары қандай болды?Оның артықшылығы қандай?Маған не ұнайды?Оң тармақтарын жазыңыз.Қызыл қалпақ – ТүйсікМенің түйсіктік реакциям қандай?Менің түйсігім маған не дейді. Өз ойларыңды жазыңыз.Қара қалпақ - ЖағымсызЖағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз?Қандай проблемалар бар?Маған не ұнамайды?Жағымсыз тармақтарды жазыңыз.Ақ қалпақ - ФактілерМенде қандай ақпарат бар?Маған қандай ақпарат алу қажет?Білетіңізді ғана жазыңыз.Ақылдың алты қалпағы: мәтінге/суретке/оқуға ықпал етудің 6 тәсілі. (қажеті жоғын алып тастаңыз)Көк қалпақты барлық топтан кейін кері байланыс алу үшін пайдаланыңыз.  1.Қосмекенділер пайда болған- Ежелгі саусаққанатты балықтардан2.Қосмекенділер- Алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалылар  3.Қосмекенділерде ең алғаш пайда болған- Сілекей бездері4.Қосмекенділердің басым көпшілігінің тынысалу мүшесі-Өкпе.5.Қосмекенділердің жүрегінің қарынша бөлімінде ... қан болады.Аралас. 6.Қосмекенділердің жүрегі- Үш қуысты Пайдалы құстарға қорек болады. Етін тағамға пайдаланады. Зиянды омыртқасыздармен қоректеніп,пайдасын тигізеді. Ғалымдар мен студенттер тәжірибеде қолданады.Қосмекенділерге арналған ескерткіштер. Бақаларды тәжірибе үшін пайдаланады. Медицина мен биологиядағы тәжірибелер, оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде бұл мақсаттар үшін жылына бірнеше мың бақалар пайдаланылады.бақаның ғылыми зерттеулерде көп қолданылуына байланысты көп жерлерде оларға ескерткіш орнатылған.Ең улы – Оңтүстік Америкада кездесетін ағашқа өрмелейтін бақа.Уынан адам өліп кетуі мүмкін. Қазақстанда ғана кездесетін түр – Жетісу бақатісі азайып бара жатыр.  Ғалымдар бақа терісінен дәрі дайындайды. Біріккен Араб Әмірлігі университетінің ғалымдары бақа жабын терісінің ерекше қасиеттерін анықтады. Осының негізінде олар стафилакоккпен күресетін жаңа күшті антибиотик жасап шығарды Бақа терісі антибактериальды заттармен қорғалғандықтан оларға ауру туғызатын микроағзалар әсер етпейді. Бірақ ғалымдар олардың жағымсыз әсерлерін кетіретін модификациялау жолын тапты. Нәтижесінде зерттеушілер 100 жаңа антибиотик алды, олар клиникалық сынаққа әзір және алдағы 5 жылда қолданысқа енбек.  Саламандра 18, тритон 13, бақылдауық бақа 10, құрбақа 36 жыл өмір сүреді екен. Ең кіші бақа – Кубаның қортық бақасы. Ұзындығы 1 см шамасында. Ең суыққа төзімді – Сібір бұрыштісі, Сібір бақасы, үшкіртұмсықты бақа Ең ірі бақа – Африкада кездесетін голиаф. Салмағы 3,5 кг, ұзындығы 50 см. 4. Қосмекенділердің пайдасы туралы кесте толтыру: (Айналмалы бекеттер – басқа біреулердің идеяларын құру, тақырыпты немесе сұрақты, белсенді және енжар толықтай талқылау).Табиғатта АдамғаҒылымда Медицинада       Он сұрақ! Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. Alphabet LineБізге 5 ерікті қажет!Әліпби тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша негізгі сөздерді дауыстап айтады. __________________ Бұл өте жеңіл – мысалы, егер сіздің тақырыбыңыз қосмекенділерге қатысты болса, онда сіз былайша бастай аласыз: А – аяқсызБ – бақа В – вена қан тамырыӘліпби желісі Неге? Арасындағы айырмашылығы … Мына сөйлемді жауап үшін пайдаланыңыз:... ... болып табылады, ал .... - .....ABСуретті немесе негізгі сөзді қойыңыз ҚосмекенділерБүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет. Сіздің нәтижеңіз қандай?өте жақсы: 10 және одан да көп сөзжақсы: 8 және одан да көп сөзжаман емес: 6 және одан да көп сөз 5. Ой толғаныс: «Синквейн» (Бес жолды өлең) тәсілі 1.Бақа2.Қосмекенді, пайдалы 3.Жүзеді,секіреді,бақылдайды4.Бақа – қосмекенді пайдалы жануар.5.Саламандра. Рефлексия. Стикерлермен диалог. Оқушылар өз пікірлерін стикерлерге жазып білдіреді.Не нәрсе оңай болды?Не нәрсе қиын болды?Не білгіңіз келеді? «Бағдаршам»Түсінгенін білу үшін қолданыңыз.Мысалы:Қызыл түс – түсінген жоқпын;Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;Жасыл түс – барлығы түсінікті.«Алақан» әдісіКішкентай саусаққа – тақырыптың пайдалы жақтарын жазады;Екінші саусаққа – тақырыптың ұнамсыз немесе теріс жақтарын жазады;Ортаңғы саусаққа – түсінбеген мәселе жөнінде сұрақтарын жазады;Нұсқаушы саусаққа – ойлануы тиіс мәселені жазады;Бас бармаққа – қолданамын деген ақпаратты жазады;