Географиялы? кеш «М??а?али жырларында?ы таби?ат лирикасы»


Тақырыбы : ”Мұқағали жырларындағы табиғат лирикасы”
Мақсаты:Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат алу, өлеңдерімен таныстыру,өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы оқушының жүрегін сезімін ояту және әндерін нақышына келтіре орындату.
 Тәрбиелік  мәні: Ақынның өлеңдерін оқыту барысында Отанды, елді, туған жерді, өз дінін, өз тілін сүюге,адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ақынның портреті, бүктемелер, қанатты сөздер,кітап көрмесі,слайдтар.
1ж : Құрметті ұстаздар, оқушылар! Жыр дүлдүлі, “Қазақ поэзиясының Хантәңірі” атанған ақиық ақын М.Мақатаевтың табиғат тақырыбында жырлаған өлеңдерін топтастыру мақсатында ұйымдастырылып отырған : ”Мұқағали жырларындағы табиғат лирикасы” атты кешімізге қош келдіңіздер!
2ж:
 Көзінің тірісінде –ақ поэзия әлемін дүр сілкіндірген өзіндік құбылыс иесі-Мұқағали Мақатаев өлеңдері бұл күндері бүкіл  қазақтың арасында жатқа айтылып,әнге   айналып кетті. Иә, ол рас Мұқағалидың әнін білмейтін, өлеңін жатқа оқымайтын пенде жоқ шығар сірә.
1ж: «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп жырлағанындай ақиық ақын биыл 82 жаста. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқырай бермек. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық.  
2ж:  Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
            Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
            Абай болып табынсам бір кісіге,
            Абай болып түңілем бір кісіден.
                     Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,
                     Мендағы өлең жазбаймын ермек үшін.
                     Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
                    Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,-
деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезіммен қабылдап, өзі поэзиясында Абай салған соқпақ жолды жалғастырған Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді.Қазақтың қарапайым қара өлеңінің құпиясын ашу тау тұлғалы ақынның табиғи талантының  құдіретінен болса керек. Сондықтан біз Мұқағали ақынды Хантәңірінің мұзбалағы , талантты тұлға деп айтсақ артық етпес. Енді бір сәт оның өміріне кезек берейік.
Оқушылар ақынның өмірбаянымен таныстырып өтеді.Слайдтар арқылы көрсетіледі.
1ж:  М.Мақатаев 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. 
Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. 
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. 
1ж: Заманымыздың бірегей ақыны Мұқағали Мақатаев жырларына үңілгенде ұлттық поэзияға тән басты ерекшелік – табиғат пен адам болмысын тұтастырған поэтикалық өрнекті көреміз. Табиғатпен тұтастық Мұқағали даналығының ажырамас бөлшегі, әрі адастырмас өлшемі. Ол өзінің поэзиялық күшін туған жер табиғатынан алады, өзінің сөзін де соған арнады. Мұқағали жырларын табиғат әлемі, жырға айналған жыл мезгілдері деп топтауға болады. Оның  көңіл –күй сезімі табиғат мезгілдерімен үндесіп жатады.Ендеше табиғат туралы жазған өлеңдеріне кезек берейік. ”
Жанаргүл «Ей табиғат»
Әділет : «Ақ гүл», «Ай» .Илам: «Қыстың күні»,Қырмызы: «Көктем», Демежан: «Түнгі табиғат», Арай «Сап-сары жапырақтар»,Нүргүл : «Сарыала қаздар»,Жансая: «Қайырлы таң» Айғаным: «Қош болыңдар аққулар», «Қайырлы түн» т.б өлеңі
Ән: «Жас қайың» орындайтын 8- сынып оқушысы Жылқайдарова Раушан.
2ж:
Мұқағалиды оқып отырып, толқымау, тебіренбеу, еміренбеу мүмкін емес. Ол тау болып күрсінеді, дала болып толғанады, өзен болып өксиді, бұлақ болып еркелейді, кейде тіпті, шектеулі тіршіліктің шеңберіне сыймай құлазыған шақтарында самұрықтың қанатынан ұстап, көкке де самғап кеткісі келеді. Алабұртқан көңілі шартарапты шарлап алқынады, мұңға батқан асау жүрегі түпсіз дүние сырын толғап, әр қияға талпынады
Мұқағали Мақатаев тек тау суретінің өзіне бір шоғыр өлең бағыштаған: "Хан-тәңірі", "Жігіттер, дем алайық тауға барып", "Біздің таулар кемедей шұбатылған", "Мен таулықпын", "Таудай болғым келеді", "Тауда өстім", "Тау бір аңыз", "Түсіме тау кіреді " т.б.
Айсана: «Мен таулықпын», Дидара «Тау бір аңыз»
.1ж: Поэзия әлемінде «туған жер» туралы ән де өлеңде аз емес соның ішінде Мұқағали Мақатаевтың туған жерге арнап жазған өлеңдерінде өзгеше жылу, сыршылдық, жан жүйені шымырлатар қасиет бар. Қай қайсымыз болсақ та толқи, тебірене әндеткіміз кеп тұрады .
Келесі кезекті М.Мақатаевтың «Отан» «Туған жер» туралы өлеңдеріне кезек берелік:
Әділбек: «Қайран , Қарасазым-ай! »,
Диана: “Қара саз”
Нұрзия: ”Туған жер”
Айсана: ”Үш бақытым”, Нұргүл: «Қазақстан», Жанерке: «Отан туралы»,Ақторғын «Қазақ жері», Ақмарал: «Отан»
М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Күрек күз» әнінің ырғағындағы биді қабыл алыңыздар
2ж:М.Мақатаев Қазақстанның әсем табиғат нысандарына арнап бір шоғыр жыр жазды . Отанымыздың ең биік нүктесі «Хантәңірі шыңына» арнап «Хантәңірі»,сонымен бірге Қазақстанның ең сұлу жері Көкшетауға арнап «О, ғажап өзіңбісің көкше деген»,ата-бабамыз құтты жер санайтын Сарыарқада орналасқан отын базасы Қарағанды көмір алабына арнап «Армысың аты әйгілі Қарағандым!», және ару қала Алматыға арнап «Алматы түні» т.б жырларын жазды.

2ж: М.Мақатаевтың сөзіне жазылған ән: «Саржайлау» хор
1ж: Сырым да – осы,
Жырым да – осы,
Алдыңда.
Байқашы бір
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда – деп ,бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев ұрпақтарына ұлан- ғайыр мұра қалдырып кетті .ендігі кезекте ақынның «Біздерді жоқтай тұғын жан болса, егер
Шаң басқан архивтерден табылармыз »деп жырлағанындай ақынның архивте сақталған өз дауысын тыңдайық.
(Өз дауысын тыңдату)
2ж : Мұқағали Мақатаевтың қаламынан “Райымбек,Райымбек”,“Ару ана”, “Аққулар
ұйықтағанда”, “Ильич”, “Бала шақтан болашаққа” тақырыбындағы поэмалары жарық көрді .
1-жүргізуші: Мұқағалидың “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын оқыған жазушы Ғабит Мүсірепов ақынға қатты риза болып, алтын қаламсабын  сыйлаған екен.
”Аққулар ұйықтағанда”поэмасынан көрініс .
Автор:
Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындайҚалай біткен мына көл тау басына?!
Мөлдірейді,қарайды қарға, шыңғаЖалғыздықтан  жамандық бар ма, сірә.
Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?
Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?
Қанша шырша өсті екен, құлады екен,
«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?
«Жетім көлден»су ішкен қанша марал,
Қанша киік қалды екен сай ‐салада?
Қанатынан үзіліп ән‐самала,
Қаншама аққу кетті екен–аңсаған ән?
 
Бала жатыр төсекте, албыраған,
Әке жатыр еденде, қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, қос жанарыШарасыздан шаршаған, жаудыраған.
Түні мынау тамыздың маужыраған,
Тауы анау шымылдық салбыраған.
Бала жытыр төсекте күйіп‐жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып.
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойларМиын қарып барады, миын қарып.
 Ана:
«Мана,  күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.....
–       Аққуменен баланы аластаңдар,–
Деді дағы жәйімен жөнеп кетті......»
–       Тұрсайшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзіҰмытылып кетті ме санатыңнан?
.....Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз, ол да адаиға бола туған.
 Әке:
–       Апыр‐ ай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған,
Оқ атам қасиетке қалай ғана?!
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!
 Автор:
Адуынды жан екен алған жары:
 Ана:
–       Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі!
 
Автор:
Қасқа таң.
Бұлбұл үні.
Көл бетіндеАққулар ұйықтап жатыр тербетіле.
Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,
Таңданып тәкаппар құс келбетіне.
Шошымай шолжаң өскен батырларың,
Ана отыр шыршаға жақындады.
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуғаБілмей қалды мылтықтың атылғанынКөздің алды көк түтін, ақыл жарымБілмей отыр жаңағы тыныштықтыңСүт ұйыған тегешін сапырғанын!....Автор:
«Жетім көлдің» басында жылқы жатқан,
Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан:
 Шал:
«....Апыр‐ай, бұл кім болды таңсәрідеКөргенсіз көл басында мылтық атқан?!
Құстардың зәре‐құтын шырқыратқан,
Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!
Мылтықты атарлықтай көлге келіп,
Апыр‐ай, жоқ еді ғой елде желік...»
 
Автор:
Алыс тұрып, ақырды қыр басынан:
 
Шал:
«Берекесін бұл жердің кім қашырған?...»
–       Ей!
Кімсің?
Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?!
Тастағын қаруынды, келгін бері,
Келгін бері, кеудеңде жаның барда!
 Автор:
...Байғұс әйел үн‐түнсіз жылап тұрды,
Қарттың үні мең‐зең ғып құлаққа ұрды.
Қолындағы мылтығын құлаштап кеп,
Бөгелмей, «Жетім көлге» лақтырды.
Қартқа қарай ақырын аяңдады,
Қарусызға қарт келді, аянбады...Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп,
Болған жәйтті келіні баяндады.
 Шал:
–       Әй, балам!...Болмады ғой, болмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!...
Мін атқа, қайт ауылға, тағат қыл да,
...Білмеймін,сор аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?
 Ана:
–       Әлек боп, арпалысып сор‐қайғыменЖоқ, ата, жасамадым оңдайды мен...
Жасымнан естігенім бар‐тын еді,
Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...
 Шал:
–       Солай, солай...
Аманат бір Құдайға...
Қай‐қайдағы түседі құрғыр ойға...
...Ат басынан шұғыл бұрып, тайып тұрды,
Қарт тастап нелер сұмдық сырды бойға.
 Автор:
...Абыр ‐сабыр, үй маңы дүрбелең‐діАлғаш ана абыржып, білмеген ‐діАт үстінен түсе алмай қатып қалдыМелшиіп, білмей тіл мен үн дегенді,
Білмейді, қайда келді, кімге келді.
 Ақ төсек–аппақ айдын, аққу–бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?
 Ана:
«...Мына жатқан «Жетім көл», мына аққудыӨз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ!
Мен емес...
Мен атпадым...
Кеше гөр, кешіре гөр, Жаратқаным?!»
 Автор:
Күледі, бірде жылап зарланады,
Көкке қарап, бекерге қарманады,
Бірде үнсіз, мелшиіп тың тыңдайды,
Құлағында аққудың арман әніАлдымен жұрт үн‐түнсіз таңданады,
Қыбыр‐сыбырартынан жалғанады....
Бірде ана көкке жайды алақанын:
 Ана:
–       Қазір, ботам...
Мінеки, таң атады...
Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...
Жазыласың құлыным... балапаным!
 Автор:
...Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,
Жерді аңсаймын...
Жалғыз‐ақ сол – арманым.
Қиын екен қимасың екі бірдейКөз алдыңда ғайып боп жоғалғаны...
 
Орында екен «Жетім көл», жоғалмапты,
Ортаймапты немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз 
Қасиетті аққулар оралмапты.
 
   1ж:   Жазылар естеліктер мен туралы,
          Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
          Біреулер  тұлпар еді деуі де мүмкін,
          Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
    Иә, естеліктер де жазылуда, зерттеулер, пікірлер, дастандар жазылып, лебіздер де айтылуда. Ақынға халық болып баға берді.
2-жүргізуші: 2000 жылы  кештеу болса  асыл ақынның жырлары өз бағасын алды. Көзі тірісінде ресми билік тарапынан тиісті бағасы  берілмей келген ақынға “Аманат” атты жыр жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл- бүкіл қазақ халқы үшін үлкен қуаныш болды.

   Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бірақ көтерген Мұқағали есімі қашан да биіктен көрінеді деген ойдамыз Мұқағали поэзиясы әрбір адамның, әрбір оқушының жүрегінен жол табады. Ақынның өлеңдері ешқашан өлмейді, мәңгі жасайды.Ақын әр жүрекке сәуле түсірер жырларымен ғана мәңгілік емес, өз ұрпағымен де мәңгілік. Ендеше соны жалғастыратын ұрпақ сендерсіңдер құрметті оқушылар! Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай береді деп ойлаймыз. Сондықтан қазір біз ақын сөзіне жазылған “Есіңе мені алғайсың”әнімен әдеби кешімізді аяқтайық. Мұқағали сияқты жас ақындарымыз көп болсын!
 Ән:”Есіңе мені алғайсың” орындайтын 4- сынып Ақторғын