Презентация, коучинг саба?. О?у ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау
Қош келдіңіздер!Информатика пән мұғалімі: Кульбаева А.А,
Топқа бөлу
style.rotation
"Сыпайылық""Ізеттілік""Инабаттылық""Сабырлылық"Топ атаулары
Топта жағымды ахуал туғызу.
Баға дегеніміз не?Ал бағалау дегенімізді қалай түсінесіз? деген сұрақтарға жауап жазу“Дейін - кейін”
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
Мақсаты: Әріптестеріміздің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпалдастыру.
Бүгінгі мектептегі білім беруде Баға – Бағалау - Сандық баға деген ұғым бар.Біз үшін бұл үш сөз синонимдес болғанымен, әр түрлі ұғымды білдіреді
Бағалау - оқушылардың оқу – танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау;Баға беру - бағалаудың нәтижесі,яғни сапалы кері байланыс;Баға - символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау.
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіреді, себебі бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылауы болып табылады. Бағалау:ФормативтіОқыту үшін бағалау, Қалыптастырушы бағалауАғымдағы бағалауСуммативтіОқуды бағалауЖиынтық баға
Оқыту үшін бағалау – формативті бағалау - қалыптастырушы бағалау – ағымдағы бағалау болып келеді. Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен рөл атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қорытынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді. Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс - әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады. Формативті бағалау
Оқуды бағалау – суммативті баға - жиынтық баға - болып келеді.Суммативті оқыту, керсінше, оқушылардың осы кезеңге дейін оқығанын қосып бағалау немесе білім деңгейі мен оқу дағдыларын анықтау үшін қолданылады. Суммативті бағалау белгілі бір уақыт аралығындағы оқушының алған білімін тексеру болып табылады. Қорытынды баға формативті және суммативті бағалаудың қосындысының нәтижесінде шығарылады. Суммативті бағалау қорытынды, тоқсандық баға, емтихан бағасы, тоқсан аяқталғанда (тест, бақылау жұмысы) қойылатын баға.Қалыптастырушы баға жиынтық бағаға қызмет жасайды.Суммативті бағалау
Мұғалімдер мектеп іс-тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір ғана түрін қолданады. Оқушыларды білім алуға ынталандыруда формативті бағалаудың 12 түрін толық қолдануы оң нәтижелерін берері сөзсіз. сабақтар барысында формативті бағалаудың келесі түрлерін қолдандануды ұсынамын: - Қол белгісі немесе "Сұқ саусақ" арқылы бағалау; - Шапалақтау немесе мадақтау; - Стикерге бағалау; - " 2 жұлдыз, 1 тілек"; - "Мақсат ағашы" арқылы бағалау; - Өзін - өзі бағалау; - Жұпта бірін -бірі бағалау; - Топта бірін - бірі бағалау және т.б.
Бағалау түрлері Ішкі жиынтық бағалау (суммативті) – Ішкі жиынтық бағалау мектеп әкімшілігі және мұғалімдермен жүргізіледі яғни қорытынды, тоқсандық баға, емтихан бағасы, тоқсан аяқталғанда (тест, бақылау жұмысы) қойылатын баға.Сыртқы жиынтық бағалау – бұл жоғарғы мектеп (11-сынып), негізгі мектеп ( 9- сынып), бастауыш сынып (4-сынып) оқу сатысы аяқталған кезеңдегі қалыптасқан білім мен оқу дағдыларының деңгейлерін анықтау; (ОЖСБ; ҰБТ; PIZA т.б) Жиынтық бағалау – белгілі бір мерзімдегі (тоқсан, жарты жылдық, жылдық) оқу жетістігінің деңгейін анықтау үшін орындалатын оқушының жұмысы;
Өзімізді қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтерді көрсетулеріңізді сұранамын.{5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA}Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емесТүсінбеймін, қайталап қарау қажетЖалғастыруға дайынмын
Сергіту сәті
Сыйлық жасау.Берілген қағаздан гүл шоқтарын жасау.
Бағалау өлшемдеріне қарап қайта бағалау жүргізіңіздер {5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA} Критерийлер ДескрипторларҰпай1Көркемділігі1.Талғамы жоғары22.Төмен12Орнықтылығы1.Орнықты22.Орнықты емес13Көлемі1. Талапқа сай келеді12.Талапқа сай емес0
“Дейін - кейін”1) Бүгінгі сабақта бағалаудың неше түрі пайдаланылды? 2) Сіз үшін қайсысы тиімді?
1.Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма? Иә жоқ Түсініктемелер 2. Сіз бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба? Иә жоқ Түсініктемелер 3.Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылды ма? Иә жоқ Олар қандай тәсілдер болды? 4.Коучинг кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе? Иә жоқ Неге? 5.Коучинг кезінде сіз жаңа бір нәрсе үйрендіңіз бе? Иә жоқ Не үйрендіңіз? 6.Жаңа тәсілдерді қолданғанда сіздің сеніміңіз артты ма? Иә жоқ Қалай? 7.Коучинг сабағы Сіздің өзініздің оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгіуге жігерлендірді ме? Қандай өзгерістер? 8.Сіз үшін осы коучингтің құнды жәйттері қандай болды? 9.Бүгінгі үйренгеңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? 10.Сіздің қандай ұсынысыңыз бар?
Сау болыңыздар!