Ата — аналар?а д?ріс: Зиянды ?деттерді? алдын алу(5-9 сынып ата — аналарына)
«Жат қылықтан жирен» тақырыбындағы сыныптан тыс шара.Сабақтың мақсаты: 1. Қазақтың ел алдындағы абырой, беделі, қадір - қасиетінің жақсылығыдәулетімен ғана емес, ұрпақтарының өнегелі өмірімен өлшенетіндігін, елдің елдігін көрсететін, жердің, елдің иесі өздері екендіктерін ұғындыру.2. Жаман мен жақсының айырмасын ұғындыру.3. Темекінің өз ағзасына, айналаға келтіретін зиянын ұғындыру.4. Шылым шегушілерге ымырасыз болуға, салауаттылыққа, зиянды жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.5. Білімдерін, дүниетанымдарын кеңейту.6. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.Сабақ өткізу әдісі: Пікір алысу сабағы.Сабақ жабдығы: Кітап, газет - журнал материалдары, слайдтар, интерактивті тақта.Сабақ барысы.І. Ұйымдастыру бөлімі.Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.- Қазақтың ел алдындағы абырой - беделі, қадір - қасиетінің жақсылығы дәулетімен ғана емес, ұрпақтарының өнегелі өмірімен өлшенеді. Қазір біз ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырмыз. ХХІ ғасыр табалдырығын аттағанымызға да көп болған жоқ.Бүгінгі жастар арасында темекі мен ішімдікке әуестенушілер көбейіп барады, ғасыр індетіне айналған есірткі де етек алып барады. Президенттің бағдарламасында жастарға айырықша сынның айтылуы осындайдан туындайтын жағдайлар.Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулығын құртып оны уландыруға төзіммен қарау тиіс. Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын» деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрестің маңызын ашып айтқаны белгілі.«Жаман әдет жұқпалы аурулардай». Сол жаман әдет - қылықтарды бойымызға жұқтырмау үшін күресе білуіміз керек. Үнді халқының тамаша бір мақалы бар, «Жақсы мен жаманның айырмасы сиыр мен жыланның айырмасындай, бірі шөпті сүтке айналдырса, ал екіншісі шөпті уға айналдырады» деген. Темекі де дәл сондай улаушы.ІІ. Негізгі бөлім.Темекінің шығу тарихы, зияны туралы.1 - оқушы.Темекінің әу бастағы отаны Америка екені баршамызға аян. Темекі алқа тұқымдастарына жататын өсімдік. Темекі өсімдігін Еуропаға 1583 жылы Христофор Колумб әкелген. Темекі хош иісіне байланысты ең алғаш сәндік өсімдік ретінде аулаларда, саябақтарда өсірілді. Саяхатшылар темекі шеккен кезде бар нәрсені ұмытып, масаң сезім кешкендерін сезген. Сөйтіп темекі шегуді үндістерден үйренеді де, кейіннен бүкіл Еуропаға тарайды. Бұл күндері темекі жыл сайын сан мыңдаған адамдардың өмірін мерзімінен бұрын қиып түсетін аса қауіпті дертке айналды. Темекінің бір талында 1 мг никотин, 1, 5 мг аммиак, 15 мг шайыр, 20 мг көміртегі оксидтері, эфир майы, саниль қышқылы, азот болады. Темекі түтінінде күйенің миллиондаған бөлшектері болады. Күніне 20 тал темекі тартқан адам 20 жыл ішінде өкпесіне түтінмен бірге 6 кг күйе шөктіреді екен.2 - оқушы.Темекі түтінінде радиоактивті полонии бар екені анықталды. Оны темекі өсімдіктерінің тамырлары топырақтағы фосфатты тыңайтқыштардан алады. Темекі түтініндегі никотин болса, жүрек қан тамырларын тарылтады. Темекінің 1 талын тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды. Темекі құрамындағы ең зардабы ауыры никотин уы. Оның бұлай аталуына алғаш Францияға темекіні алып келген француздың Португалиядағы елшісі Жан Никоның есімі себеп болған.Темекі құрамындағы улы заттардың ағзаға тигізетін әсері, одан таралатын аурулар.3 - оқушы.Адам алғаш рет темекі тартқанда одан уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол - аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп қорғаныштық қасиеті нашарлайды. Оған микробтар оңай енеді, суық тиіп т. б. тез ауырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Өкпе, рак ауруларына шалдықтырады, өкпедегі рак ауруларының 97 пайызы шылым шегетіндер., газ алмасу бұзылады, өкпеде ауру туғызатын микробтарға, яғни туберкулез таяқшаларының көбеюіне жағдай туады.4 - оқушы.Темекі түтінінде радиоактивті заттар да болады. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3, 5 сәулеленуге ұшырайды. Әр темекіде 15 - ке жуық әр түрлі концерогендік заттар кездеседі. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1л қара май жинайды. Үнемі темекі тартқан адамның организмі үнемі никотинді қажет етіп тұрады.Статистикалық мәліметтер не дейді?5 - оқушы.Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80 %- ы темекі тартатындар, тартпайтындарға қарағанда тартатындар арасында ұйқы безінің қатерлі ісігімен ауыратындар 2 - 5 есе жоғары. 70 %- ға жуығы өлім - жітімге бейім болады.6 - оқушы.Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд адам темекі тартады. Темекі зардабынан адам күніне 10 мың немесе жылына 3, 5 млн адам қайтыс болады. Қазақстан Республикасында 3, 2 млн, яғни 33% адам темекі тартады, темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімінің 20%- ы. Қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің 30 %- ы, өкпе рагының 90 %- темекі зардабынан болады.Есіңізде сақтаңыз.7 - оқушы.Темекіде 0, 8%- 4% никотин болады.Салмағы 16 - 20 кг итке 1 тамшы никотин берсе сеспей қатады. Жылқыны сеспей қатыру үшін 7 - 8 тамшы никотин жеткілікті. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам бір жылда өкпесіне 1 қорап шайыр жинайды.Темекі тартқаннан кейін ең алдымен ауыратын мүше – жүрек.8 - оқушы.Күрк - күрк көк жөтел,Күркілдеген не жөтелЖасыңнан шексең темекі,Түбіңе сенің сол жетер.Түтінмен ыстап өкпеніНикотин уын төккеніЖүректің ұстап талмасыМишықтың құрғап кеткеніМүгедек ауру каллекіӨмірге қатер төнедіСалауатты өмір сүрейікШекпеңіз дейміз темекі.ІІІ. Қорытынды бөлім.1. Оқушылардың денсаулық туралы мақал - мәтел айтуы.2. Мұғалімнің қысқаша қорытындысы.
Тақырыбы: Дені саудың жаны сау.
Мақсаты:
«Қазақстан 2030» бағдарламасында көрсетілгендей әр
оқушының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу
үшін зиянды әдеттерден сақтану. Олардың денсаулыққа
зиянды екенін түсіндіру, гигена талаптарын сақтай
білетін тұлға тәрбиелеу
Пән аралық байланыс: биология . әдебиет , өзін-өзі тану
Көрнекілігі Қанатты сөздер.
Сабақтың түрі Сайыс түрінде
Кіріспе
Денсаулық ең қасиетті де, құнды, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазына.
Салауатты өмір салтының мақсаты--өмір сүрудің мағанасы терең екенін білдіруде Темекі ,ішімдік адамның қас жауы Бұл жолдан аулақ жүру керек. Барлық байлық денсаулық екендігіне сендердін көздеріңді жеткізу.
Олай болса тәуелсіз еліміздің келешегі сендерсіңдер,
«Денсаулық» тобы мен «Болашақ» тобын ортаға шақырамыз
Сайыс шарты
1 Таныстыру /әр топ өзін таныстырады , атына ,ұранына тоқталады/
2 «Салауаттылық-өмір салты» /жалпы денсаулыққа байланысты суреттің мағанасын ашу мақал мәтел кірістіріп/
3 «Денсаулығым байлығым» денсаулық тақырыбына өлең тақпақтар айту.
4 «Тазалық - саулық негізі» /шаш күтімі , тіс күтімі жайлы шығарма жазу /
5 «Тәні саудың жаны сау» / сұрақтарға жауап/
6. Не білдік? не үйрендік? /оқушылардың қорытындысы/
І Тобымыздың аты «Денсаулық» өйткені бүгінгі дені сау ұрпақ тәуелсіз еліміздің болашағы.
Топтың ұраны : «Денсаулығы ғаламның- денсаулығы баланың» біз үлкендерден үлгі алып, өсіп келе жатқан ұрпақпыз Тәуелсіз еліміздің 20 жылдығына сапалы білім саналы тәртіп, денсаулығы мықты оқушы болуға тырысамыз.
ІІ Тобымыздың аты «Болашақ» себебі денсаулық кепілі –ұқыптылық тазалық Біз спортпен шұғылдануды , жаман қылықтардан аулақ болуды қолдаймыз.
Топтың ұраны: «Еліміздің болашағы –дені сау азаматтың қолында»
Тәуелсіз еліміздің болашағы біздер, сондықтан да біз еліміздің салауатты ұрпағы болғымыз келеді.
ІІ Суреттің мағанасын мақал мәтелді қолдана отырып ашу.
1 Сақ жүрсең, сау жүресің
2 Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
3 Тыста ұзақ жүргенің –ұзақ өмір сүргенің
4 Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі
5 Елемеген ауру жаман ескермеген дау жаман.
6 Іздеп алған аурудың емі табылмас
ІІІ «Өнерім -алтын діңгегім» / денсаулық тақырыбына тақпақ/
ІҮ. «Тазалық – саулық негізі» / бірінші топтың тапсырмасы Шаш күтімі /
/ екінші топ Тіс күтудің жолдары /
Ү. «Тәні саудың- жаны сау» / сұрақ жауап/
1 Шылымның зияны тиетін мүше? / өкпе/
2 Салауатты өмір салты деген не? /Салауатты өмір салты – спортпен шүғылдану , күн тәртібін , жеке бас гигенасын сақтау жаман әдеттерден аулақ болу.
3 Денсаулыққа зиян келтіретін не? /Жеке бас тазалығын сақтамау , аз қозғалу. артық тамақтану/
4 Темекі құрамындағы улы зат ? / никотин/
5 Сара Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар? «Ұстаздан ұлағат»
6 Туберкулезге қарсы күрес күні? / 24 науырыз/
ҮІ Денсаулық туралы фильм көрсету.
Қазақтың ұлттық ойындары жөнінде түсінік беру./
ҮІІ Не білдім ? Не үйрендім ? /Топ қорытындысы/
«Денсаулық» тобы
Тәуелсіз елдің жастары
Бүгін міне тамаша іс бастады.
Салауатты өмір салтын қолдаймыз
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
«Болашақ» тобын
Бүгінгі тәрбие сағаты
Денсаулық жайлы сөз еткен
Көп нәрсені ұғып алдық
Кетпейтұғын мәңгі естен
Мұғалім :
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған Жақсыны көріп тыңдап , соған ұқсау керек Салмақты, сабырлы , білімді жат қылықтан аулақ болып өсе берейік.