«Жалпыадамзатты? ??ндылы?тар – мектепті? т?тастай педагогикалы? ?дерісіні? негізі»
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
Мектеп:«Павлодар қаласының №20 лицей – мектебі»ММ
Мерзiм: 11.10.2016
Мұғалiм:Баильдинова Д.С.Тыңдаушылардың саны: _____
Тақырып:«Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»
Мақсаты:Жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани-адамгершілік білім берудің негізі туралы мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге бағыт беру.
Міндеттері:
Мұғалімдерге «Өзін – өзі тану» пәнін оқыту үдерісіндегі рухани – адамгершілік тәрбие беру барысында жанды және жансыз білім жайлы түсіндіру
Мұғалімдерге жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы түсінік беру.
Мұғалімдерді балаларға шапағат нұрын сыйлай білуге талпындыру, рухани дүниесін дамыту. Ресурстары: слайд,
баяу әуен, интербелсенді
тақта.
Жоспар
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу;
Мұғалімнің білім беру үдерісіндегі рөлі
Жанды және жансыз білім туралы түсінік беру.
Өзін- өзі тану мен басқа пәндерде ішкі интеграция жасаудың жолдары
Топпен ән айту
Соңғы тыныштық сәті
Тыныштық сәті. Нұрға бөлеу.
Сұрақтар:
Қандай күйде болдыңыздар?
Жаттығу қалай әсер етті?
«Хрустальная грусть» әуені
Дәйексөз
«Өзіңді-өзің тану-рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі».
С.А.Назарбаева Құндылық - объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.
Жалпыадамзаттық құндылық – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін шынымен маңызды, сөзсіз қажетті, қалаулы, өткінішті емес, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы бар құндылықтар.
Ақиқат –бұл өзгермейтін, өмірдің негізігі қағидасы
Дұрыс әрекет- бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар – ұждан дауысына сәйкес мінез құлық.
Сүйіспеншілік – бұл таза, риясыз махаббат
Ішкі тыныштық- ақылдың толықтай тынышталуы
Қиянат жасамау- ешкімге оймен,сөзбен,қиянат жасамау
Мұғалімдерге ең бастысы екі қасиет қажет: 1.Қарапайымдылығы, өз кемшіліктерін ұғыну үшін;2. Кемелденуге ұмтылыс.Мұғалімнің ережесі: 1.Бір істі, тапсырманы оқушыға берместен бұрын өзің Орында;2.Бірінші ережеге Қара
Педагогтың үш стиліАвторитарлық(өктем)мұғалім оқушыларға қатал болады. Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары ал оқушы төменгі сатыда болады.Либералдық педагогтар үшін ешқандай мақсат-мүдде болмайды, яғни тек қана дәрісін өткізсе болғаны. Гуманистік (ізгіліктік)бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді.
Жанды білім және жансыз білім“Балалар білімді аңсайды, бірақ олар жанды білімді аңсайды” Ш.Амонашвилли
Жансыз білім дегеніміз не?
Білуге міндетті емес деп ойлайтын білім
Айтылғаннан кейін ұмытылып кететін білім
Мектептін табалдырығын аттаған соң қолданыстан қалатын білім
Жансыз білім – аяққа байланған ауыр салмақ.
Жанды білім:
Адамды рухтандырады.
Ғылымның көкжиегіне бағыттайды.
Өмірді жаңаша қарауға жетелейді.
Іздену үшін ойларды шабыттандыраады.
Нұрландырады және дамытады
Мұғалімдердің өз ойларын сурет бойынша сұрастыру
Интеграция( латын тілінен аударғанда integratio – біріктіру, қалыпқа келтіру) бірін – бірі толықтыратын, бір – бірімен байланысты жеке ұғымдарды бір тұтас етіп біріктіру.
Сыртқы интеграция (өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік тәсілдерін қолдану)Ішкі интеграция (дүниетанымдық, мәнді, мағыналы)
1 мысал: Математика пәні
«Симметрия» грек сөзінен алынған, ол «гармония»сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.Симметрия әртүрлі болады. Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты фигуралар деп аталады.
Адамгершілік тұрғыда: Сіз барлық адамның денесі қалай орналасқан білесіздер. 2 көз, 2 құлақ, 2 қол, 2 аяқ, т. б. Адам сыртынан барынша кемелдене алмайды. Оның келбеті симметрия пропорциональді, гармония бар. Бірақ біз адам тек сыртқы сұлулығын көреміз.Сыртқы және ішкі сұлулық біркелкі болу керек. Адамның ішкі сұлулық неде? Дұрыс, яғни, көрінісі оның адамгершілік-рухани құндылықтар көрінісі. Сүйіспеншілік, ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық және қиянат жасамау.Бұл адамгершілік – рухани құндылықтар адам салынған немесе өмір барысында қалыптаскан.
Шығармашылық жұмыс:
Мұғалімдер 4-5 адамнан топқа бөлінеді. «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндермен интеграциялауға мысалдар келтіру (өздерінің қалаулары бойынша пән таңдайды). Келтірілген мысалдарды өз мысалдарыммен салыстырамын. Үй тапсырмасы: “Звездочки на земле фильмді көру”.
Топпен ән айту.
«Жақсы адамдар»
Әні мен сөзі: А. Оралов Баяу әуен қойылады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар. Рахмет!
Сау болыңыздар!!!!! № 20 лицей – мектебінің директор____________ Г.Т.Топанова
Өзін – өзі тану мұғалім_____________ Д.С.Баильдинова