Натурал сандарды азайту 5 — сынып.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
САБАҚ: Математика Мектеп: № 264 мектеп - лицей
Күні: 23.09.2016ж Оқытушының аты-жөні: Қойшыбекова Гүлжан
СЫНЫП: 5 «а» Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарды азайту
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Азайту амалын білу, азайтудың қасиеттерін үйрену, азайғыз мен азайтқышты және айырманың мәнін ажырата білу
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
Азайғыш, азайтқыш, айырма, айырманың мәнін ажырата алады.
Натурал сандарды азайтуды үйренеді.
Оқушылардың басым бөлігі:
Айырманың мәнін табады.
Кейбір оқушылар:
Азайтудың қасиеттерін пайдаланып, тиімді тәсілмен есептейді.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Азайтқыш, азайғыш, айырма, айырманың мәні
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:
Тең сандардың айырмасы неге тең?
Азайтудың қандай қасиеттерін білесіңдер?
Қандай санды азайғыш, азайтқыш деп атаймыз?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Есептер шығарады, жеке жұмыстар жүргізіледі.
Алдыңғы білім 4-сынып:
Жоспар
Жоспарланған әрекеттер Ресурстар
Басы
10 мин
І. Ұйымдастыру.
Топқа бөлу:
Ынтымақтастық атмосферасын орнату. "Өз жартыңды тап" әдісі - бұл әдісте оқушылар жұптасып, бір бір парақшадан ұстап, бір-біріне қарама- қарсы тұрады. Қолдарындағы парақшадағы жазулар арқылы жұптасып, парақшаның келесі бетіндегі жазуды құрастырып, топтың атауын айтып, өз топтарына жайғасады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жанындағы жұптарымен дәптер алмасады және бір – бірінің үй жұмыстарын интерактивті тақта арқылы дұрыс, бұрыстығын тексеріп, балл қояды.
№225
□∆6796
□∆ 79
------- -------
8 7 58 7 51 ұпай
№226
4 бала – 8 балық
Балық массалары: 500г, 1 кг, 1 кг 500 г, 2 кг, 2 кг 500г, 3 кг, 3 кг 500г, 4кг.
А) 8 : 4 =2 (Әрбір бала 2 балықтан)
Ә) 500г+1000г+1500г+2000г+2500г+3000г+3500г=18000г (Барлық балықтың массасы)
18000г: 4 =4500г. (Әрбір баланың алатын балығының массасы)
1 ұпай
№227
Қонжық 270 г – 6 мин? мин
Аю -? 2 есе жылдамжейді
Ш:270:6=45 г (1 мин. қонжық) 270г: (90+45)=2мин
45г * 2 = 90 г (1 мин. аю) Ж: Аю мен қонжық 2 мин. жейді.
2 ұпай кір жаятын жіп, кірқыстырғыш
Бейнеролик
құрама парақтар
Ортасы
І. Сұрақтар арқылы тақырыпты ашады.
А) Қосу амалына кері амал қандай ?
ә) Қосу амалындағы сандар қалай аталады?
б) Қосындының мәні және бір қосылғыш белгілі болса екінші қосылғышты қалай табамыз?
Сабақтың тақырыбы ашылады.
ІІ. "Күншуақ ойыны" жаңа тақырыпты шолу.
а) Қандай амал азайту амалы деп аталады?
ә) Қандай санды азайғыш деп, қандай санды азайтқыш деп атайды?
б) Тең сандардың айырмасының мәні неде?
в) Саннан қосындыны азайту қасиетін тұжырымда
г) Қосындыдан санды азайту қасиетін тұжырымда.
Бағалау . «Мадақтау»дискрипторлары арқылы бағалау.
ІІІ. Тақтамен жұмыс.
№229
(84-14)+35=105
(46-26)+97=117
(316-116)+195=35
(483-383)+23=33 1 ұпай
№230
(156-56)-70=30
(245 – 45 ) -100=100
(128 -38)-45=45
(286-66)-30=10 1 ұпай
ІҮ.Топтық жұмыс. №234, №235, №241, №244 есептер әр топқа беріліп, әр топ есепке шарт құрып, шешуін жазып, есептің шығарылу жолын топтағы баяндаушы баяндайды.
Бағалау. «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» 2 топ өзара бір-бірін бағалайды.
V. Сергіту сәті. 1 мин
ҮІ. Жеке жұмыс. "Тест тапсырмалары"
Сандардың айырмасын тап: 365-235
А)130 Б) 120 С) 135
2. Ең үлкен үш таңбалы саннан ең кіші үш таңбалы санды азайт.
А) 888 Б) 880 С) 899
3. Сыныпта 17 ұл бар, бұл қыздардың санынан 2-ге артық. Сыныпта барлығы қанша оқушы бар?
А)32 Б) 30 С) 36
4. Сөйлемді аяқта: 2456 саны 2306 санынан ............... артық
А)120 Б)150 С) 100
5. Айырманың мәнін тап: 482-273
А)210 Б)201 С)209
6. Қосуға кері амал?
А) Азайту Б) көбейту С) бөлу
7. Өрнектің мәнін тап 73-а а=27
А)36 Б)46 С)56
8. 754 санын 64 – ке арттыр
А)727 Б)818 С)563
9. 1201 санын 999 – ға кеміт.
А)202 Б)312 С)415
10. Шамаларды азайт: 3 кг 400 г - 2 кг 900 г
А)1 кг 500г Б)1 кг С) 500 г
Бағалау ."Фигурамен"
- 8-10 дұрыс жауап
- 6-7 дұрыс жауап
- 4-5 дұрыс жауап
Плакат,маркер
Соңы І. Қорытынды.
"Менің сабақтан кейінгі әсерім"
Кесте арқылы кері байланыс орнатады.
Үйге тапсырма
1) Натурал сандарды азайту.
2) №231, 233,243 есеп
Бағалау. Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным сіздерге ұнады ма? Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
1:
2:
Бағалау парағы
Бағалау критерийлері: «5» - 10-11ұпай
«4» - 8-9 ұпай
«3» - 5-6 ұпай
Р/С Оқушы
аты - жөні Үй жұмысы Топтық
жұмыс Жеке жұмыс Ұпай саны Бағасы
1 2 3 4 5 6 7 8 Рефлексия
Қандай ой пайда болды? Не сезіндім? Не ұнайды?