«Ауа райы деген не?» саба? жоспары 1-сынып Д?ниетану
Сабақ жоспары
Пәні: Дүниетану
Сынып: 1 «в»
Тақырыбы: «Ауа райы деген не?»
Мақсаты: Оқушыларды жыл мезгілдерімен таныстыру, ауа райы және жыл мезгілдері туралы білім беру,ойлау қабілеттерін дамыту.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен жұмыс.
Көрнекілігі: суреттер,шартты белгілер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу
2) Оқушыларды түгендеу
3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Балалар бүгінгі сабақта біз жыл мезгілдері және ауа-райы туралы
түсінік аламыз.
Тірек сөздер: жыл мезгілдері, ауа райы.
Жыл мезгілдері – жылдың төрт кезеңі.Олар: қыс, көктем, жаз және күз.
Жылдың әр мезгіліне сәйкес ауа райы да өзгеріп тұрады.
Ауа температурасы, бұлт, жауын-шашын, жел – мұның бәрі ауа райы деп аталады.
Суретпен жұмыс
Суретте қандай жыл мезгілдері бейнеленген?
Адамдар әр жыл мезгілінде немен айналысады?
Ізден
Жылдың әр мезгілінде қандай ойын ойнайсың?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Мәтінді тізбектеп оқу.
Жазда суға шомылып, доп қуып ойнаған жақсы.Серуенге шыққан да пайдалы. Қыста шанамен сырғанап, коньки тепкен қызық. Бұлтты күндері үйде кітап оқып, шахмат ойнап, сурет салған дұрыс.
IV. Сергіту сәті. «Қоян»
Сен білесің бе?
Еліміздің аумағы өте үлкен. Бір күнде еліміздің солтүстігінде суық болса, оңтүстігінде жылы болуы мүмкін.
Ауа райының шартты белгілерімен таныстыру.
Орындап көр
Өзің тұратын елді мекеннің ауа райын сипатта. Шартты белгілерді қолдан.
V. Дәптермен жұмыс.
VI. Қорытынды.
Неше жыл мезгілі бар?Олар?
Ауа райы дегеніміз не?
VII. Үйге тапсырма. 44-45 бет оқу.