Атмосфералы? ?ысым.Торричелли т?жірибесі.Барометр.Ашы? саба?
Сыныбы 7 Мерзімі: 18.02.16.
Сабақтың тақырыбы §40. Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр.
Мақсаты Атмосфералық қысымның пайда болу себебі, Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіндіру.
Физиканы объективтік шындық ретінде дүниетану тұрғысында түсінігін қалыптастыру.Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу, атмосфералық қысымның күнделікті өмірдегі маңызын, есеп шығаруда қолдана білуге үйрену.
Ойлау мәселені қойып шешуге ұмтылдыру, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту , ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер
А) Атмосфералық қысымның физикалық мағынасын біледі және түсіндіре алады.
В) Тұрмыста, техникада қысымның әрекетін ескеру жайлы мағлұмат алады ХБ жүйесінде өлшем бірліктерді айналдырады, мысалдар келтіреді, тәжірибеде қолдана алады.
С) Атмосфералық қысымның өмірде кездесетін жағдайларына мысалдар келтіріп, қолданылуына қарай маңызын талдап саралайды.
Керекті жабдықтар
7 сынып физика оқулығы, әдістемелік нұсқаулық, есептер жинағы, жеңілдетілген, кеңейтілген тапсырмалар, кері байланыс парағы, видеоролик, презентация, проектор.
Қолданылатын әдістер «Серпілген сауал» , «Ойлан,жұптас, бірік», Миға шабуыл, төмен және жоғары дәрежелі тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар.
Жұмыс түрі Топтық, жеке жұмыс
Пәнаралық байланыс - математика (дәрежерді есептеу, формуламен есептер шығару);- тарих (атмосфералық қысымның ашылу тарихы, Торричелли өміріндегі шындықтар);- биология (атмосфералық қысымның адам организміне әсері);- география (Жердің әртүрлі биіктігіндегі атмосфералық қысым).
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе1.Ұйымдастыру. Оқушыларды «Жорық картасымен» таныстыру. Сабақты бастамас бұрын сыныпты психологиялық дайындау. Әр оқушының таңдаған гүлдеріне байланысты олардың көңіл - күйлері сұралады
- оқушылармен амандасу;
- сыныпты түгендеу;
- кезекшілік қызметін қадағалау;
- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
- сыныпты топқа бөлу. (қызыл,сары,көк гүлдер арқылы)
Үй тапсырмасын тексеру. «Есте сақтау» айлағы әдісі арқылы тексеру
Бұл айлақта допты лақтыру ойыны бойынша үй тапсырмасы сұралады. (5мин)
Су құбыры деген не? Қандай түрлері бар? Маңызы туралы не айтасың?
Су құбырының жұмыс істеу принципі қандай?
Мұнаралық су құбырының жұмыс істеу принціпі неге негізделген?
Ежелгі су құбыры жайлы не білесіңдер?
Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
Қатынас ыдыстарды қандай өрнектер арқылы табамыз?
-мұғаліммен сәлемдеседі
-кезекшілік қызметін атқарады
- сабаққа зер салады.
Оқушылар гүлдерді таңдау арқылы топқа бөлінеді
Оқушылар допты қағып алу арқылы берілген сұрақтарға жауап береді
Тұсау кесер Сабақтың мақсатын қою: (2мин) Оқушыларға қарақшылар тапсырмасын қою.)
Жердің ауа қабаты қалай аталады?
Атмосфераның қандай қабаттарын білесіңдер?
Атмосфералық қысым дегеніміз не? (Қарақшылардың кедергісінен өтіп, келесі айлаққа жету үшін сабақты тыңғылықты меңгеру керектігін түсіндіру). Оқушылар өзара ақылдаса отырып, өз түсінгендерін айтады.
Негізгі бөлім
«Жаңа сабақ» айлағы (13 мин)
Атмосфералық қысым қалай пайда болады екен? Оқушылар өз түсінгенімен жауап бepeдi.Атмосфера бірнеше қабаттан турады. Ауырлық күшінің әрекетінен оның жоғарғы қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіредi. Атмосфера газ - сондықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады. Соның салдарынан жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.Мұғалім: Онда осы атмосфералық қысымға сүйене отырып жаңа бақылаған тәжірибелерді түсіндірейік. Стақандағы судың төгілмеген ceбeбi неде? Бірнеше оқушының жауаптарын тыңдағаннан кейін, қорытынды жауап шығарылады:1. Стакандағы суды жауып тұрған қағаз астынан төменнен жоғары қарай атмосфералық қысым әсер еткен. Судың қағазға түсіретін қысымынан атмосфералық қысым үлкен.2. Шыныға түскен жұмыртқаны қалай түсінуге болады.Жанған қағаз шыны ішіндегі ауаны қыздырады, қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бip қатар бөлігі сыртқа шығып кетеді. Шынының аузын жұмыртқамен жапқан кезде ондағы ауа суиды да қысым азаяды. Іштегі қысымнан сыртқы атмосфералық қысым артық болып жұмыртқа төмен қарай қозғалады.Бiз көптеген құбылыстарға атмосфералық қысым әсер ететініне көз жеткізуге болады.Практикалық жұмыс. Барлық оқушыларға бірдей медициналық шприцпен стакандағы суды сорғызып жоғары көтерілуін бақылату. Оқушылар өздері жауап береді.- Атмосфера су бетіне төмен қарай әрекет етеді. Паскаль заңы бойынша ол қысымды түтікке төменнен жоғары қарай жеткізеді. Суды поршеньмен ілecтipe көтеретін атмосфералық қысым.Атмосфералық қысымды сұйық бағанының ыдыс түбіне түсіретін қысымды есептеуге арналған формуламен есептеуге бола ма?- Болмайды, өйткені атмосфераның биіктігін және тығыздығын білy керек. Атмосферада анық шекара жоқ, ауа тығыздығы да әр түрлі биіктікте түрліше.Сондай бола тұрса да, атмосфералық қысымды XVII ғасырда итальян ғалымы Э. Торричелли ұсынған тәжірибенің көмегімен өлшеуге болады.
Мұғалім Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіндіру (слайд көрсету)Атмосфералық қысым ауа райына байланысты өзгеретінін де байқаған Торричелли болатын. Кейін Торричелли қондырғысы атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады. Атмосфералық қысымды сынап бағанның биіктігі бойынша есептейді.Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1 мм, сын. бағ алынады.1 мм. сын. бағ = 133, 3 Па = 1, 33 гПа.760мм. сын. бағ =105 Па=1 ат.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр (грекше барос- ауырлық, метрео-өлшеймін) деп аталады.
«Ескі жағалау» айлағы. (2мин)
(Оқушылар слайдта кеме гиперссылкасын басқанда Торричелли туралы мәліметпен танысады)
Торричелли Эванджелиста.(1608–1647). Италия физигі жєне математигі. Ол италияның солтүстігіндегі Фаэнцте туылған. 1627 жылы Римге көшіп келіп, Галилео Галилейдің досы жєне оқушысы болған Б. Кастеллидің жетекшілігімен математикамен айналысады. Галилейдің қозғалыс туралы еңбектерімен танысқан соң, ол “Қозғалыс туралы трактат” атты еңбегін жазады. 1641 жылы Арчетриге көшіп келіп, Галилейдің оқушысы әрі хатшысы болады, ал кейіннен Флорентия университетінде математика және философия кафедрасын Галилейден кейін меңгереді. Өздері танысқан бүгінгі тәжірибені 1643 жылы жасаған. Сынап бағанының биіктігі ауа райына байланысты өзгеретіндігін анықтайды жєне осы биіктікпен ауа ќысымын өлшеуге болады деген тұжырым жасайды. Ол жасаған осы құрал ең алғашқы сынапты барометр болды, қазіргі заманғы барометрлердің құрылымының Торричелли түтігінен еш айырмашылығы жоқ.
« Ойлан, жұптас, бірік» әдісі арқылы топтасып есептер шығарады
тапсырма.
Атмосфера тарапынан біздің денемізге әрекет ететін күштің мәнін есепте. (S=1м2)
Берілгені: Формуласы Шешуі:
Р=105Па
S=1м2 F=P·S F=105Н
т/к F-?
Су бак түбіне 105Па қысым түсіреді оның тығыздығы 1000кг/м3
Тең.Бактағы су бағанының биіктігі қандай?
Берілгені: формуласы шешуі:
р=105Па
=1000кг/м3 h=p/·g h=10м
g=10Н/кг
т/к h-? Жауабы: h=10м 2-тапсырма. Денгейлік тапсырмалар. ( Жақсы оқитын оқушыға)
Біз суды қалай ішеміз?Оған ойлануға болама? Әрине. Суды қалай ішеміз, ішімізге қалай сорып аламыз сұйықтықты . Оның себебі:сұйықты ішу кезінде өкпені кеңітеміз және осы арқылы ауаны аузымызға толтырамыз; сорылған ауаның қысымы арқылы сұйық қысым аз жерге еніп сорылып ішіледі.
Сонымен толығырақ айтқанда, біз тек аузымызбен ғана емес, өкпеменде ішеди екенбиз, өкпенің кеңеюі - сұйықтың ауызға енуіне себепші. «Логика жағалауы» (6 мин)
оқулықпен жұмыс
Бұл жағалауда оқушылар физикалық тәжірибені жасап тұрып, мәнін түсіндіреді
.
1-тапсырма. Cтақанды суға батырып, оны судың ішінде төңкеріңдер. Онан соң оны жайлап судан шығарыңдар. Сонда стақанның жиегі судың ішінде тұрғанда неге оның ішіндегі су төгілмейді? Жауабыңды түсіндір.
2-тапсырма. Стақанға су құйып, бетін бір парақ қағазбен жап. Қағазды қолмен жауып тұрып,стақанды қолмен төңкер. Егер қолды қағаздан тартып алсақ, стақандағы су төгілмейді. Неге? Тақырыпты окып, берілген мәтінмен танысады.
Тақырып бойынша анықтаманы, формуланы, өлшем бірлігін дәптерге жазып алады.
Әрбір оқушы өзіне берілген есепті шешеді, түсінбегендерін топпен талқылайды.
Әр топ өзара бір бірінің жұмысына баға беріп отырады.
Формативті бағалау жүргізіледі.
Әр топтан жоғары деңгейлі оқушы сұраққа жауап береді,әр топтан 1 оқушы шығып есеп шығарады
Оқушы ойланады, дұрыс шешімін айтады.
Әр топтан бір оқушы шығып есеп шығарады
Сұраққа жауап береді
Оқушылар өздеріне берілген құрал – жабдықтар арқылы тәжірибе жасап көрсетеді
Қоры тынды
Бекіту: «Сыйлық қоржыны»
1.Атмосфера сөзі кай тілден енген? Грек
2.Атмосфералык кысымды аныктаган галым? Торричелии
3. Атмосфералык кысымнын өлшем бірлігі неге тен? 1 мм.сын.бағ. 4. Атмосфералық кысымды өлшейтін кұрал калай аталады? Барометр 5. Ауа кабаты калай аталады? Атмосфера
6. Атмосфераның қабаттарына түсіретін кысым әсері кандай?
Жоғары қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіреді.
7.Торричелли тәжірибесі туралы не білесің?
Бағалау
Соымен оқушылар атмосфералық қысым туралы білім алдыңыздар. Бізде сабақ соңына келді. Енди мына сұраққа жауап беріңіздер: «Саған не ұнады? »
Мен бүгін білдім…
Қызық болды…
Қиын болды…
Мен түсіндім, …
Мен үйрендім…
Мені таңғалдырды…
Үй тапсырмасы §40. Торричеллидің өмірбаяны туралы эссе жазу.
Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық Қысымнан алған білімді Ұмытпай есте сақтайық
Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі
Бас бармақ – бүгін мен не үйрендім,не жасадым,неге қол жеткіздім.
Балан үйрек – көп жаңа нәрселер үйреніп,өз білімімді көрсеттім.
Ортан терек – Менің көңіл күйім
Шылдыр шүмек – бүгін мен кімге көмектесе алдым
Кішкене бөбек - қандай қиындық болды,оны жеңе алдым ба?
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылап сұрақтарға жауап беріп сыйлықтарын алады.
Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.
«Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап жазу арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Сабақ жоспары
Сыныбы 7 Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы §49-50-51 Беттік керілу,Жұғу.Қылтүтіктік құбылыстар
Мақсаты Жұғу және жұқпау құбылыстарына мысалдар арқылы түсіндіру және қылтүтіктік құбылыстар қандай жағдайларда байқалатындығын түсіндіру.
Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу,жұғу құбылыстарын күнделікті өмірдегі маңызын, есеп шығаруда қолдана білуге үйрену.
Ойлау мәселені қойып шешуге ұмтылдыру, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту , ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер
сұйықтың негізгі қасиеттері мен молекулалаық құрылымы арқылы өмірде байқалатын құбылыстарды ұғынады.
меңгерген білімдерін өмірде,тіршілікке қолдана білуге үйренеді,өз бетімен жұмыс істей алады ,логикалық ойлау,сөйлеу дағдысымен жетіледі.
Керекті жабдықтар
7 сынып физика оқулығы, әдістемелік нұсқаулық, есептер жинағы,кері байланыс парағы, видеоролик, презентация, проектор. үлестірмелі қағаз, сөзжұмбақ, дидактикалық материалдар. бағалау дөңгелекшелері (қызыл – 5, жасыл – 4, сары - 3)доп, карточка, қатты кардон,су.
Қолданылатын әдістер сұрақ – жауап, ой қозғау, ассосациялау, тірек-сызба,топтық,жұптық жұмыстар.Семантикалық карта,«кубизм» әдісі, «Бәйге», «Кім жылдам», «Иә және жоқ».«Бес саусақ» әдісі.
Жұмыс түрі Топтық, жеке жұмыс
Пәнаралық байланыс - математика, технология, ағылшын, сурет.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдас- тыру кезеңі
Үй тапсырмасы
А) оқушыларды түгендеу
ә) құрал-саймандарын дайындату
б) сабақққа назарын аудару.
Оқушыларды «Бәйге», «Кім жылдам», «Иә және жоқ» турлары арқылы сабақты ойын түрінде өткізу. 2. «Менің көршімнің жетістіктері» тренингі. 3. « Қайталау – оқу анасы ».
Семантикалық картамен жұмыс
1-4 , 2-6, 3-1, 4-7, 5-2, 6-10, 7-3, 8-5, 9-8, 10-9.
-мұғаліммен сәлемдеседі
-кезекшілік қызметін атқарады
- сабаққа зер салады.
Оқушылар гүлдерді таңдау арқылы топқа бөлінеді
Оқушылар семантикалық картаны толтырып жауаптарын тақтадан тексереді.
Негізгі бөлім Жаңа сабақ
Молекулалық күштердің сұйықтың ішіндегі М1 молекулаға түсірілген теңәрекетті күшінің орташа мәні нөлге жуық. Осы теңәрекетті күштің кездейсоқ ауытқулары М1 молекуланы сұйық ішінде тек хаосты түрде қозғалуға ғана мәжбүр ете алады. Сұйықтың беттік қабатында орналасқан М1 және М2молекулаларының жағдайы басқаша.
Сұйықтың бетінде орналасқан молекулалар оның ішіне тартылады да, олардың потенциалдық энергиясы сұйықтың ішіндегі молекулалардың потенциалдық энергиясынан артық болады. Сұйықтың беттік қабатындағы молекулалардың қосымша потенциалдық энергиясын еркін энергия деп атайды.
ΔW= σ∆S А= σ∆SСұйықтың еркін бетінің ауданы өзгергенде молекулалық күштер жұмысының сұйықтың тегіне және сыртқы шарттарға тәуелділігін сипаттайтын σ шамасы сұйықтың беттік керілу коэффициенті немесе беттік керілу деп аталады. σ шамасы сұйықтың еркін бетінің ауданы бір бірлікке өзгергенде молекулалық күштердің атқаратын жұмысымен өлшенеді.
σ=А∆Sσ беттік керілудің Sl жүйесіндегі өлшем бірлігі σ= 1 Дж /м2
Сұйық молекулаларының өзара әрекеттесуінен пайда болатын сұйықтың еркін бетінің ауданын кемітуді тудыратын және осы бетке жанама бойымен бағытталған Fк күш беттік керілу күші деп аталады.
Fк= σl σ=FklБеттік керілу коэффициенті сұйықтың еркін беті шекарасының бірлік ұзындығына әрекет ететін беттік керілу күшіне тең.
1 Дж/м2=1 Н/м
Сұйық бетінің ыдыс жиегінде майысатынын жіңішке түтіктерде жақсы бақылауға болады,өйткені осы жерде сұйықтың беті түгел майысады. Қимасы дөңгелек түтікте бұл бет сфераның бір бөлігі болады да, ол миниск деп аталады. ( грек менискос - айдың орағы, доғасы) Жұғатын сұйықтың минискісі ойыс та,жұқпайтын сұйықтың минискісі дөңес болады.
Менискі бетінің ауданы түтіктің ішкі қимасының ауданынан артық,сондықтан молекулалық күштердің әрекетінен сұйықтың майысқан беті жазылуға тырысады да,қосымша рлқысым тудырады.Бұл қысым жұғатын сұйық үшін (ойыс миниск) сұйықтың ішіне қарай бағытталған.Бұл қысымды анықтаған француз ғалымы П.Лапластың құрметіне лапластық қысым деп аталады.Сұйықтың радиусы R болғандықтан бұл қысым
рл=2σR h = 2 σρgR h = 2 σρgrІшкі даиметрі шаштың диаметрімен шамалас болатын түтіктерде судың көтерілуі біршама жоғары сондықтан мұндай түтіктерді капиллярлар деп атайды.(грекше капилярис – шаштай жіңішке) Жұғатын сұйықтар капиллярларда жоғары көтеріледі,жұқпайтын сұйықта төмен түседі.
Капиллярлық құбылыстар табиғатта және техникада кеңінен қолданылады. Өсімдіктер көптеген капилярлардан тұрады. Оқушылар өзара ақылдаса отырып, өз түсінгендерін айтады.
Тақырыпты окып, берілген мәтінмен танысады.
Тақырып бойынша анықтаманы, формуланы, өлшем бірлігін дәптерге жазып алады.
1-тапс/ма
2-тапс/ма
«Бәйге»
«Кім жылдам» есеп шығару
1. Қылтүтік бойымен спирт 50 мм биіктікке көтеріледі. Спирттің беттік керілу коэффициентті 0,015 Н/м. Спирттің тығыздығы қандай?
Бер: Шешуі: h = 2 σρgrh =50 мм=5·10-2м ρ=2 σρgrρ=2∙0,015 Н/м 10Нкг∙ 5·10-2м= 0,030,05= 0,6 кг/м3g= 10 Н/кг σ=0,015 Н/м Жауабы: ρ=0,6 кг/м3
т/к ρ-?2. Диаметрі 0,5 мм қылтүтік бойымен су 30,05 мм биіктікке көтерілді. Судың беттік керілуін анықтаңдар?
Бер: r=0,5 мм =0,005 м Шешуі: h = 2 σρgr g= 10 Н/кг h =30,05 мм =0,0350 мσ=2 hgr=2∙0.0350 м10Нкг∙ 0,005 м = т/к σ-? 0 ,07 м 0,05 =1,4Нм Жауабы: σ=1,4Нм 3. Глицерин қылтүтік бойымен 20 мм/ге көтерілді. Егер түтікше каналының радиусы 0,5 мм, ал глицериннің беттік керілуі 0,063 Н/м болса,ода глицериннің тығыздығы неге тең?
Бер: h =20 мм =0,002 м Шешуі: h = 2 σρgr σ= 0,063 Н/м r=0,5 мм =0,005 мρ=2 σghr=
g= 10 Н/кг 2 ∙0,063 Н/м10Нкг∙0,002 м∙0,005 м= 0,126 Н/м0,0001 Н/кг= 0,126 кг/м3 т/к: ρ-?
Жауабы: ρ= 0,126 кг/м
1.Астрономияда пайдаланылатын ең басты құрал? (Телескоп)
2. Күшіне сенген бір мықты, жығып салып сегізді,барайын қайда дегізді? (шексіздік)
3. Қандай санның кез – келген дәрежесі сол санның өзіне тең? (бір)
4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де алтыға тең,ол қандай сандар? (1,2,3)
5. 2 мен 5 тің арасына қандай таңба қойғанда, 2- ден үлкен 3-тен кіші сан шығады? (үтір 2,5)
6. Жасы 100-ге келген бір қария туған күнін 25 рет қана атап өткен. Себебі не? ( 29-ақпан) Әрбір оқушы өзіне берілген есепті шешеді, түсінбегендерін топпен талқылайды.
Әр топ өзара бір бірінің жұмысына баға беріп отырады.
Формативті бағалау жүргізіледі.
Оқушы ойланады, дұрыс шешімін айтады.
Әр топтан бір оқушы шығып есеп шығарады
Бәйге сайысында оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Қоры тынды
Жаңа сабақтарды «кубизм» әдісі бойынша бекіту сұрақтары
анықтама – қылтүтіктік құбылыстар дегеніміз не ?
термин сөз –капилляр сөзінің аудармасы ?
мысал – жұғу
формула – сұйықтың қылтүтіктік көтерілу биіктігінің формуласы.
суретті сөйлет 154-сурет.
неліктен – қайықтардың түбіне, темір жол шпалдарына неліктен шайыр (смола) жағады ? (желімдеу үшін)
Бағалау
Сонымен оқушылар Жұғу,Қылтүтіктік құб.р Беттік керілу туралы білім алдыңыздар.
Үй тапсырмасы §49-50-51 Беттік керілу, Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар.
Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі
Бас бармақ – бүгін мен не үйрендім,не жасадым,неге қол жеткіздім.
Балан үйрек – көп жаңа нәрселер үйреніп,өз білімімді көрсеттім.
Ортан терек – Менің көңіл күйім
Шылдыр шүмек – бүгін мен кімге көмектесе алдым
Кішкене бөбек - қандай қиындық болды,оны жеңе алдым ба? Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылап сұрақтарға жауап беріп сыйлықтарын алады.
Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.
«Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап жазу арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Семантикалық картамен жұмыс.
№ Сұрақ № Жауап
1 Су көлігі 1 Ватерсызықпен белгіленеді
2 Кеменің төменгі бөлігі батқан тереңдік 2 Қабықтан, аспалы жүйеден, адам отыратын орыннан тұрады.
3 Рұқсат етілетін шөгім кеменің корпусында қызыл сызық 3 Монгольфьерлер
4 Су көлігінің ішіндегі ең күрделісі 4 Энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі.
5 Ауа шары неден тұрады 5 дирижабль
6 Ауа шары ең алғаш қайда ұшырылды 6 Шөгім деп аталады
7 Ауа шарын кім ойлап тапты 7 Сүңгуір қайық
8 Ұшу аппаратының бір түрі 8 пропеллер
9 Дирижабль ненің көмегімен қозалады? 9 Кері ығыстырушы күш
10 Архимед қандай күш ? 10 Францияның Аноне деген қалашықта