Саба?ты? та?ырыбы: Ілияс Жанс?гіров «К?кшетау»


Күні:15.04.2016 Бекітемін:
Класс жетекшісіБаймаханова Амангул Жанибековна
Пәні:әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»Мақсаты: Білімділік: Көкшетау өлеңінде суреттелген таудың әсемдігін, көркемдігін, ақынға шабыт берген қасиетін сезіне білуге талпындыру.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби тіл байлығын дамыту.Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру.Көрнекіліктер: І. Жансүгіров портреті. Көкшетау суреті. Плакатқа жазылған ереже. І. Жансүгіров кітаптары көрмесі. Слайд «Көкшетау көріністері»Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық
Неткен байтақ,неткен ұлы жер едің!
Нендей күйге жүрегімді бөледің!
Сенде тудым,сенде өстім,сенде өлсем,
Арманым жоқ дүниеде,- дер едім.Үй тапсырмасы: мазмұнын сұрауҮй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
-Егер Жеңіс машинаға ескерту жасамағанда не болар еді деп ойлайсың?
-Әңгімені өз ойыңмен аяқта.
-Берілген мәтінге жоспар құр,ретімен жаз.Жаңа сабақ:
Үлкен, үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.  ТауТопқа бөліну:Бурабай,Оқжетпес,Жұмбақтас.
Бүгін біз туған жерін айшықты жырларымен жырлаған қазақтың ұлы ақыны Ілияс Жансүгіровтың Көкшетау өлеңімен танысамыз.Автор туралы видеоролик көрсетіледі
Ғаламтордан ізденуӘуелгі автор туралы бірер сөз. 1894 жылы қазіргі Алматы обылысы Ақсу ауданында туған. Қазақ халқының дүлдүл ақыны. Балаларға да арнап шығарған өлеңдері жинақ болып шыққан «Өтірік», «Малта», «Балаларға базарлық», «Мектеп» атты т. б. кітаптары бар. І. Жансүгіровтың өлең - жырларын тыңдап өскен бала туған жерін, өскен ортасын, ата - анасын сыйлап өсері сөзсіз.Көкшетау таудың аты. Солтүстік Қазақстанда Көкшетау қаласы да бар. Табиғаты сұлу, Көкшетаудың саясында сексен көл бар, әрқайсысы бейне бір төңкерулі кесе сияқты, дөңгеленіп жатады.Ақын ретінде Ілияс шығармаларының шоқтықты шыңы- оның поэмалары. Оның қаламынан туған «Күй», «Күйші», «Дала», «Құлагер» сияқты 15-ке жуық поэмалары қазақ поэзиясының інжу маржаны болып табылады.Көкшетау өлеңін тыңдатуМұғалім: «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқып беру
-Топтап оқыту
-Жұппен оқыту
-Дара оқыту
Сөздік жұмысы. Малта тас – теңіз толқыны, су ағынымен мұжылып, жұмырланып қалған майда тас.Маржан – ашық қызыл, қызғылт не ақ түсті тас.Ақық – әшекей үшін пайдаланылатын, түсі ақшыл бағалы тас.Меруерт – әсемдік, сәндік үшін қолданылатын қымбат бағалы асыл тас.-Таудың биіктігін Оқжетпес шыңын суреттеу арқылы сипаттаған.Аңызды айту
Бұдан жүз жыл бұрын ба, әлде мың жыл бұрын ба, кім біледі, Арқаның Көкшетауының бауырындағы бір алаңқыда әрі батыр, әрі асқан аңшы бір кісі мекендепті. Кәсібі бүркіт салып, аң аулау болыпты. Ол кезде Көкшеге ауып келген «Оралдың ақ иығы» атты орасан күшті бүркіттер мекендейді екен. Батыр аңшы бір күні аң аулап келе жатып, қазіргі «Оқжетпес» аталатын, бейне алып күшті дәу қолмен текшелеп үйіп қойғандай үшкір найзаланған биік тас таудың шың басына бір бүркіт адам тәрізді жәндікті бүріп қона бергенін көріп қалыпты. Сол арада: «Апырмай, мұның жемі адам тәрізді ғой», - деп ойлайды да, жалма-жан садағын ала салып, бүркітті көздеп тартып жіберіпті. Зулаған оқ үшкір таудың ортасынан аса, көзделген шың тасқа жетпей жерге түсіпті. Құтқара алмайтынын сезген батыр аңшы көңіліне жаман ой түсіп, дереу үйіне жүгіріп келсе, әйелі зарлап жылап отыр екен. Жаңағы бүркіттің бүрген жемі батыр аңшының жалғыз баласы екен. Ашына күйінген батыр аңшы: «Ең болмаса, қызымның сүйегін көмейін» деген оймен «Құлап өлсем, жаным артық па», - деп тәуекелге бел байлап, құс болмаса бұрын адам шықпаған найза тауға шығып, қызының сүйегін алып, түбіне жерлепті. Ал тас тауға «Оқжетпес» деп ат қойған екен.  
Сұрақтар:
Ақынға өлең жазу үшін не керек?
Ақынның шабытына дем берген не деп ойлайсың? таудың әсемдігі, көркемдігі.
Ілияс Жансүгіровтің «Көкшетау» атты өлеңінде не жайлы әңгімеленеді деп ойлайсың?
Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?
Ақын тауды кімге теңейді?
Қазақстандағы табиғаты көркем, курортты жерлер бар ма?
Көкшетау дегенде көздеріңе не елестер еді?
Көкшетауды өз көзімен көргендерің бар ма? 
Осы кезде Нұр өз шығармасын оқиды.
Сергіту сәтіӘли мен Ая Шығармашылық жұмыс
1-топ
Көк орман,көркем тоғай маужыраған,
Сұлудың көзiндей көл жаудыраған.
Малта тас,маржан ақық,мерует тас
Төгiлiп көк жиекке саудыраған.
-Осы шумақтағы орманның,тоғайдың айрықша сипатын анықтау үшін қолданылып тұрған сөздерді тап.
-көк»,«көркем» сөздері.
Бiр нәрсенi көптен айырып,көзге көбiрек түсерлiктей етiп айту үшiн ол нәрсенiң атына көркейтетiн,айқындайтын сөздерді  бейнелi сөз деп атаймыз.
2-топ:
Екінші шумақта ақын көлді кімге теңейді? 
Сұлу қыздың көзiне теңейдi.Сөйтiп көлдiң әсемдiгiн көз алдыңа елестетедi.Белгiсiздеу нәрсенi белгiлi нәрсеге,белгiсiздеу сипатты белгiлi сипатқа балап,көрнектеп,ашығырақ көрсету үшiн қолданылатын бейнелi сөз теңеу деп аталады.
Теңеу көбiнесе –дай,-дей,-тай,-тей жұрнақтары арқылы немесе бейне,тәрiздi деген сөздер арқылы жасалады.
(Мысалы:сұлу-дай шолпысы сылдырлаған, бұлақ-тай таудан төмен сылдырлаған, бала-дай бал-бұлақтар былдырлаған т.б )
3-топ:
Көкшетау жер жаннаты жерге біткен,
Бұл сұлу кең далада бойын күткен.
Жомарт тау дастарқанды,момақан тау,
Шипа тау тазартатын барлық дерттен....
-Өлеңнің соңғы шумағында сұлу қыздай бойын күткен, жомарт тау, дастарқанды, момақан тау ,шипа тау дегенді қалай түсінесіңдер? Қойнауында небір пайдалы тастары бар, орман - тоғайлары аң мен құсқа толы, ауасы шипалы, дертке дауа дейді.Қорытынды:
Ойлаудың алты қалпағы арқылы сабақты қорытындылаймын.
Бағалау
Критериалды бағалау
Талпынды Жетті
Суммативті бағалау
Үйге тапсырма:
Өлеңді мәнерлеп оқып,көркем тілмен әңгімелеу.