8 сынып?а арнал?ан факультативтік курсты? жоспары


8 сыныпқа арналған факультативтік курс
Түсінік хат
«Елтану» курсының бағдарламасы оқушылардың ағылшын тілі пәнінен сабақта алған білімдерін тереңдету, ой-өрісін кеңейту, тілін оқып жатқан елдің және Қазақстанның мәдени өмірін, білім беру жүйесін, географиялық жағдайын тереңірек таныстыруды көздейді. Бағдарлама оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын байытып, басқа елдің тілін құрметтеуге тәрбиелейді.
Курс 34 сағатқа есептелген.
Оқыту процесінде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі:
- ағылшын тілінде лекциялық және практикалық сабақтар;
- оқушылардың өз бетімен жұмысы;
- рефераттар, баяндамалар
- қосымша материал ретінде оқушылардың өз бетімен әдеби кітаптардан, газет-журналдардан мағлұматтарды таңдап, жинауы және альбом, тірек-схемалар, кестелер, кітапшалар жасауы;
- пысықтау, талқылау, бақылау сабақтары

Курстың мақсаты мен міндеттері:
Білімділігі: сабақта өтілген бағдарламалық материалға қосымша оқушылардың білім-біліктерін арттыру, сөздік қорын байыту.
Танымдылығы: мәліметтермен танысып, Ұлыбритания мен Қазақстанның мәдениеті, тарихы, мейрамдары мен білім беру жүйесі туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларды өз бетімен іздену,білімдерін көтеруге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз Отанын сүйе білуге, сол арқылы өзге елдерге, халықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
- бағдарламаға сәйкес оқушылардың білім-біліктері артады, сөздік қоры байиды;
- Ұлыбритания мен Қазақстанның мәдениеті, тарихы, мейрамдары мен білім беру жүйесі туралы білімдері дамиды;
- оқушылырдың тіл байлығы кеңейеді, грамматикалық, фонетикалық білімі жетіледі,ауызекі сөйлеу мәдениеті дамиды;
- коммуникативтік құзыреттіліктері дамиды;
- ақпараттық құзыреттілікті меңгереді.
8 сыныпқа арналған факультативтік
курстың жоспары
Тақырыптары Сағат саны күні
1 The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland
3 2 The land of Great Britain, its geography
2 3 London, Sights of London
3 4 British Holidays
3 5 Education in Great Britain
4 6 Control testing 1 7 Kazakhstan is our Motherland
3 8 The Independence Day of Kazakhstan
2 9 Astana is the capital of Kazakhstan
3 10 Sights of Kazakhstan
2 11 Holidays in Kazakhstan
3 12 Education in Kazakhstan 4 13 Control testing 1 Қосымша қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2006ж.
Мектептегі шет тілі. №2-2011, №5-2009, №6-2012, №6-2011
29 монологов и диалогов на английском языке. (Ю.Л.Минаев)
Интернет жүйесі