«Бала т?рбиесіндегі отбасы мен колледжді? ролі» жалпы ата – аналар жиналысы


Бөкейордасы колледжі
Жалпы ата – аналар жиналысы
Тақырыбы:
«Бала тәрбиесіндегі отбасы мен колледждің ролі»
Сайқын, 2016
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Адамгершілікке, мейірімділікке, тәрбиелей отырып ата – ана мен колледж арасындағы тығыз байланыс орнату;
Өтетін орны: Колледж АКТ залы
Өтетін күні: 12.03.2016 жыл сағ.17.00
 
Жоспар:
Ұйымдастыру. Тренинг: «Өрмекшінің торы»
Кіріспе сөз: колледж директоры
Колледждегі оқу – тәрбие жұмысының барысы туралы -
Өндірістік машық және СТБ – ға дайындық туралы
Баяндама: «Жасөспірімдер арасындағы суйцидалдық мінез – құлықтың алдын алу»
5. Баяндама: «Жасөспірімдер мінез құлқындағы агрессия, девиантты, делинквитті мінез құлық себептері.»
6. «Жасөспірімнің құқық бұзушылық пен тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу жолдары».
7. «Діни білім – тәрбие бастауы»
8.Тренинг
9.Қорытынды.  
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, оқытушылар! Бүгінгі «Бала тәрбиесіндегі отбасы мен колледждің ролі» атты ата – аналар жиналысына қош келдіңіздер.
Жиналысымызды бастамас бұрын танысып алайық. Ол үшін ортаға шығып тренинг өткізіп жіберейік.
«Өрмекшінің торы» атты танысу тренингі.  
    Сіздермен танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткізгелі тұрмын.  Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және жұмыс орнымды айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз өзіңіздің кім екеніңізді кімнің ата – анасы екеніңізді айта отырып, кері қайтарып бересіздер. Осылайша өрмекшінің торы шығады. тор сияқты бір – бірімізбен қарым – қатынасымыз тығыз байланыста болсын дегеніміз. Рахмет.
Жиналысымызды ашу үшін сөз: Колледж директоры: Б.С.Лукпановқа беріледі.
Жүргізуші:Ата- ананың басты қуанышы- бала.
Ата- ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.
  Осы мақсатта сіздерге ата – аналар бала тәрбиесіндегі басты назар аударатын бірнеше факторларға тоқтап, баланың дамуына қандай әсері бар екендігі жөнінде айтып өтсек.
1.Баяндама: «Жасөспірімдер арасындағы суйцидалдық мінез – құлықтың алдын алу» А.А.Халиуллина
2.Баяндама: «Жасөспірімдер мінез құлқындағы агрессия, девиантты, делинквитті мінез құлық себептері.» Н.К.Кыдыргалиева
3. Баяндама: «Жасөспірімнің құқық бұзушылық пен тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу жолдары». Б.И.Мусагалиева
4. Баяндама: «Діни білім – тәрбие бастауы» Р.Ж.Кубайтова
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар оқылған баяндамалардан біршама мағұлымат алдық деп ойлаймын. Келесі кезекті тренингке берсек.
Тренинг: Қар қиыршықтары»
Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып  аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ  бұрышын жыртып аламыз.Осылайша  мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.
Талдау:
-         Кімде бірдей қар қиындысы шықты?
-         Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?
-         Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта  қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?
-                     Психолог сөзі:  Себебі,  бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы,  дүниетануы  көзқарасы  бәрі де әр түрлі. 
Сондықтан ата – аналар балаларды басқа баламен мүлде салыстыруға болмайды. Әр бала жеке тұлға. Сондықтан әрқайсысына өз мүмкіндігінше дұрыс тәрбие берейік.
Жүргізуші: Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.
 Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!
Қорытынды. «Тілек шамы» атты тренинг.