Интегрированный урок «Мені? Отаным-?аза?ста «Kazakhstan is my motherland»
«Новоильинов орта мектебі» КММ-сі.
Менің отаным-Қазақстан
Kazakhstan is my motherland
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан».
«Kazakhstan is my motherland»
Сабақтың мақсаты: Aims of the lesson: 1.Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін бекіту және толықтыру. Талдау түрлері арқылы сөз таптарын,сөйлем мүшелерін, оның байланысу түрі мен тәсілдерін жүйелеп қайталау. Білім деңгейлерін, іскерлік дағдыларын тексеру. Educational: to enrich pupils’ knowledge about Kazakhstan, talking about our republic achievements during 25 years of Independence; to revise the parts of speech. 2.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.Қазақша, ағылшынша сөйлеуге бейімдеу. Developing: to develop pupils’ skills in oral speech and reading, to train pupuls’ abilities in grammar, to improve pupils’ skills in independent work. 3.Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушыларды саналы ел азаматы болуға тәрбиелеу. Bringing-up: to bring up pupils to be patriots of their motherland, to love their country and to make great efforts in the development of the country. Сабақтың түрі: қайталау сабағы. Type of the lesson: revision lesson. Сабақтың типі:кіріктірілген, а built-in tutorial.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұхбат, топтастыру, баяндау, ой шақыру. Forms of work: individual, group, collective, work in pairs. Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, әдебиет, география. Subjects’ connections: Kazakh, literature, history, geography. Қолданылған технологиялар: Н.А.Оразақынованың СКТ технологиясы, Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы. Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан Республикасының рәміздері» буклеті, Қазақстан картасы, түрлі- түсті суреттер (Астана көрінісі),шағын тест тапсырмалары, М.Мақатаев портреті,сөзжұмбақ. Materials: national symbols of Kazakhstan, map of Kazakhstan, pictures of Astana, tests, clasters, texts about Kazakhstan, crossword. Сабақтың эпиграфы: Қазақстан: Туыменен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Сабақтың құрылымы: I - кезең: Кіріспе. 1. Сәлемдесу. 2. Психологиялық даярлық. II – кезең: Ой шақыру. III – кезең: Эпиграфпен танысу. IV – кезең: Мақал – мәтелдер жарысы. V – кезең: Мәтіндермен жұмыс. VI – кезең: Сатылай кешенді талдау. 1. Фонологиялық талдау. 2. Морфологиялық талдау (жеке жұмыс) VII – кезең: Тест тапсырмаларын орындау. VIII – кезең: Сөзжұмбақ шешу.
IX – кезең: 5 жолдық тұжырымдама құру. X- кезең: Сабақты қорытындылау. XI – кезең: Үй тапсырмасы. Бағалау. Сабақтың барысы: The course of the lesson: I. Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық даярлық. Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымызға жан – жақтан қонақтар келіп отыр.Сондықтан тақырып бойынша білімдеріңді ортаға салып, әр кезеңдерде болатын тапсырмаларға белсене қатысып отырыңдар.Сәттілік тілеймін! Good morning, dear boys and girls. Today we have an unusual lesson. We have got a lot of guests. They are teachers from our region. We are very glad to greet you at our school. Today on the lesson we will work about the theme "My Motherland is Kazakhstan”. The lesson is devoted to the 20-th anniversary of Independence of the country. We will talk about our state symbols, geographical position and our capital Astana. Our grammar today is the revision of the parts of the speech. I wish you success! II. Ой шақыру. Сұрақ – жауап. - Балалар,сабағымды өлең жолдары арқылы бастағалы отырмын, бұл өлеңді сендер білесіңдер, сондықтан мұқият тыңдаңдар. Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем..... - Бұл өлеңді кім жазды?( Мұқағали Мақатаев) - Ол кім?( ақын, аудармашы, ғасыр ақыны) - Қандай ақын?( ұлы, дарынды, ақиық- сыршыл, лирик) - Өлең не туралы?( Туған жер, Отан туралы) - Отан деген не?( Адамдардың туып- өскен жері) - Қазақ елінің Отаны қалай аталады?( Қазақстан) - Қазақстан қандай мемлекет? ( Тәуелсіз, дербес, егеменді, экономикасы дамыған, демократиялық, құқықтық, көпұлтты; independent, sovereign, democratic, legal, multinational, rich) (Оқушылар тақтаға шығып 2 тілде топтама жасайды) Қазақстан Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз ел болды? ( 1991 жылы) - Биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығына аяқ басып отырмыз?( 25 жылдық) - Қандай тәуелсіздік белгілерін білесіңдер?( Ту, елтаңба, әнұран; Flag, Arms, Anthem or Hymn) III. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.
Бүгінгі біздің сабағымыз жарыс түрінде және екі тілде өтеді. Екі топ жұмыс жасайды. «Астана» тобы, «Лондон» тобы.
Сонымен қатар жаңа мәлімет,сабақтан біліп-түйгендеріңізді постерге түсіріп оны сабақтың аяғында қорғайсыздар.Сабағымыздың эпиграфы: Қазақстан: Туыменен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Осы эпиграфты бір сөзбен айтқанда, негізгі ой не туралы?(рәміз- state symbol) IV. Мақал- мәтелдер жарысы Отан туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер? ( Оқушылар білетін мақалдарын айтады) 1.- Отан оттан да ыстық. 2- Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 3- Ел іші – алтын бесік. 4- Туған жердің қадірін, Шетте жүрсең білесің. 5- Отансыз адам- ормансыз бұлбұл. 6- Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы. Work with the proverbs: match the beginning of the proverb with its ending. Өз үйім өлең төсегім!
Әркімнің өз жері – жұмақ!
Отанды сүю – от басынан басталады!
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл!
Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!
Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе өзің жеткенің!
There is no place like home!
For each man his native land – is paradise!
Love to Motherland infused in family hearth!
Person without Motherland is a nightingale without forest!
Better be an ordinary man in one’s land, than a sultan in a foreign land!
To betray one’s Motherland is to bury oneself alive!
V. Мәтінмен жұмыс . Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемлекет. Қазақстанда 30 мемлекеттің елшілігі бар. Қазақстанның негізгі халқы- қазақ халқы. Қазақстан қазір дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық және мәдени байланыстар жасап жатыр. Қазақстанның бас қаласы және астанасы Астана қаласы. Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан. Қазақ жері пайдалы кендерге бай. Қазақстан табиғаты өте әдемі. Біз Қазақстан азаматы екенімізді мақтан етеміз! Дербес, тәуелсіз ел болу қандай бақыт! Бүгінгі Қазақстан білімді, жоғары мәдениетті, дамыған ел. Мен Қазақстанды жақсы көремін, себебі ол менің Отаным. (Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап береді) - Қазақстанның негізгі халқы кімдер? - Мемлекеттермен қандай байланыстар жасап жатыр? - Астана қаласы қайда орналасқан? - Қандай кендерге бай? VI. Сатылай кешенді талдау. .ә) фонетикалық талдау жасау. _________________ мемлекет 1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жіңішке буынды сөз. 2.Бұл сөз мем + ле + кет 3 буынға бөлінеді, себебі сөз құрамында 3 дауысты дыбыс бар. мем – б.б ле – а.б. кет – б.б. 3.Бұл сөз мем -ле -болып, 2 жағдайда буын жігіне сәйкес кет- тасымалданады. 4.Қазақ тілінде екпіннің орны біршама тұрақты. Бұл сөзде екпін кет буынындағы е дауысты дыбысына түсіп тұр. 5. Сөзде түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар. б) « кендерге» сөзін сөз құрамына талдау. кен – түбір, не? зат есім. дер – көптік жалғау. ге – барыс септік жалғауы. A) Talking about Kazakhstan in English. Let’s talk about Kazakhstan in English. Answer my questions ,please. 1. What countries does Kazakhstan border with? (Russia, China, Kyrgyzstan,Turkmenistan) 2. How many regions are there in Kazakhstan ? (14) 3. What is the capital of our country? (Astana) 4. Who is the head of the state? (N. Nazarbayev) 5. Who is the author of the anthem? (Zh. Nazhimedenov, N. Nazarbayev, Sh. Kaldayakov) 6. Who is the creator of the flag?(Sh. Niyazbekov) 7. What lakes and rivers of Kazakhstan do you know? Show theirs on the map. The texts: Astana, Kazakhstan, the Flag of Kazakhstan, The Arms of Kazakhstan. Doing tasks for texts. Work in pairs. VII.Тест тапсырмасын орындау. Test from five questions. IX. Сөзжұмбақ шешу «Қазақстан»
1.Ұлт. 2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі. 3.Көктем мерекесі (ай аты). 4.Қазақтың ұлы, ақыны. 5.Космодром. 6.Қазақстанның астанасы. 7.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі. 8.Қазақстандағы теңіз. 9.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.
1.What is our nationality?
2. It is one of the symbols of Kazakhstan.
3. It is one of the mineral resources of Kazakhstan.
4. Famous Kazakh poet.5. The first Kazakh astronaut.6. It is one of the symbols of Kazakhstan.
7. It is the largest sea in Kazakhstan.
8. It is the largest city of Kazakhstan.
9. What is the capital of Kazakhstan?
10. Where is the peak Khan-Tengri situated?
VIII. 5 жолдық тұжырымдама құру. 1. Зат есім Отан Noun. Motherland. 2. Сын есім дербес, бай Adjective. Independent, sovereign, rich. 3. Етістік өркендейді, көркейеді, дамиды Verb. To develop, prosper, change. 4. Сөйлем Отанымыз жылдан- жылға көркейіп келеді. Sentence. My Motherland is a very rich country. 5. Синоним туған жер Synonym.Mother country, Fatherland,native land.
X. Сабақты қорытындылау. The conclusion of the lesson. Қазақстанның 25 жылда жеткен жетістіктері :
Өз армиясы бар 2.Ұлтаралық келісімІмен бейбіт өмір сүріп жатырмыз3.100- ден астам мемлекет таниды 4.Халықаралық валюта қорына, БҰҰ мүшеі болдық5.Менделеев кестесіндегі барлық элемент бар 6.Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев (ғарышкерлер) 7.2030 ж. (дамыған, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енеміз)
Қазақстанның соңғы жетістіктері туралы не айтар едіңдер? 1. (Қазақстанның жоғары халықаралық беделі елімізге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға болуға мүмкіндік берілді. 2. 2017 жылы халықаралық EXPO қөрмесі өтеді.3.Қазақ елінің даңқын асырған Азиада ойындарының үлкен жеңісі. Барлық қазақстандықтар 70 медаль алды. 32 – алтын, 21- күміс, 17- қола ...). Kazakhstan is rich in mineral resources such as copper, gold, iron, lead, nickel, silver, tin, uranium and zinc with deposits of oil and natural gas.
The main branches of industry are coal-mining, metallurgical, machine-building and chemical.
Grain-farming and cattle-breading are the main branches of agriculture.
In 1992 Kazakhstan became a member of the United Nations Organization.
Өте жақсы,балалар! Ал енді сабақ бойы дайындаған постерлеріңізді қорғайсыздар.
XI. Үйге тапсырма: «Қазақстан» тақырыбына шағын эссе жазу. Hometask. Write an essay "Kazakhstan”. XII. Оқушыларды бағалау.