9-сынып Абай ж?не ?ара с?здері
Ақмола облысы,Степногорск қаласы
А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Балтаев Нурлан Кенбайұлы
Сабақтың тақырыбы: «Абай және оның он жетінші қарасөзі»Сабақтың мақсаты:
Абай шығармашылығына қорытынды жасай отырып, тіл байлығын молайтып, адами қасиеттерді оқушылардың бойына сіңіру;а) білімділік: Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына тоқтала кету, Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақынның ғылыми - философиялық ойын ашып түсіндіру, қайратты ақылға, ақылды жүрекке жеңдіруге дағдыландыру;ә) дамытушылық: көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып - түйгендері жайлы ой қорыта білуге дағдыландыру, тіл байлығын дамыту;б) тәрбиелік: Абай еңбектері арқылы адамгершілік, имандылық, адалдыққа баулу, ғылым - білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: қорытынды сабақСабақтың әдісі: сын - тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша түрлі стратегияларКөрнекілігі: слайдтар, ақын портретіЭпирграфты оқып, талдау;«Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»- Бұл кімнің сөзі? Осы өлең жолдары арқылы не айтқысы келген?- Тағы да қазақтың бетке ұстар ұлыларын білесіңдер?Ой толғау
«Күн шұғыласы».Ақын. Абай. Абай шығармалары.Түсініктер бойынша ассосация құру.Абай Құнанбайұлы.- Өткен сабақтарда Ұлы Абайдың көптеген шығармаларын оқыдық. Оның қандай шығармалары бар екен? Соларға тоқтала кетсек.(- Осы әр тақырыпқа арналған өлеңдерін оқушылар оқып шығады.)- Соңғы сабақта біз Абайдың он жетінші қарасөзімен танысып, талдаған едік. Ең алдымен, осы мәтінде кездескен кейбір сөздердің мағынасын ажыратып алсақ.Жүгіну – бас ұруКәмелет – ой тоқтатқан кезҒибадат – құлшылық ету (діни наным)Абұйыр - ар - намысМансап – атақ, даңқНәфсі – қалауАхирет – о дүниеДөңбекшітетұғын – ойландыратынБерік ұстау - бір сөзділікҚырына жүру – айтқанына көну, еруТабанының топырағы көз сүртерлік - қасиетті
Осы қарасөздерінің ішіндегі 17 қарасөзіне тоқталамыз.1. 17 қарасөз не туралы?2. Қарасөздегі негізгі кейіпкерлер кімдер?3. Ақын бұл шығарма арқылы не айтқысы келген?4. Абайдың айтқанымен өзің келісер ме едің?Ой қозғауСемантикалық картаҮзіндіҚАЙРАТЖҮРЕКАҚЫЛБекіту3 топқа бөлініп шағын эссе жазу1 - топ. “Ақыл”2 - топ. “Қайрат”3 - топ. “Жүрек”ҚорытуINSERTЗат есім: ҚайратСын есім: күшті, жігерліЕтістік: ерінбейді, жалықпайды, тынбайдыСиноним: күш, жігер, қуат, ерікСезіну: Адамның өзіне деген сенімін оятады.Зат есім: АқылСын есім: ойлы, табандыЕтістік: ойлайды, кеңеседі, дұрыстайдыСиноним: ой, сезім, түйсік, шабытСезіну: Онсыз адам жол таба алмайдыЗат есім: ЖүрекСын есім: жылы, рақымшылЕтістік: соғады, лүпілдейді, дірілдейдіСиноним: сезім, махаббат, жылылық, өмірСезіну: Адам денесінің негізгі тіршілік көзі.Үйге тапсырма«Абай және мен» тақырыбына шығарма жазу.