Другие методич.материлыМаманды?ынды та?дай біл


Тақырыбы: «Мамандығынды таңдай біл»
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру.Өзін өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест,  дидактикалық ойындар, тренингтер.
Сабақ барысы:
 І.Ұйымдастыру кезеңі
 Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен  ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
 Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?» тренингін ойнайық. (Оқушыларға  интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелері көрсетіледі)
—          Бұл кім?
—          Мұғалім
—          Кітапханашы
—          Наубайшы
—          Заңгерлер
—          Шекарашылар
—          Футболшылар
—          Әртістер
—          Суретшілер
—          Күзетшілер
—          Құрылысшылар , т.б.
—          Сіздер қалай ойлайсыңдар,  бұларды не біріктіреді? Жалпы түрде қалай айтуға болады?
—          Мамандық
—          Дұрыс айтасыңдар. Олай болса  ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен мамандық әлеміндемін» Тақтаға назар аударайық.
ІІ. Негізгі бөлім:
«Ми шабуылы» — ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? (Кластер әдісі арқылы). Әр топ өз ойын өрбітіп интер белсенді тақтада жауабын көрсетеді:
 «Мамандық» сөзіне  анықтама беру.
      Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
    Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
      Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет.
Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:
n  Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептерБұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
n  Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.
n  Жоғары кәсіптік білім:  ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.
«Қол мидың жалғасы». Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа  алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен  шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп,  әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы  жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.
Жауап.
1 Егер алақан  сызығыңызда  бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.
 2. О нүктесі  мен сұқ саусақ  нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы  әскери қабілетіңіз мол.
  3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы,  саясаткер болуға бейімсіз.
 4.  Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер  болуға қабілеттісіз.
 5 .Шынашақ  сызығы үлкенірек  болса,  сіз-дәрігерлік, шипагерлікке  бейімсіз.
Мұғалім:
Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланыстыОтбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға боладыҚартайғанда да мамандық таңдауға боладыЖақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керекАқша болса, мамандық қажет емесМамандық таңдауда психологтің  көмегі қажет
Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды
Мамандық таңдау – күн көріс қамы
3. «Ең жақсы» ойыны.Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.Ең тәтті-аспазшы, кондитер.Ең күлкілі- клоун, карикатурашы.Ең жауапты- сот, бухгалтер.Ең салмақты-мұғалім,заңгер.Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесменСлайд 12
Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану:
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады
Зигзаг.  Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ  шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
 Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
 Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
Әр топ өз жауап нұсқаларын береді.
Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды.
Тренинг “Сиқырлы қарындаш”:  Менің қолымдағы сиқырлы қарындаш кімнің қолына түссе, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы және кемшіліктері туралы әңгімелеп беруі тиіс.
Талдау:      Осы күннен не алдыңыз?
Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»
егеменді еліміздің ертеңі — маман  иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Құмжарған орта мектебі
Тақырыбы: «Мамандығынды таңдай біл»

Өткізген: Есбосинова А.К.
2017 -2018 оқу жылы