Баяндама Отбасы мен балаба?ша ынтыма?тасты?ы
Тақырыбы: «Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы»
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын
бір шарт — жас күнде көрген өнеге.
Жүсіпбек Аймауытов
Қоғам үшін әр кезеңде , әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл — қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке , білімге құштар болып өсуі — ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата — ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. . отбасы — өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты — баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.
- еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне — өзі қызмет етуге үйрету.
- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым — қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .
- Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім — тәрбие беріледі.
« Баланы жастан », « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең.
Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде « Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез — құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба ? » деген сауал туады.